Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Введение

.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
35.84 Кб
Скачать

7

КІРІСПЕ

Қазіргі заманға сай инженерлер нақты техникалык талаптарды қанағаттандыратын байланыс жүйелерін жобалай отырып, жобаланып отырған байланыс жүйесінде алынған тарату әдістерінің потенциалдық мүмкіншіліктері толығымен іске асатын, байланыс жүйелерінің потенциалдыққа жақындату үшін байланыс жолдарының сипаттамаларын жақсарту жолдарын бағалай білуі керек.

Цифрлы байланыс жүйелерінде цифрлы жалғау жүйелерін пайдаланып үш түрлі байланыс әдістерін қолданады.

Арналарды жалғау. Бұл әдіc телефон әдісінде пайдаланады.Бұл жалғау әдісі сөйлесу кезінде абоненттер арналарды толық иемденеді де, сөйлесу нақты уақыт өлшемінде өтеді, байланыс жолының пайдалану тиімділігі төмен.

Хабарларды жалғау. Деректің көлемі және жеткізу уақыты шектелмейді, сондықтан жолданатын дерек әрбір жалғау жүйесінде уақытша сақталады. Жолданатын хабардың басында қабылдаушы құрылғысының мекен жайы және желімен тарату бағыты көрсетіледі, соңында бұрмаланудан қорғайтын блокпен қамтамасыз етіледі. Қабылданған хабарда қателер болса, қабылдаушы оны қайталап беруді талап етеді. Бұл әдіспен байланыс жолы тиімді пайдаланылады.

Дестелерді жалғау. Десте дегеніміз өлшемі бірнеше байттан жүздеген килобайтқа дейін болатын деректің пайдаланушыға бөлінбей жеткізілетін бөлігі. Таратылатын хабар жалғау жүйесінде қысқа дестелерге бөлінеді, әрбір дестеде мекен жайы және реттік саны (номері) көрсетіледі, жалғаушы жүйе босаған арнамен маршрутизация кестесін пайдалана отырып тиімті торапқа бағытталады, қабылдаушы нүктеде дестелер реттік санымен пайдаланушының құрылғысына беріледі.

NGN концепцияларының осы уақытқа дейінгі қолданылған желілік инфраструктуралардан басты ерекшелігі қағидалы басқа функционалдік модельге өту болып табылады. Классикалық ЖҚТф (ТфОП) – та негізгі функционалдық элементтері болып қол жеткізу түйіндері және әртүрлі деңгейдегі коммутация түйіндері болып табылады. Сонымен қатар коммутация түйінінің құрылғысы бір уақытта бірнеше операцияларды орындауға тура келді, олар: қолданыстағы ақпарат ағынын коммутациялау, қызмет көрсету және шақыруды өңдеу. Классикалық ЖҚТф өркендеуі біріншіден ISDN технологиясының шығуымен қолданыстағы ақпараттың ағынын коммутациялау және сигналдауды өңдеу функциясын бірнешеге бөлді. Шешімнің шыға салысымен, сигналдаудың транзитінің белгіленген пункттері (STP) сияқты жаңа функционалды элементтер пайда болды, ал сигнал желісінің топологиясы коммутация желісінің топологиясынан ерекшеленді. Бір шетінен сигнал желісі хабар сигналы транзитінің сұрақтарын шеше бастады, бірақ ISUP деңгейінің ақпараттарын өңдеу, сонымен қатар коммутацияны басқару, коммутация жүйесінде шешілді.

NGN концепциясы ең алдымен нақты үш деңгейлі жалғаумен сипатталады, оларға: коммутация және ақпаратты таратуға қолданылытын транспортты функционалдық деңгей, синхрондау ақпаратын таратуға арналған – синхрондау деңгейі, ал қызмет көрсету қызмет деңгейінде орындалады. Сонымен қатар деңгейлер аралығында стандарттауға арналған интерфейстермен анықталады. Деңгейлер бір – бірінен тәуелсіз болғандықтан әр деңгей өз алдына дамуына болады.

Екіншіден NGN инфрақұрлымының ерекшелігі дестені коммутациялау технологиясына негізделген транспортты желінің әмбебеп технологиясын қолдану болып табылады. Классикалық желілерде ЖҚТф қызмет көрсету арнаны коммутациялау технологиясына негізделген, ал мәліметтерді тарату желісіне және мәләметтерді таратуға қол жеткізу қызметін көрсету жаңа транспортты құрлымға жүктелді немесе арнаны коммутациялаудағы транспорттық желіні тиімсіз қолдану болды. Сонда NGN секілді желілерде мәліметтерді таратуға арналан дестелі технология көмегімен барлық көрсетілеген қызметің түрімен қамтамасыз етуге болады.

NGN желісінің транспортты деңгейі ақпаратты таратудағы дестелі технология негізінде құрылады. Негізгі қолданылатын технологияларына АТМ және IP технологиялары жатады.

Ереже бойынша транспортты деңгейдің мультисервисті желісі негізінде қолданыстағы АТМ және IP желілері жатады, яғни, NGN желісі қолданыстағы дестелі транспортты желінің үстіне қосып жасауға болады. АТМ технологиясының негізделген және ендірілген қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ететін құрылғысы бар желілерді NGN желілерін орнату кезінде ешбір өзгертусіз практикалық жүзеге қолдануға болады. NGN технологиясының транспортты деңгейі негізінде қолданыстағы IP желісін қолдану қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету функциясын енгізуді талап етеді.

Коммутацияны басқару және тарату деңгейінің міндеті NGN фрагментінде байланысты орнатуды басқару болып табылады. Байланысты орнату функциясы транспортты желі элементерінің деңгейінде иілгіш коммутатор құрылғысын сырттан басқару арқылы жүзеге асады.

Қызмет және қызметтерді басқару деңгейінің басты қызметі болып байланыстың классикалық желілерін сонымен қатар мультисервисті желілер секілді желілер арқылы қолданушылардың арасында ақпаратты тарату болып табылады. Транспорттық желі деңгейінде дестелік технологияны қолдану әртүрлі байланыстар үшін ақпаратты жеткізудің бірегей алгоритімін қамтамасыз етеді.

Дипломдық жобада Аякөз қаласына NGN желісін жобалау қарастырылып отыр.