Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Джон Локк

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
12.83 Кб
Скачать

Таза тәндегі таза жан – міне, осы дүниедегі бақыт күйінің қысқа да, толық сипаттамасы.

Гимнастика адамның жастығын ұзартады.

Адам іс-әрекеттері – оның ойының нағыз аудармашылары.

Әдептілік – ең бірінші жақсылық.

Баланың дұрыс тәрбиесіне бүкіл халықтың әл-ауқаты тәуелді.

Бақыт пен бақытсыздық – адамның өз іс-әрекеттерінің нәтижесі.

Қулық – өтіріктің тұрақты серігі.

Адамның сөзін бөлу – нағыз дөрекілік.

Өзінің қулық қасиетін жасыра алатындай қу болу еш адамның қолынан келмейді.

Бақыт – ляззатың, ал бақытсыздық – азаптың ең жоғарғы сатылары.

Нағыз батыл ешқандай нәубет пен қауіп-қатерге қарамастан, әр уақытта өзінің азаматтық борышын өтеуге құлшынысымен және өзін-өзі байсалды ұстай алу қасиетімен ерекшеленеді.

Ақиқатқа жетіп, оны түсіну үшін, алтын қазына іздеген секілді тіміскілеуден басқа, оған қандай жолмен жете алуға болатындығын түсіну қиын.

Тәрбиесіз адамның батылдығы – дөрекілік, білімпаздығы – тақуашылық, тапқырлығы – мазақылық, момыншылығы – адырлық, ал рақымшылығы – жағымпаздық.

Ар-намысқа кір тиген жағдайда, әркімнің беті қызара бермейді.

Күш сынаспаған адам өз мүмкіншіліктерін білмейді.

Қорқыныш – келер қасіретті сезген кездегі жанның алаңдануы.

Адамгершілік қағидалары дәлелді талап етеді, демек, ол туа біткен қасиет емес.

Білім адамдар арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

Логика – ойлаудың анатомиясы.

Екіжүзділік адамның жаман қасиеттерін жасыруға бағытталған. Оның мақсаты – адамға жағу, бірақ бұл мақсатқа ол ешқашан да жетпейді.

Ақыл-оймен дұрыс әрі тиянақты басшылық ету кітапты пайдалануда қажет.

Қулық – ақыл-ойдың жоқтығы. Өз мақсатына тура жолмен жете алмағандықтан, ол қисық жолдарды іздеп табады. Бірақ қулық екі рет көмектеспейді.

Мазақ ету – адамның кемшілігін көрсетудегі ең талғамды әдіс.

Ата-аналар өз балаларын жас кезінен еркелетіп, олардың табиғи талабын жойғаннан кейін, өздері уландырған суды неге ащы деп таңданады.

Заңның санын емес, сақталуын қадағала.

Қандай да қауіп-қатер төнбесін, нағыз батылдық әрдайым оған төтеп бере алатындығына кәміл сенімді.

Көпті білу ұлы шеберлігі – аздыға кірісуде.

Зерде – уақытты жоятын әріптер төселген балды тақта.

Қызғаныш – біздің ойымызша бізден бұрын қол жеткізуге тиіс емес адамның игілікке ие болған кездегі жанның мазасыздануы.

Жамандыққа үйрені жақсылықтан гөрі оңайырақ.

Біз кездестіретін адамдардың оннан тоғызы, олардың тәрбиесіне қарай, жақсылық пен жамандық, пайда мен мағынасыздықтың өзі болып табылады.