Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Материалы по контролю.doc
Скачиваний:
73
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
141.82 Кб
Скачать

Студенттердің білімін бақылау құралдары

1 Модуль бойынша тапсырмалар «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан» Логикалық тапсырмалар мен жаттығулар

1. Ежелгі дәуірде алғашқы әлеуметтік топтардың бірігуі ұзақ уақытқа созылды. Осы топтардың негізгілерін атап көрсетіп, сипаттама беріңіздер. Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік құрылымының күрделенуін ашып көрсетіңіз.

2. Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалардың мекендерінің шаруашылығы мен мәдениеті арасында байланыс болған ба?

3. Адамзат қоғамы ылғи да яғни үздіксіз дамып отырады деген тезис бар. Сіздің дәлеліңіз, қолдайсыз ба, әлде қарсысыз ба?

4. Қазақстан территориясында андронов мәдениетіне сипаттама беріңіздер (кезеңі, ерекшелігі, археологиялық ескерткіштер).

5. Ежелгі сақ тайпаларының тарихына байланысты негізгі жазба деректерге егжей-тегжелі талдау жасау (антикалық, ежелгі парсы және т.б.).

6. Үйсін қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік-саяси және шаруашылық дамуын салыстыра отырып талдау жасау.

7. Б.э.д. ҮІІ-ҮІ ғ.ғ Орта Азия, Қазақстан және Сібірдің қолданбалы өнерінде «аңдық бейне» деген атаудың пайда болуы. Ол неліктен бұлай аталады, мәні неде?

8. Біздің дәуіріміздің басында жаппай қоныс аудару басталды. «Ұлы Қоныс аударудың себебі неде?», Қазақстанға қандай халық пен тайпалар келді.

9. Жетісу жеріндегі сақтар мен үйсіндер заманының байларын жерлеген қорғандарының көлемі әртүрлі. Диаметрі 50-80 м, биіктігі 8-12 м болатын. Өте үлкен қорғандар, орташа, кішірек және кішігірімдері кездеседі. Ойланыңыздар неліктен бұлай жасады? Әлде заңдылық па?

10. Ғұн мемлекеті әскери-административтік негізде бөлінген. Олардың барлық үлкен елді мекендері ондық, жүздік, мыңдыққа бірікті. Жалпы мемлекет әскер сияқты екіге бөлінді: оң және сол қанат болып, олар түмендерге бөлінді онда оң мыңнан адам болды. Мемлекетті Шанью басқарды, ол айналасындағы лауазымды адамдардың көмегі арқылы басқарды. Ойланып көріңіздер мұндай мемлекеттік жүйе не үшін қажет болды. Осындай елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыты жөнінде салыстырмалы түрде шамамен өз ойларыңызды айтыңыздар. Мысалдар арқылы дәлелдеңіздер.

11. Түргеш қағанаты Сұлу қаған тұсында өте күшті мемлекет дәрежесіне жетті. Осы қағанның ішкі саясаттағы жетістіктерін сипаттаңдар, оның жетістіктерінің себебі неде, сіздің көзқарасыңыз, оның күштілігі мен тапқырлығына қарап ат арба қандай ат берді.

12. 751 жылғы қытайлар мен түргештер арасындағы Атлах шайқасының Орта Азия халқының тағдырында тарихи маңызы қандай болды.

13. Қарахан мемлекетінің (940-1210) ішкі және сыртқы жағдайын сипаттаңыздар. Осы кезеңдегі экономикалық өрлеуі, мәдениеттің гүлденуі неден көрінеді?

14. ІХ-Хғ. Евразияның саяси және әскери өмірінде оғыздардың негізгі рол ойнағанын нақты мысалдар арқылы дәлелдеңдер.

15. Қазақстан территориясында қыпшақтардың этикалық қоғамдық құрылысы ұзақ күрделі үш кезеңнен өтті. Әр кезеңге анық талдау жасаңыздар.

16. Наймандардың шыққан тегі мен ертедегі тарихы өте күрделі. «Найман» сөзінің мағынасы жөнінде әртүрлі көзқарастар бар. Соның ішіндегі негізгісіне тоқталып талдау жасаңдар.

17. Ортағасырлық қандай авторлардың мәліметіне сәйкес қимақтардың саяси, экономикалық жағдайы туралы білеміз?

18. ҮІ-Хғғ. қазақ жерінде қарқынды түрде әлеуметтік саяси өрлеу болып, қалалар өркендеді, бұған не себеп болды? Қазақ жерінде қалалар қалай пайда болды, архитектурасының ерекшелігі неде, қалалардың қазақтардың экономикалық өмірінде қандай ролі болды?

19. Неліктен ежелгі түркі жазуы тарихта «руналық» деген атпен енгізілді? Ежелгі түркі жазулар тарихына егжей-тегжейлі тоқталыңыздар (ашылуы, негізгі ескерткіштері).

20. Археологиялық қазба жұмысы кезінде Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан территориясында будда храмының, христиан шіркеуінің, мұсылман мешітінің орны табылды. Сол кезеңнен әлі күнге дейін түркі халқы өз діндеріне табынады. Түрік қағанаты мен түркілердің дінге сенуде еріктілігі болғанын немен байланысты деп ойлайсыздар?

21. Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік» атты еңбегі түркі тілді халықтардың энциклопедиясы болып табылады. Осыған сіздің көзқарасыңыз қандай?

22. ХІІғ. басында Орталық Азияда монғол мемлекеті пайда болды. Олар 1203ж. керейттерді, сосын 1207ж. Найман хандығын, сосын Сібір халықтары мен Шығыс Түркістанды жаулап алды. 1215ж. Пекинді алды, 1217ж. Хуанхэ өзенінен солтүстікке қарай барлық жерін басып алды. Монғолдар жеңісінің себебі неде?

23. Монғолдармен шайқаста Отырардың жеңуі мүмкін бе еді? Оның құлауының себебі неде?

24. Алтын Орданың ыдырауының себебі неде?

25. Әбілхайыр хандығы қашан құрылды. Бұл оқиға қалай жүрді?

26. Алтын Орда мен Моғолстан тарихында Әмір Темірдің рөлі қандай болды?

27. Ақ Орда, Моғолстан, «Көшпелі өзбек мемлекетінің» мемлекеттік құрылымындағы ерекшеліктерін сипаттаңыздар.

Әдебиеттер: