Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом.docx
Скачиваний:
390
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.06 Mб
Скачать

4.5 Еңбектің шарттарын жақсарту

4.5.1 Механикалық жарақаттардан қорғау

Механикалық пісіру жағдайда травмалардан құтылу үшін, жұмыс орны барлық талапты ережелерді және техникалық қауіпсіздікті нормаларды және өндірістік санитария, жабдықты орнату үшін жеткілікті аудан болу керек, құрал-саймандарды, жақсы жарықтандырылу керек, желдеткіш болуы керек, металдың бөліктерінен қорғау үшін (кенді) тұтасты немесе торлы қалқаларды (торлар електі көзімен 3 мм – ге дейін), биіктігімен 6000 мм;

- жабдықтың жұмыс істеп тұрған кезінде тазалауға (сүртуге), майлау, қарауға, станоктарды жөндеуге, машинаның муфтасын, барабандарды, роликтерді және басқа жабдықтың бөліктерін жұмыс кезінде болмайды. Бөлшекті тек қана механизмнің толық тоқтаған кезінде ғана және оның сенімді ажыратылғанына көз жеткізіп болған соң жөндеге болады;

- жұмыстарды электрлік сымдарын жүргізуге жерқосқыштың дұрыс-тығын тексерусіз немесе жоқтығынан тыйм салынады; барлық қозғалатын немесе айналатын механизмді бөліктерде, станоктарды, агрегат-тарды міндетті түрде қоршау керек.

Қауіпті аймақтың қоршауы бойынша бірнеше негізгі ережелері бар:

- жабдықтың барлық ашық қозғалысты бөліктері, табанды деңгейінен биіктігі бойынша 2,5 м – ге дейін орнатылғандар немесе жұмыс аймақтарда байқаусыз тийіп кетуден, қоршаулы болу керек. Қоршаулар тұтасты немесе торлы електің көзі өлшемімен 20×20 мм;

- тісті, белдікті және шынжырлы берілістер, биіктігіне қарамастан олардың орналасуы және айналу жылдамдығы, қоршаулар тұтасты болу керек.

- қоршауды жөндеуге алу үшін жабдық тек қана толық тоқтатылуы керек механизмімен бірге. Механизмдерді жөндеуден кейін қосу, тазалау және тексеру, тек қана қоршауды орнына орнатудан кейін және олрдың барлық бөліктерін бекітіп содан соң рұқсат етіледі.

Механикалық травмалар, өндіріспен байланысты, көбнесе ұқыпсыздық жағдайларда сәйкесті жұмыстарды орындағанда, жұмыс орында аңқаулық-тан, сонымен қатар жабдықтың істеп тұрған кезінде жанында травмалар пайда болады. Жабдықтың қозғалушы механизмді бөлшектерден қашық тұру керек. [15]

4.5.2 Электр қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Электрқауіпсіздігі – адамдарды электр тогының, электр доғасының, электрмагнитті өрістің зиянды және қауіпті әсерінен сақтауды қамтамасыз етуге арналған ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жүйесі.

Электр тогы әсерінің негізгі себептері:

- жабдықтардың ток жүретін кернеулі бөліктеріне кездейсоқ жанасу немесе қауіпті ара қашықтықа жақындау;

- электр жабдықтарының металл бөліктерінде-тұрқыда, қорғау қалқанында, оқшаулағыштардың бүлінуі нәтижесінде немесе басқа да себептерден кернеудің пайда болуы;

- адамдар жұмыс істейтін жабдықтардың токтан ажыратылған бөлікте-рінде кернеудің пайда болуы;

- өткізгіштердің жерге тұйықталуы нәтижесінде адымдық кернеулердің пайда болуы.

Электр қауіпсіздігінің техникасы:

- кернеуі бар ток өтетін бөліктерге, жалаңашталған өткізгіштерге, шамдардың патрондарына, сақтандырғыштарға, айырғыштарға жанаспау;

- жерде жатқан жалаңаш өткізгіш сымдарға 10 метрден кем жақындамау, өйткені адам өміріне қауіпті адымдық кернеуге түсіп қалу мүмкіндігі жоғары;

- механизмдер мен жабдықтарда жұмыс істер алдында электр жетегінің жерлестірілуінің жарамдылығын тексеру қажет;

- тасымалданатын электр шамдарында 12 немесе 42 вольт кернеу, қауіпті жағдайларда жұмыс істеу барысында 12 вольттен аспайтын кернеулер қолданылады;

- электр құралдарын, олардың жарамдылығына қарамастан жылына екі рет бөлшектеп бұзып, тексеріп майлап отыру қажет;

- тасымалдамалы электр құралы оның жарамды күйі мен кернеуі 42 вольттен аспаған жағдайда қолданылады. Кернеуі 220 вольттық құралдар мына талаптар сақталған жағдайда қолданылуға рұқсат етіледі:

а) тұрқысының жерлестірілуі болғанда;

б) жұмыс істеу барысында диэлектрлік қолғаптар мен резеңке аяқ киім немесе төсеніш қолданылғанда;

- электр құралдар тұрқының жерлестірілуі қимасы белгілі, ерекше белгіленген немесе өзгеше түсті сыммен тұрқыға болт немесе клемма көмегімен қосылуы керек;

- электр құралын басқа жұмысшыға беруге және өз бетінше электр сымдарының жалғамаларын жөндеуге тиым салынады;

- электр құралдарымен жұмыс істеуге тиісті оқудан өткен және біліктілік дәрежесі бар жұмысшыларға ғана рұқсат етіледі.[11]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]