Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Мыбатырова апай

.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
64.13 Кб
Скачать

Екіншіден, мемлекет өндірістік құралдарды иелене отырып, қоршаған ортаны тазартуға байлаңысты әрекеттер жасамай, тек байып отырды, ол экологияға кауіп төндіретін жерлерде тиісті кәсіпорындарды жаппады. Мемлекетке емес, адамға, ол өмір сүретін, жұмыс істейтін қоршаған ортаға зиян келтірілді және де келтіріліп жатыр. Керісінше, мемлекетке зиян тек сол экологиялық зиянды өндіріс орындарын жапқан кезде ғана келтіріледі.

Экономикалық зиян табиғат ресурстарына экономикалық баға беруден туындайды. Ол табиғат пайдаланушының экономикалық мүддесіне қол сұғады (меншік иесінің, иеленушінің, пайдаланушының, жолдаушының). Мұндай зиян — табиғат ресурстарының қорының (балықтардың, пайдалы қазбалардын, т. б.), материалдық құндылыктардың (астықтың, көпжылдық өсімдіктердің, т. б.) жоғалуының негізінде және жақсы өндірістік жағдайлардың негізінде алынбай қалған табыстан пайда болады.

Сөйтіп, ормандарда өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзғанның нәтижесінде пайда болған экономикалық зиян: жанған тауар ағаштарының бағасы, өрт кезінде жанып кеткен құрылыстардың құны, өртті сөндіруге және аумақты тазартуға кет­кен шығынды қамтиды.

10. Адамды ұрлау (ағылш. theft; kidnapping; abduction of man) - қылмыстық заңга сәйкес — жеке адамға қарсы қылмыс.

Адамды ұрлау — төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Дәл сол әрекет:

алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;

бірнеше рет;

өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып;

қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты;

кінәліге жүктілік жағдайында екендігі керінеу әйелге қатысты;

екі немесе одан да көп адамға қатысты;

пайдакүнемдік ниетте жасалса - мүлкін тәркілеп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:

ұйымдасқан топ жасаса;

ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса;

абайсызда жәбірленушінің өлуіне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, — мүлкін тәркілеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

14 тапсырма. Болашақ мамандығыңыздың тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі туралы әңгіме құрастырыңыз.

Жауап.

Жазалар әскери қызметшілерге олардың теріс қылық жасағаны үшін қолданылады. Теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жеңіл:

2) елеулі;

3) ауыр.

Әскери қызметшінің елеулі теріс қылықтары, оны жасағаны үшін босату көзделетін теріс қылықтан басқа, әскери қызметшіге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде жаза қолдануға әкеп соқтыратын әскери қызметші алғаш рет немесе бұрын салынған жазасын алғаннан кейін жасаған теріс қылық болып табылады.Елеулі теріс қылық оны жасағаны үшін әскери қызметшіге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде жаза қолдануға әкеп соқтыратын ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде бұрын салынған алынбаған жазасы бар кезде алты ай ішінде әскери қызметші қайтадан жасаған теріс қылық болып табылады.Ауыр теріс қылық оны жасағаны үшін Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес заң негіздері бойынша босату көзделген теріс қылық болып табылады.Жеңіл теріс қылық жасаған және жаза қолдану мақсатсыз болған кезде командир (бастық) әскери қызметшіге әскери тәртіпті қатаң сақтаудың қажеттілігі туралы ескерту жасаумен шектелуі мүмкін.Алдын алу мақсатында әскери қызметшілердің теріс қылықтары командирдің (бастықтың) шешімі бойынша:

1) сарбаздар мен матростар – жеке құрамның жиналыстарында;

2) сержанттар (старшиналар) – сержанттардың (старшиналардың) жиналыстарында;

3) офицерлер – офицерлер жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

Полктер, бригадалар, оларға тең және одан жоғары сержанттар лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің теріс қылықтары жоғары тұрған әскери басқару органдарының сержанттар жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.Аға офицерлердің теріс қылықтары тек аға офицерлер мен одан жоғарылардың жиналыстарында, жоғары офицерлердің теріс қылықтары – тек жоғары офицерлердің жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін. Кейінге қалдыруды күтпейтін ерекше жағдайларда әскери қызметші оның жауапкершілігі туралы мәселені шешкенге дейін лауазымынан уақытша шеттетілуі мүмкін. Әскери қызметшілерге лауазымынан уақытша шеттету ол жасаған теріс қылық оның қызметтік міндеттерін атқаруға немесе басқа әскери қызметшілердің әскери қызмет міндеттерін атқаруына кедергі келтірген не әскери қызметшінің лауазымдық міндеттерін атқаруы оның теріс қылық жасауының мән-жайын жан-жақты, толық, объективті және уақтылы анықтауға, оның жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға кедергі келтіретін (келтіруі мүмкін) жағдайларда қолданылуы мүмкін.Әскери қызметшіні лауазымынан оларды лауазымға тағайындау құқығы берілген командирлер (бастықтар) шеттетеді.Бағынысындағыны лауазымынан шеттеткен бастық (командир) лауазымынан шеттетуді тудырған себептер мен мән-жайларды нақты жазып, бұл туралы команда бойынша баяндауға, сондай-ақ әскери прокуратура органдарына хабарлауға міндетті.Бағынысындағыны оған жеткілікті негіздерсіз лауазымынан шеттеткен командир (бастық) ол үшін тәртіптік және өзге де жауаптылықта болады.

8-сабақ. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ

1- тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысыңыз, аударыңыз.

жұмыс беруші, құқықтық негіз, шарт, құқықтық мәртебе, әлеуметтік серіктестік, жұмыссыздар, әлеуметтік қорғалу, кепілдік, ұжым, мекеме, тарап, ішкі еңбек тәртібі.

Аудармасы.Работодатель, правовой факт, договор, правовое положение, социальное партнерства, безработные, социальная защита, гарантия, коллектив, здание, сторона, внутренный трудовой порядок.

2- тапсырма. Мына етістіктердің мағынасын есте сақтаңыз.

нығайту – усилить

бекіту – укрепить

белгілеу – определить

реттеу – регулировать

орнықтыру – установить

Есте сақтадым.

3 -тапсырма. Мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркесін белгілеңіз. Аударыңыз.

Жұмыс берушілер мен барлық жұмысшылардың, қызметшілердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданды. Ол «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң болып табылады.

Еңбек туралы заңдардың негізгі міндеттері мыналар:

1) еңбек саласындағы нарықтық қатынастардың құқықтық негіздерін нығайту;

2) еңбек бостандығы мен еңбек туралы шарттар бостандығын бекіту;

3) еңбек қатынасындағы қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтық мәртебесін белгілеу;

4) қатынастарын реттеу;

5) қызметкерлердің (жұмысшылардың), оның ішінде, уақытша жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер жүйесін орнықтыру.

Еңбек құқықтық қатынастарының мынандай үш маңызды белгілері бар:

1) жеке еңбек шарты негізінде нақты кәсіпорынның еңбек ұжымына қызметкердің жұмысқа тұруы;

2) еңбек құқықтық қатынасы бойынша қызметкер (жұмысшы) өзінің мамандығы, біліктілігіне қарай нақты бір жұмысты атқаруды өз міндетіне алады. Кәсіпорын немесе мекеме аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті жағдай жасайды.

3) еңбек құқықтық қатынасының екі тарабы – қызметкер де, жұмыс беруші де ішкі еңбек тәртібіне бағынады.

Ескерту: «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1999 жылғы желтоқсанның 23-і күні ол заңға қол қойды.

Жауап.

Тірек сөздер: Жұмыс беруші, қызметкерлер, еңбек бостандығы, еңбек туралы шарттар, әлеуметтік серіктестік, уақытша жұмыссыздар, құқықтық кепілдіктер, жеке еңбек шарты, мамандығы, біліктілігі, ішкі еңбек тәртібі.

Работодатель, работники, свобода труда, трудовые договора, социальное партнерства, временно безработные, правовые гарантии, индивидуальный трудовой договор, специальность, квалификация, внутреняя трудовая дисциплина.

4-тапсырма. Мәтіннен –лық, -лік жұрнақты туынды сын есімді анықтаңыз, сөйлем құраңыз.

Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесі заңда көрсетілген.

Үлгі: нарықтық қатынас, құқықтық мәртебе.

5- тапсырма. Тиісті қосымшаларды жалғаңыз.

1. Жұмыскер өз міндеті... орындау... , қауіпсіз... техника... ережелер... қатаң сақтау... міндет... .

2. Егер ҚР еңбек заңы... көрсетілген жағдайлар... байланысты шарт бұзыл... , онда жұмыскер өз міндетін атқара алмай... .

3. Жұмыскер... жылдық ақы... демалыс беріле... және ақы төлене... .

Жауап.

1. Жұмыскер өз міндетін орындауында , қауіпсіздік техникалық ережелерді қатаң сақтауы міндетті .

2. Егер ҚР еңбек заңында көрсетілген жағдайларға байланысты шарт бұзылса, онда жұмыскер өз міндетін атқара алмайды .

3. Жұмыскердің жылдық ақысы демалыс беріледі және ақы төленеді .

6- тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырыңыз, сөйлем құраңыз.

1. жеке, шарты, осы, жасалды, еңбек, қыркүйектің, 2004, бірінде, жылы.

2. еңбек ақысы, әр, бесінде, айдың, қызметкердің, төленді.

3. қызметкерге, жыл, еңбек, сайынғы, демалысы, демалыс, беріледі, сәйкес, кестесіне.

Жауап.

1.Осы 2004 жылы қыркүйектің бірінде жеке еңбек шарты жасалды.

2.Әр айдың бесінде қызметкердің еңбек ақысы төленеді.

3.Қызметкерге кестесіне сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысы, демалыс беріледі.

7-тапсырма. Сәйкес қатарын анықтаңыз.

  1. Еңбек келісімі 1. белгіленді.

  2. Жұмыстың сипаты 2. анықталды.

  3. Еңбек ақы мөлшері 3. ұзартылды.

  4. Екі жақтың міндеті 4. жасалды.

  5. Келісімнің мерзімі 5. толық атауы.

8-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркестерін аударыңыз. Сәйкес тұлғасына қойыңыз.

  1. Жұмыскер (трудовую дисциплину) сақтауға міндетті.

  2. Жұмыскер (к правилам внутреннего порядка) бағынуға міндетті.

  3. Жұмыс беруші осы еңбек шартына (установленную заработную плату) төлеуге міндетті.

  4. Жұмыскер (имущественную ответственность) иеленеді.

Жауап.

1.Жұмыскер еңбек тәртібін сақтауға міндетті.

2.Жұмыскер ішкі тәртіпке бағынуға міндетті.

3.Жұмыс беруші осы еңбек шартына сай бекітілген еңбекақы төлемін төлеуге міндетті.

4.Жұмыскер мүліктік жауапкершілікті иеленеді.

9-тапсырма. Келесі сөйлемдерді аударыңыз.

    1. Работник обязуется: добросовестно выполнять трудовоые обязанности, соблюдать дисциплину труда и добровольно исполнять распоряжения руководителя.

    2. Обеспечить работнику условия труда в соотвествии с законодательсвом Республики Казахстан.

    3. Повышать свою профессиональную квалификацию.

Аудармасы.

1.Қызметкер міндетті: еңбек міндеттемесін адал атқаруға, еңбек тәртібін сақтауға және басшының тапсырасын ерікті түрде атқаруға.

2.Қызметкерге ҚР заңнамасына сәйкес қалыпты еңбек жағдайын жасауға.

3.Кәсіптік біліктілігін арттыруға.

10-тапсырма. Жаттап алыңыз, жадыңызда тұтыңыз.

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық... Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады». (Абай, 38-қарасөз).

Жаттап, жадымда тұттым.

11- тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Дисциплинарные взыскания.

За нарушение трудовой дисциплины, то есть за неисполнение или ненадлежащее исполнение по вине работника возложенных на него трудовых обязанностей, работодатель вправе применять следующие виды дисциплинарных взысканий:

1) замечание;

2) выговор;

3) расторжение индивидуального трудового договора в соответствии с подпунктом 9-12 статьи 26 настоящего Закона.

Есте сақтаңыз

ауыр дене жұмыстары – тяжелые физические работы

біліктілік разряды – квалификационный разряд

ең төмен жалақы мөлшері – минимальный размер заработной платы

еңбек жағдайлары – условия труда

Жауап.

Аудармасы.

Тәртіптік ескертулер.

Еңбек тәртіптемесін бұзғаны үшін, атап айтсақ қызметкерге жүктелген еңбектік міндеттемелердің орындамағ немесе тиісінше орындамағаны үшін, жұмыс беруші келесідей тәртіатік жазалар қолдануға құқығы бар:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3)жеке еңбек шартының қолданыстағы Заңның 26 баптың 9-12 тармақшаларына сәйкес бұзылуы мүмкін.

12-тапсырма. Еңбек келісімінің үлгісімен танысыңыз.

Еңбек келісімі

Семей қаласы

14. 04. 2000 ж.

Қазақстан Республикасынын, қолданылып жүрген Заңдары негізінде жұмыс істейтін "Дана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі — ЖШС төрағасы Заңғар Ерланұлы, бұдан әрі карай Жұмыс беруші деп аталады, бір жағынан, Айбар Омарұлы, бұдан әрі қарай Маман деп аталады, екінші жағынан, төмендегі мәселелер туралы осы еңбек келісіміне қол қойды.

1. Келісім нысаны

1.1. Жұмыс беруші Маманды тіркеу бөлімінің менеджер қызметіне қабылдайды.

2. Келісім мерзімі

2.1. Осы еңбек келісімі 2004 жылдың "15" ақпанынан 2005 жылдың "15" ақпанына дейін жасалды.

2.2. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін тараптардың келісімімен ұзартылуы немесе жаңа мерзімге жасалуы мүмкін.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. Маман: еңбек туралы заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес осы жеке еңбек келісімін өзгертуге және бұзуға;

  • еңбек келісімі бойынша жұмыс жүргізуге байланысты барлық мәжілістер мен шараларға қатысуға;

  • өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға;

  • жұмыс берушінің еңбек келісімі шарттарын орындауын талап етуге құқылы.

3.2. Маман:

  • өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаруға;

  • еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға;

  • еңбек келісімінің барлық талаптары мен шарттарын толық орындауға;

  • жұмыс барысында өзіне мәлім болған, коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтердің құпиялығын сақтауға міндетті.

3.3. Жұмыс беруші:

  • Маманның қызметтік міндеттерін орындауын талап етуге;

  • Маманның мүддесіне нұқсан келтірмей, еңбек келісімі бойынша жұмыс барысына өзгерістер енгізуге;

  • Маманның жұмысына баға беруге;

  • Қолданылып жүрген заңдарға, ішкі еңбек тәртібіне сәйкес тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға құқылы.

3.4. Жұмыс беруші:

  • Маманға осы келісімге сәйкес қызмет беруге;

  • еңбек келісімінің барлық талаптары мен шарттарын толық орындауға;

  • Маманды оның қызметтік міндеттерімен, ішкі еңбек тәртібімен таныстыруға;

  • мерзімінде еңбекақы төлеп тұруға;

  • еңбек келісімі - бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларды Маманға дер кезінде хабарлауға;

  • еңбек келісімінде көрсетілген мерзімі, сапасы және көлемі бойынша Маманның жұмысын бақылауға;

  • еңбек келісімінің орындалу барысына әсер ететін жағдайлар туралы Маманға хабарлауға міндетті.

4. Еңбек төлемі

Маманға 11 000 (он бір мың) теңге көлемінде еңбекақы белгіленді.

5. Келісімнің тоқтатылуы

5.1. Осы келісім екі тараптың өзара келісімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.

5.2. Осы келісім төмендегідей жағдайларда жұмыс беруші тарапынан мезгілінен бұрын тоқтатылады:

- Маман Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарын бұзған жағдайда;

  • Келісімде көрсетілген міндеттерді орындамаған жағдайда;

  • Заңда көрсетілген басқа жағдайлар негізінде.

5.3. Маман белгіленген мерзімнен бұрын келісімді тоқтатқысы келсе, бұл туралы Жұмыс берушіге бір ай бұрын хабарлауы керек.

6. Дауларды шешу

6.1. Осы келісімді орындау барысында Тараптар арасында туындаған даулар Тараптардың өзара келісімімен шешіледі. Өзара келісім арқылы шешілмеген даулар сот арқылы шешіледі.

7. Келісімге өзгертулер енгізу

7.1. Барлық өзгертулер екі Тараптың келісуі арқылы жазбаша енгізіліп, еңбек келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады.

8. Қорытынды ереже

8.1. Тараптардың қолы қойылған, заң күші бірдей осы келісім екі дана етіп жасалған. Олар бір-бір данадан әр Тарапта сақталады.

9. Тараптардың заңды мекенжайы

Жұмыс беруші:

Маман: "Дана" ЖШС-ның төрағасы Айбар Омарұлы

Таныстым

13- тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Қызметкерге ... штаттық кестеге сәйкес ... төленеді.

  2. Қызметкер ... ... ... көрсетілген тәртіпке сәйкес осы ... ... ... өзгертуге және бұзуға құқылы.

  3. Қызметкер қызметтік міндетін атқару кезінде денсаулығына келтірілген зиян ... ... ... құқылы.

  4. Қызметкер өзінің мамандығын жетілдіріп, ... ... ... құқылы.

  5. Қызметкер жұмыс беруші әкімшілігінің ... мен ... орындауға міндетті.

  6. Қызметкер еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік тазалық ... орындауға міндетті.

  7. Келісімшарт ... ... ... ... ... күшіне енеді.

Керекті сөздер: еңбекақы, ай сайын, еңбек туралы Заң, жеке еңбек шарты, зиян, үшін, өтемақы, кәсіби, біліктілік, арттыру, бұйрықтар, өкімдер, талаптар, Тараптар, қол қою, күннен бастап.

Жауап.

  1. Қызметкерге еңбекақы штаттық кестеге сәйкес ай сайын төленеді.

  2. Қызметкер еңбек туралы Заң көрсетілген тәртіпке сәйкес осы жеке еңбек шартын өзгертуге және бұзуға құқылы.

  3. Қызметкер қызметтік міндетін атқару кезінде денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы алуға құқылы.

  4. Қызметкер өзінің мамандығын жетілдіріп, кәсіби біліктілігін арттыруға құқылы.

  5. Қызметкер жұмыс беруші әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін орындауға міндетті.

  6. Қызметкер еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік тазалық талаптарын орындауға міндетті.

  7. Келісімшарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

14-тапсырма. Бірінші қатардағы сөздер мен сөз тіркестерінің екінші қатардағы баламасын көрсетіңіз.

  1. Жеке еңбек шарты А. Должность

  2. Заңды тұлға Б. Ответственность

  3. Жұмыс беруші В. Обеспечивать условия труда

  4. Қызметтік міндеттер Г. Стимулирование работника

  5. Сынау мерзімі Д. Создавать угрозу

  6. Жауапкершілік Е. Социальное страхование

  7. Лауазым Ж. Подтверждать

  8. Еңбек жағдайын қамтамасыз ету З. Юридическое лицо

  9. Қызметкерді ынталандыру И. Обязательства

  10. Қатер төндіру К. Разрешение трудовых споров

  11. Еңбек тәртібі Л. Испытательный срок

  12. Әлеуметтік сақтандыру М. Повышение квалификации

  13. Қатер төндіру Н. Условия договора

  14. Растау О. Трудовая дисциплина

  15. Өзгерту және бұзу П. ИТД

  16. Міндеттемелер Р. Трудовые обязанности

  17. Кепілдік пен өтемақы С. Изменять и расторгать

  18. Кәсіби біліктілігін арттыру Т. Продление, прекращение

  19. Бастама О. Работодатель

  20. Ұзарту, тоқтату П. Инициатива

  21. Еңбек дауларын шешу Р. Гарантия и компенсация

Жауап.

  1. Жеке еңбек шарты П. ИТД

  1. Заңды тұлға З. Юридическое лицо

  2. Жұмыс беруші О. Работодатель

  3. Қызметтік міндеттер Р. Трудовые обязанности

  4. Сынау мерзімі Л. Испытательный срок

  5. Жауапкершілік Б. Ответственность

  6. Лауазым А. Должность

  7. Еңбек жағдайын қамтамасыз ету В. Обеспечивать условия труда

  8. Қызметкерді ынталандыру Г. Стимулирование работника

  9. Қатер төндіру Д. Создавать угрозу

  10. Еңбек тәртібі Р. Трудовые обязанности

  11. Әлеуметтік сақтандыру Е. Социальное страхование

  12. Қатер төндіру Д. Создавать угрозу

  13. Растау Ж. Подтверждать

  14. Өзгерту және бұзу Т. Продление, прекращение

  15. Міндеттемелер И. Обязательства

  16. Кепілдік пен өтемақы Р. Гарантия и компенсация

  17. Кәсіби біліктілігін арттыру М. Повышение квалификации

  18. Бастама П. Инициатива

  19. Ұзарту, тоқтату Т. Продление, прекращение

  20. Еңбек дауларын шешу К. Разрешение трудовых споров

15-тапсырма. Сөйлемдерді кеңейтіңіз.

  1. Жұмыс беруші еңбек шартын өзгертуге және бұзуға құқылы.

  2. Жұмыс беруші материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.

  3. Жұмыс беруші еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.

  4. Жұмыс беруші Қызметкерге келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

  5. Қызметкердің толық еңбекақы алуға құқығы бар.

  6. Қызметкер денсаулығына не мүлкіне келтірілген зиянды өтеуіне құқылы.

  7. Шарт тараптардың біреуінің бастамасымен бұзылуы мүмкін.

Жауап.

1.Жұмыс беруші еңбек шартын қызметкерге бір ай бұрын ескертіп, өз бастамасымен өзгертуге және бұзуға құқылы.

2.Жұмыс беруші қызметкердің кінәсіне сәйкес , оған ескертіп, заңға сәйкес материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.

3.Жұмыс беруші қызметкерге ҚР заңнамасына сәйкес қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.

4.Жұмыс беруші Қызметкерге келтірілген зиянды, яғни оның өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне, мүлкіне келген зардаптарды өтеуге міндетті.

5.Қызметкердің өзінің білімі мен кәсіптік біліктілігіне сәйкес толық ай сайынғы еңбекақы алуға құқығы бар.

6.Қызметкер өзінің денсаулығына не мүлкіне келтірілген елеулі зиянды ҚР заңнамасына сәйкес өтеуіне құқылы.

7. Шарт тараптардың біреуінің, яни жұмыс берушінің немесе қызметкердің бастамасымен бұзылуы мүмкін.

16-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

1. Жұмыс ... Қазақстан Республикасының ... сәйкес Қызметкердің еңбек жағдайын ... міндетті.

А. Төлеуші заңдарына Істеуге

Б. Беруші қаулысына қамтамасыз етуге

В. Алушы жарлығына беруге

2. Қызметкердің тараптардың ... бойынша немесе ... еңбек дауларын .. құқығы бар.

А. Айтуы сотта жазуына

Б. Келісімі кәсіподақта айтуына

В. Шарты министрлікте шешуіне

3. Шарт мерзімі аяқталғанға дейін тараптардың ... бойынша немесе ... біреуінің бастамасымен ... мүмкін.

А. Келісуі қызметкерлерді ұзартылуы

Б. Шешімі тараптардың бұзылуы

В. Бұйрығы басшылардың жасалуы

4. Қызметкер адамдардың ..., Жұмыс беруші мен Қызметкерлер мүлкінің сақталуына ... жағдайдың туындағаны туралы ... міндетті.

А. Өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жария етпеуге

Б.Тұрмысы мен әл-ауқатына ауыр жариялауға

В. Тіршілігі мен ой-санасына қатер төндіретін хабарлауға

5. ... кәсіподақтарға және басқа да қоғамдық ... ерікті түрде мүше болуға ... бар.

А. Тараптардың қоғамдастықтарға міндетті

Б. Қызметкердің компанияларға мүмкіндігі

В. Жұмыс берушінің бірлестіктерге құқығы

17-тапсырма. Түрлі жағдаятқа байланысты еңбек келісім-шартының мәтінін құрастырыңыз.

Жауап.

ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ № 4

2. Келісімнің жасалған орны мен күні.

Елді мекеннің аты мен типі, келісім жасалған күн, ай және жыл көрсетіледі. Құжат атынан бір интервал төмен елді мекен аты сол жаққа, дата — оң жаққа жазылады. Мысалы,

Алматы қаласы 23 қазан 2000 жыл

3. Екі жақгың толық және шартты атауы,

Келісім жасаушы екі жақтың әрқайсысының ресми аты жоне келісімде алынган шартты атауы жазылады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев атындаеы Қазақ улттық техникалык; университеті атынан университет ректоры профессор Е.Н.Нүсіпов, бүдан былай қарай келісімде "жумыс беруші" деп аталады, екінші жақтан техника еылымыныц кандыдаты А.Бердібеков будан былай қарай келісімде "жумысшы " деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]