Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом.doc
Скачиваний:
98
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.98 Mб
Скачать

1. Зерттеу нысанын сипаттау

1.1 Ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы ашық тау кен саласындағы қазу-тиеу жұмыстары бойынша жобалау тапсырмаларын шешу маңыздылығы

Өміріміздің кез-келген саласында ғылыми-техникалық прогресс жүріп жатыр. Бұл прогресстен тау-кен саласыда тыс қалған жоқ. Машина жасау және прибор жасау салаларындағы жетістіктер тау-кен саласынада бірқатар өзгерістер алып келді. Бірақ соңғы кездері инновациялық ақпараттық технологиялардың енгізілуі тау-кен саласындағы жобалау бойынша уақытты үнемдеу және экономикалық тиімді болуына септігін тигізуде. Осыдан бірнеше жылғы тау-кен саласы осы кезбен салыстырғанда арасы жермен көктей. Оның басты себебі шетелдік және отандық компаниялардың инновациялық ақпараттық технологияларға басым беруі, бәсекелестіктің жоғары болуы және бағдарламалық жүйе шығаратын компаниялардың санының көбейуі т.б.. Осының нәтижесінде пайдалы қазбаны игеру саласы және жекелей салаларының (қазу-тиеу жұмыстары) жан-жақты дамуына алып келді. Кен орынын жобалау бірнеше сатыдан тұрады. Техника-экономикалық негіздемесі одан сараптама жасау жан-жақты зерттеу т.б. жұмыстары жобалауға жатады. Жобалау институтарының және де басқа да ұйымдардың көп жылдық тәжірбиесі көрсеткендей жобалау белгілі этаптар арқылы өтеді. Параметрін , өнімділігін және экономикалық тиімділігін анықтау осылардың бәрі белгілі бір алгоритммен орындалады және ол стандартталған. Осы алгоритмдерді ақпараттық технологияларға енгізудің арқасында жобаның тиімділігін жоғарылату және автоматттандыруға бағытталған бірнеше жобалар ұсынды. Ол тек жобалай емес тікелей өндіріс орынында қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық және автоматтандырылған жүйелердің қысқа уақытта пайдалы қазбаны игеру саласына енгізілуі шешімі таппай жүрген күрделі немесе көп шығынды қажет ететін (уақыт, ақша, қағазбастылық және т.б.) мәселелердің шешімін тауып берді. Бірақ әліде болса шешімі әлі табылмаған мәселелер көп болып саналады. Ондай мәселелер қазу-тиеу процессінде де бар. Осы мәселелерді шешуге отандық және шетелдік алдыңға қатарлы компаниялар бірнеше бағытта жұмыс істеп жатыр. Атап айтсақ жаңа технологияларды енгізу, отандық және шетелдік білікті мамандарды тарту, инженерлік жүйелерді өзгерту , кәсіпорынның қорын жаңарту және осылардың бәріне тиімді басқару жүйелерін енгізу. Қазіргі таңда пайдалы қазбаны игеру саласындағы отандық кәсіпорындар шетелдің автоматтандырылған және ақпараттық жүйелерін, білікті мамандарын тарту үшін көп қаражат жұмсайды. Осыдан қорытынды шығара келіп отандық кәсіпорындарға жергілікті мамандармен бағдарламалық жүйелерге көп көңіл бөлу керек.

Ашық тау-кен саласында қазу-тиеу жұмыстары негізгі үрдістердің бірі болып саналады және ол осы тау-кен жұмыстарының 25-30% шығыны болып саналады. Қазу-тиеу машинасының параметрлері , өнімділігі жобалануы, кенжарлардың саны тікелей кен орынын игеруге байланысты. Қазу-тиеу машинасына байланысты сіз тасымалдау көлігін таңдайсыз және олар бір-біріне бағынышты. Ашық тау-кен саласына ақпараттық жүйені енгізу ол өмірлік қажеттіліктен туындаған. Себебі кәсіпорындағы кез-келген бағыт бойынша тиімді және әрі нақты нәтиже бере алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]