Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом.doc
Скачиваний:
98
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.98 Mб
Скачать

2. Ашық тау кен жұмыстарындағы қазу тиеу жұмыстарынның параметрлерін есептеуге арналған бағдарламалық жүйені құрастыру

2.1 Ашық тау кен жұмыстарындағы қазу тиеу жұмыстарын есептеуге арналған бағдаламалық жүйені құрастыру үшін қажетті техникалық құралды таңдау

Бағдарламалық жүйе Delphi XE3 бағдарламалау тілінде жазылған. Delphi XE3 Embarcadero компаниясының өнімі болып табылады. Бұл бағдарламаны таңдау себебі жалғыз компьютерлер емес смартфондар арқылы жұмыс істей алады.Ал соңғы кездері смартфонға сұраныстың көп екенін ескерсек бұл таптырмас құрал деп есептеледі. Яғни ол дегеніміз қолданылуымен жетілдіруі өте жоғары деңгейде жүргіледі. Delphi XE3 – бұл Паскаль нысанды-бейімделу бағдарламалау тілінің жалғасы болып саналады. Мұнда бағдарламаны жобалауға ,мәліметтер қорымен қосуға және тестілеуге қажетті құралдардың бәрі бар. Код редакторы ,код көмекшісі , инструмент панелі, көп санды редакторлар, мәліметтер қорының инструменттері,провайдерлері бағдарламалық жабдықты жобалауға қажетті құралдардың барлығы қамтылған. Delphi XE3 Windows 7, Windows 8 , Mac OSX операциондық жүйелерінде жұмыс істей алады.

Бағдарламалық жабдықтың мәліметтер қорымен байланысы болғандықтан OLEDB 4.0 провайдерімен жұмыс істейді. Себебі бұл провайдер бағдарламалық құралдарды қосымша пакеттердің көмегінсіз .mdb(MicrosoftAccess) форматындағы мәліметтер қорларымен байланыстырады.

2.2 Ақпараттық жүйеде орналасатын компоненттерді таңдау

және орындау функцияларын анықтау.

Бүгінгі таңда ашық тау-кен саласындағы қазу-тиеу жұмыстарының технологиясы бойынша ақпараттық жүйе жоқтың қасы немесе шектеулі болып келеді және ол қазіргі заман талабына сай емес. Сондықтан ақпараттық жүйеде келесілерден тұру керек:

  • жұмыстың тиімділігін арттыратын қосымша;

  • қолдануға ыңғайлы;

  • есептің ауқымдылығы және есепті жүргізудің сапасының жоғары болуы;

Алдыға қойған тапсырманы шешу үшін бағдарламалық жүйенің талапқа сай болуымен қатар қазу тиеу жұмыстарында қолданылатын есептердің дұрыс болуыда маңызды. Есептеу бөліміне ашық тау-кен саласындағы қазу-тиеу жұмыстарының параметрлерін есептеу методикасын алдым.(Мәскеу 1986 ж). Осы талаптарға сай “DeGole2014” ақпараттық жүйенің моделімен орындалу сценарииі құрылды.

“DeGole2014” негізгі функцияларына мына есептеулер жатады:

  • қатты жыныстарда құлау енін анықтау (теміржол);

  • қатты жыныстарда құлау енін анықтау (автосамосвал);

  • жұмсақ жыныстарда кіру енін анықтау (теміржол);

  • жұмсақ жыныстарда кіру енін анықтау (ленталық конвейер);

  • айлық өнімділігі;

  • теориялық өнімділігі;

  • техникалық өнімділігі;

  • ауысымдық өнімділігі;

  • жылдық өнімділігі;

  • экскаваторлар паркінің саны;

“DeGole2014” ашық тау-кен саласындағы қазу-тиеу жұмыстарының параметрлерін кезең-кезеңімен есептейді. Есептеу мәліметтері бір-бірімен байланысты болып келеді және есепті жоғары дәлдікпен орындайды.

2.4 Ақпараттық жүйенің кіріс және шығыс мәліметтер құрылымы

“DeGole2014” бағдарламасы өнімді жұмыс істеуі үшін енгізілген кіріс мәліметтері топтастырылады және есептелетін көрсеткіштері ескеріледі , есептеулер алдыңғы шамаларды ескеріп кезең-кезеңімен орындалады. Бағдарламада қолданылатын кіріс мәліметтері ретінде пайдаланушы енгізген немесе мәліметтер қоры арқылы енгізілген сандық , мәндік мәліметтер қолданылады яғни диалогтық формаға енгізілген мәліметтерді айтамыз.

Барлық енгізілетін мәліметтер екі категорияға бөлінеді:

  1. Құрал-жабдықтар

  • Экскаваторлар

  • Шөміш сыйымдылығы

  • Максималды қазып алу радиусы

  • Максималды төгу радиусы

  • Тұрып қазу радиусы

  • Максималды қазу радиусы

  • Максималды төгу биіктігі

  • Бір циклды орындау уақыты

  • Автосамосвалдың биіктігі

  • Экскавациалау коэффиценті

  • Экскаваторды пайдалану коэффиценті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]