Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8.doc
Скачиваний:
117
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.82 Mб
Скачать

8.3. Жұмыстың орындалу реті

1. Осциллографты жұмысқа дайындау

Осциллографтың және дыбыстық генератордың техникалық түсіндірмесі мен пайдалану ережесімен танысыңыздар!

2. ”X” каналының сезімталдығын анықтау

Дыбыс генераторы мен мультиметрді осциллографтың “Х” кірісіне 6-суретте көрсетілген схема бойынша қосыңыздар. Дыбыс генераторы жиілігін =1 кГц болатындай орнатыңыз.

6-сурет. «Х» каналының сезімталдылығын анықтау схемасы

Генератордың шығыс сигналының амплитудасын өзгерте отырып сәуленің горизонталь (көлденен) бағыт бойынша ауытқу мәндерін анықтаңыз. Өлшеуді 8-10 рет жүргізіп, анықталған мәндерді 1-кестеге енгізіңіз.

1- кесте

Uш, B

L, бөл

S, бөл/В

Кауыт , В/бөл.

, .

Cезгіштікті анықтаудағы қателікті бағалаңыздар.

Ауытқу коэффициентінің жиілікке тәуелділігін дыбыс генераторының мына жиіліктері үшін анықтаңыздар: =31.6; 100; 316; 1000; 3162; 10000 Гц. Графикті жартылай логарифмдік масштабта тұрғызу керек.

3. Сигналдың амплитудасын калибрленген сезгіштік әдісі арқылы анықтау

Дыбыс генераторы мен мультиметрді осциллографтың “Y” кірісіне 7-суретте көрсетілген схема бойынша қосыңыздар.

7- сурет. «Х» каналының сезімталдылығын анықтау схемасы

Вертикаль (тігінен) бағыт бойынша сигналдың тербеліс өрісін (размах) анықтап, мәні бойынша амплитуданы анықтаңыз. Өлшеуді 8-10 рет жүргізіп, анықталған мәндерді 2-кестеге енгізіңіз.

2 -кесте

Uвольт., В

Uосц., B

Uэфф., В

Uэфф, В

L, бөл

Кауыт, В/бөл

Uосц., B

Осциллографпен өлшенген мәндерді вольтметрдің көрсетуімен салыстырыңыз.

Қателікті анықтаңыз.

4. Зерттелінетін сигналдың уақытқа тәуелді параметрлерін калибрленген жазбалау бойынша тікелей есептеу әдісімен анықтау

8-суретте көрсетілген схема бойынша қосыңыздар.

8-сурет. «Х» каналының сезімталдылығын анықтау схемасы

Осциллографтың “Y” кіру каналына дыбыс генераторынан кернеу беріңіз. Осциллографтың жазбасын сыртқы сигналмен синхронизациялау керек. Кернеудің тербеліс периодын анықтаңыз. Тербелістің жиілігін және циклдік жиілігін табыңыз. Есептеуді генератордың 500, 1000, 1500, 2000, 2500, 3500, 5000, 7500, 10000 Гц жиіліктерінде жүргізу қажет. Табылған мәндерді 3-кестеге енгізіңіз.

3 -кесте

fд.г., Гц

L ,бөл

Кауыт.,

уақыт/бөл

Т, с

fосц., Гц

, c-1

f, Гц

Осциллографтың көмегімен сигналдың жиілігін өлшеудегі қателікті есептеңіз.

5. Өзара перпендикуляр екі тербелісті қосу

9-суретте көрсетілген схеманы жинап, приборларды электр желісіне қосыңыз.

9-сурет. Өзара перпендикуляр екі тербелісті қосуға арналған схема

Осциллографтың жазбасын қосыңыз. Дыбыс жиілігіндегі генератордың біреуінен осциллографтың “Y” шығу каналына айнымалы кернеу, ал екінші генератордан “X” шығу каналына кернеу беріңіз.

Өзара перпендикуляр гармоникалық тербелістердің жиіліктері мен амплитудаларының әртүрлі болған жағдайдағы қосылуының түр-сипатын бақылаңыз.

Қосылатын тербелістердің параметрлерін жазып алып, қарапайым қисықтардың осциллограммасын сызыңыз.

6. Бір бағытта болатын екі тербелісті қосу

10-суретте көрсетілген схеманы жинап, приборларды электр желісіне қосыңыз.

10-сурет. Бір бағытта болатын екі тербелісті қосуға арналған схема

Осциллографтың 1 және 2 кіру каналдарына екі дыбыс генераторынан жиіліктері жақын ( 1-5 кГц) синусоидалы кернеу беріңіз.

Дыбыс генераторының біреуінен “X” кіру каналына сыртқы синхронизациялайтын кернеу беріңіз.

”   ” кнопканы басыңыз; экранда бір уақытта екі синусоида алынады (олардың қайсысы қозғалмайды?).

“1+2” кнопканы басып тербелістерді қосуды іске асырыңыз және соғу жиілігінің тиянақты түр-сипатын алыңыз.

Жазбалау көмегімен соғудың периодын сызып көрсетіңіз және соғудың циклдық жиілігін анықтаңыз.

7. Жиіліктері бірдей екі тербелістің арасындағы фаза ығысуын өлшеу

11. сурет.

8. Лиссажу фигураларын алу.

9-суретте көрсетілген схеманы жинап, 12-суретте көрсетілгендей Лиссажу фигураларын алыңыздар.

12-сурет. Лиссажу фигуралары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]