Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом.doc
Скачиваний:
98
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.98 Mб
Скачать

Қолтаңбалары

Бөлімдер атауы

Кеңесшілердің

аты-жөні (ғылыми дәрежесі, атағы)

Қол қойылған күні

Қолы

Зерттеу нысанын сипаттау

Бағдарламалық жүйе құру

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Экономикалық бөлім

Ғылыми жетекшісі __________________П.П. Цеховой

Тапсырманы орындауға алған білім алушы ______________ Олжабаев С.С.

Күні « » ақпан 2014ж.

Аңдатпа

Ашық тау-кен саласындағы қазу-тиеу жұмыстарының параметрлерін есептеитін бағдарламалық жүйе құру бойынша жоба жасалды. Жобада қазу-тиеу жұмыстарында қолданылатын экскаваторлардың параметрлері мен өнімділігін есептейтін бағдарламалық модуль құрастырылды. Бағдарлама Delphi XE3 нысанды-бейімдеу бағдарламалық ортасында жасалынды. Бағдарламалық жүйе есепті орындау барысында жоғары дәлдікпен әрі тез орындайды.

Бағдарламаның кіріс мәліметтері “ Шығыс Аят боксит кен орынын ашық әдіспен игеру” жобасының түсініктеме жазбасынан алынды. Бағдарламалық жүйе тау-кен саласына қажет бағдарламалық қамтамасыздандыру талаптарына сай келеді.

Аннотация

Сделан проект на разработку программной системы для расчеты параметров выемочно-погрузочных работ на открытых горных разработках. В проекте составлен программный модуль для расчета параметров и производительность экскаваторов на выемочно-погрузочных работах. Программная реализация осуществлена в объектно-ориентированной среде программирования Delphi ХЕ3. Модуль существенно облегчает деятельность по расчету, обеспечивает точность вычислений и быстроту выполнения операций.

Входные данные программы были выбраны из пояснительной записки проекта "Разработка Восточно-аятского месторождения бокситов открытом способом" . Модуль отвечает требованиям, предъявляемым к программному обеспечению, разрабатываемому для нужд горной промышленности.

Annotation

A project is done for development of the programmatic system for calculations of parameters of extraction-and-loadings on mountain openworks. In a project the programmatic module for the calculation of parameters and productivity of power-shovels are made on extraction-and-loadings. Programmatic realization is carried out in the object-oriented programming of Delphi ХЕ3 environment. The module substantially facilitates activity upon settlement, provides exactness of calculations and quickness of implementation of operations.

Program inputs were chosen from the explanation message of project "Development of East-aiat of deposit of bauxits open a method" . The module answers the requirements, produced to the software developed for the needs of mining industry.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы басты бағыты, экономикасының қайнар көзі – жер асты кен байлықтарымыз. Кенорындарын игеруде тау-кен өнеркәсібінің алатын орны ерекше. Техникалық , экономикалық және әлеуметтік жағынан пайдалы қазындыны ашық әдіспен өндіру келешегі зор және тиімді әдіс болып саналады. Қазіргі кезеңде еліміздің халық шаруашылығында пайдаланылатын қатты минерал шикізаттың шамамен алғанда 75% -тен астамы ашық тау-кен қазбаларымен өндіріледі. Пайдалы қазынды кендерін ашық әдіспен қазу тау-кен өндірісінің техникасын , технологиясын және ұйымдастыруын жетілдіру негізінде келешектеде дами түседі.

Қазу-тиеу жұмыстары- карьерлердегі негізгі және маңызды процестердің болып саналады. Қазу-тиеу жұмыстары ашық кен орынын игеруге кеткен шығынның 25%-35% алады. Қазу-тиеу жұмыстары циклдік (бір шөмішті экскаваторлар және тиегіштер) және үздіксіз (роторлы және шынжырлы экскаваторлар) қазу-тиеу машиналарымен орындалады. Қазу-тиеу жұмыстарында қолданылатын техниканың түрін таңдау бұрғылап аттырудан бастап байыту фабрикасына немесе үйіндіге тасымалдауға дейінгі барлық технологиялық үрдістер арқылы жүргізіледі. Қазу-тиеу жұмыстарындағы жынысты автосамосвал немесе темір жол көлігіне тиеудің тиімділігі қазу-тиеу машинасының басқа процесстермен байланысы, кемерлердің ыңғайлы орналасуы, қазу-тиеу машиналарына техникалық көмекті уақытылы жүргізу және т.б. факторларға байланысты. Егер осы жұмыстарды тиімді жүргізсе онда уақытты екі есе үнемдеуге болады. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігімен экономикалық әсерін ұмытпау керек. Қазу және тиеу процестерінің басқа жұмыстармен байланысы (қазуға дайындау және т.б.) технологиялық сұлбалардың процессін және кенжардың паспортын жасауда көрсетіледі. Бүгінгі таңда көптеген тау-кен компанияларында қазу-тиеу жұмыстарын жобалауды қағаз немесе сандық түрінде жүргізіледі. Бірақ ақпараттық технологиялардың қолданылуы аз. Қазіргі кезде белгілі тау-кен кәсіпорынына ыңғайланып жасалынған көптеген бағдарламалық жабдықтар бар және олар тапсырыспен орындалады. Олардың кемшілігі жұмыс істеу аймағының шектеулі болуы.

Осы факторларды ескере отырып дипломдық жобаның маңыздылығы күмән тудырмайды. Бағдарламалық жабдықты енгізіп жұмыс істейтін болса, онда жобаға кететін шығындармен уақытты үнемдеп сапасын арттырады.

Дипломдық жобаны орындау барысында келесі тапсырмалар қойылды:

  1. Ашық тау-кен жұмыстарындағы қазу-тиеу процессін жобалау бойынша сараптама жасау;

  2. Тек бір тау-кен кәсіпорынына арналған бағдарламалық жүйе емес осындай тектес тау-кен кәсіпорындарына арналған бағдарламалық жүйе құру;

Бағдарламалық жүйенің жаңашылдығы:

  1. Бағдарламалық жүйенің әмбебап болуы;

  2. Қазу-тиеу жұмыстарына қатысты соңғы уақытта қолданылатын техникалардың мәліметтер базасы ;

  3. Алдыға қойлыған тапсырманың бағдаламалық шешімін бір модульге біріктіру (ВПР);

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]