Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Жакашева.docx
Скачиваний:
211
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
634.22 Кб
Скачать
    1. Кабельдер туралы

Талшықты – оптикалық кабельдердің классификациялануы

Бүгінгі таңда әртүрлі ТОК өндірушілерінде, жеткізушілеріне және инсталляторларында талшықты – оптикалық кабельдердің түрлерін классификациялауда көптеген келіспеушіліктер пайда болып отыр.

ТОК классификациялау амалдарын жасаған кездерде жұмыс тәжірибесіне және парасатты ақылға сүйеніп жасалған классификацияларға назар аударған жөн. Олар ағылшынша терминдерден және трансатлантикалық сияқты жеке желілерге арналған экзотикалық кабельдерден тұрмауы тиіс. Талшықты – оптикалық жекелеген жүйелер үшін кабельдерді төсеу және қолдану мақсатына байланысты бөлінуі ыңғайсыз болып табылады.

Арнайы мақсатта қолдануға арналған талшықты – оптикалық кабельдерді таңдау және оларды жеткізу жұмыстарын жеке тәрпіпте орындаймыз. Мысалы, мынадай талшықты – оптикалық кабельдердің көп таралған классификациясын келесідей бөлуге болады:

- сыртқа төсеуге арналған кабельдер (outdoor cables);

- ішке төсеуге арналған кабельдер (indoor cables);

- шнурларға арналған кабельдер.

Оптикалық кабельдер тағайындалуы бойынша сызықтық және объект ішіндегі болып екіге бөлінеді. Сызықтық кабельдер өз кезегінде келесідей бөлінеді:

- таратқыш (оптикалық жүйе қол жетімді);

- байланыстырғыш (МТС байланыстырғыш желілері);

- қалааралық (магистральдық және зоналық ТОБС).

Объект ішіндегі кабельдер абоненттік және станциялық болып бөлінеді. Оптикалық кабельдер қолдану шарттарына байланысты келесідей болып бөлінеді: аспа, жер астында және су астында орналасқан.

Аспа кабельдер келесідей болады:

- өздері тасымалдайтын;

- тасымалдайтын арқаны бар талшықты – оптикалық кабельдер;

- кевлар жіптерімен байланған талшықты – оптикалық кабельдер;

- найзағайдан қорғайтын арқанға кигізілген талшықты – оптикалық кабельдер;

- фазалық сымға кигізілген талшықты – оптикалық кабельдер;

- найзағайдан қорғайтын арқанға немесе фазалық сымға оралған талшықты – оптикалық кабельдер;

Жер асты кабельдері келесідей болып бөлінеді:

- грунт астына немесе кабельдік канализацияға төсеуге арналған талшықты – оптикалық кабельдер;

- қорғаныштық пластикалық тұрбаларда жүргізуге арналған, құрылысы қарапайым талшықты – оптикалық кабельдер;

- туннельдерде, шахталарда төсеуге арналған талшықты – оптикалық кабельдер;

Кабель таңдаған кезде оптикалық кабельдердің классификациясы оны қолдануға әсер етпейді.

Егер де қалыпты классификацияны ұстанатын болсақ, кабельдік трассада өткізгіштік муфтамен байланысқан талшықты – оптикалық кабельдердің 4-5 түрін қолдануға болады. Бұл жағдайларда 600 метр шамасында болуы мүмкін. Қымбатқа түсуі мүмкін, бірақ сенімді болады. Осындай жағдайда оптикалық кабельдің бір түрін, максимум екі түрін пайдалануға болады ма? Жанбайтын сыртқы қабатты қолданатын болсақ, бірақ мұндай кабель «объект ішіндегі» болуы мүмкін. Әрине, басқа да факторларды ескеру керек екені белгілі. Мысалы, жертөледе кеміргіштер болатын болса, сауыт болат таспалардан немесе сымдардан жасалуы қажет.

Көптеп таралған бірақ, эффективті классификацияланған талшықты – оптикалық кабельдердің орнына жеке – есептегіш желілер қолданылады. Олар қоршаған орта сипаттамаларына және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты болады. Әрбір трасса үшін кабельді таңдау төсеу шарттарына және ТОБС эксплуатациялауға байланысты жүргізіледі.

Талшықты – оптикалық кабельдерді классификациялаудың сәтті мысалы келесідей:

Оптикалық талшық түріне байланысты:

- бір талшықты (SM);

- көп талшықты (MM);

- құрамаланған ( SM+MM).

Орталық күштік элемент түріне байланысты:

- болат арқанды;

- пластикалық арқанды;

- орталықтанған тұрбалы.

Модульдердегі буфер түріне байланысты:

- тығыз буферлі;

- бос буферлі.

Сыртқы тыстағы күштік элемент түріне байланысты:

- сауытсыз;

- кевлар жіптері бар;

- болат таспалы сауыты бар;

- сым сауыты бар.

Енгізілген арқанына байланысты:

- тасымалдауыш арқан енгізілген;

- тасымалдауыш арқансыз.

Созушы күштердің рұқсат етілген шамасы бойынша:

- 2,7 кН

- 4,0 кН

- 6,0 кН

- 8,0 кН

- 9,0 кН

- 12,0 кН

- 15,0 кН

- 20,0 кН

Эксплуатация температурысының диапазонына байланысты, градус С0:

- - 12–ден +75–ке дейін

- -20 – дан +60 – қа дейін

- -40 –тан +60 – қа дейін

- -60 – тан +60 – қа дейін

- -60 – тан +70 – ке дейін

Тыстың өртке қауіптілігіне байланысты:

- жанатын қабықша;

- жанбайтын қабықша.

Ескерту. Эксплуатация температурасының мәні мен шамалары әртүрлі өндірушілер үшін арасында айырмашылық болуы мүмкін.

4 – тен 24 – ке дейін жергілікті желілерде қолданылатын барлық кабельдер түрлерін, кабельдегі оптикалық талшық сандарын оңай санауға болады. Талшықты – оптикалық кабельдер спецификациясының сандары 100000 – нан аспайды.

Оптикалық кабельдердің үлгілері

Рисунок 1.1 – Кабель для прокладки в грунт

Мырышпен оралған сымнан жасалған, болат сауытпен қапталған кабельдер қоршаған орта факторларынан қорғалған болып келеді. Грунт сияқты, өзен көлдер түбінде қосымша қорғаныссыз төселуі мүмкін. Ішкі төсеуге арналған оптикалық кабельдердің өте жеңіл және иілгіш түрі. Пластмасса тұрбаларда төсеу үшін ең ыңғайлы болып табылады. Өте берік жіптерден арнайы жасалған күштік элементтері бар кабельдер сыртқы тысы арқылы ілінуі мүмкін.

Рисунок 1.2 – Кабель для прокладки в кабельную канализацию

Рисунок 1.3 – Кабель для прокладки в пластмассовых трубопроводах

Рисунок 1.4 – Самонесущий кабель

Рисунок 1.5 – Подвесной кабель

Легкие кабели с вынесенным силовым элементом для воздушной подвески

Кабельдердің негізгі сипаттамалары

  • Әртүрлі компаниялар өндіретін талшықты – оптикалық кабельдердің

түрлері әдетте бірдей болады және төменде келтірілген тізбектерге бөлінеді. Мырышпен қапталған дөңгелек болаттан жасалған сымдар талшықты – оптикалық кабельдер өзен астында, грунтта, кабель канализацияларында және басқа да ғимараттарда төселеді.

Оптикалық талшығы бар талшықты – оптикалық кабельдер мырышпен қапталған дөңгелек болаттан жасалған сымдар және полиэтиленнен жасалған қорғаныштық шлангта өзен көлдер астында, грунтта, кабель канализацияларында және басқа да ғимараттарда төселеді.

Болат таспалы гофрирленген сауыттағы талшықты – оптикалық кабельдер, полиэтиленнен жасалған қорғаныштық шлангта кабель канализацияларында, құбырларда, блоктарда, коллекторларда, туннельдерде, көпірлерде, эстакадаларда, станциялық шахталарда төселеді.

Полиэтилен тыстағы сауытсыз талшықты – оптикалық кабельдер пластмасса тұрбаларға салынып ғимарат ішінде төсеуге болады.

Әуелік байланыс желі тіректеріндегі және электрифицирленген темір жол және қалалық транспортқа арналған талшықты – оптикалық кабельдер толығымен диэлектрлік салпыншақ болып келеді. Талшықты – оптикалық кабельдер жарық беру бағаналарында да қолданылады.

Оптикалық талшық түріне қарай кабельдер бір иірімді және көп иірімді болып бөлінеді. Әдетте кабельдердегі оптикалық талшықтар саны 4 пен 216 арасында болады. Кабель дайындауға тапсырыс берушілер талаптарына сай қорғаныштық қабатта жанудан қорғайтын материалдар жасалады. Талшықты – оптикалық кабельдер өндірісінде ресейлік зауыт дайындаушыларда шетелдік жетекші фирмалардың оптикалық талшықтары қолданылады.

Әрбір зауыт өндірушінің өз белгісі және талшықты – оптикалық кабельдің маркировкасы бар. Сондай – ақ, техникалық сипаттама параметрлерінде айырмашылықтары зор. Мысал үшін, ТУ 16.К87-001-00 дайындайтын ЗАО СП ЗАО «Москабель-Фуржикура» (марка – ОМЗКГМ) және ТУ 3587-007-05755714-98 дайындайтын ЗАО «Севкабель» (марка - ДАС (DAC) маркалы бір маркалы кабельдерді салыстырамыз.

«Москабель-Фуржикура» немесе «Севкабель» өндірушілері жайлы сөз қозғайтын болсақ, бұл типті кабельдер маркасының сипаттамаларын салыстыру қажет. Олардың параметрлерінде айырмашылықтары болады. Таңдау барысындағы шешуші рольді баға атқаруы мүмкін.