- •1.Туристік елтанудың пәні, зерттеу объектісі.
- •2.Елтану пәнінің ғылым ретінде қалыптасу ерекшелігі.
- •3.II дүние жүзілік соғыстан кейінгі дүние жүзінің саяси картасында қандай өзгерістер болды?
- •4.Елдің экономикалық-географиялық орналасу жағдайы туризм даму факторы ретінде сипаттаңыз.
- •5.Елтанудағы халықтың қоныстану мәселелері.
- •6.Туристік елтану пәнінің ерекшелігі мен маңызы неде?
- •7.Елтану пәнінің міндеттері мен атқаратын функцияларын атаңыз.
- •10.Францияның гео. Орналасуы,территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстарын сипаттаңыз.
- •11.Франция шаруашылығының даму ерекшеліктері.
- •12.Франция халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық мәселелерін сипаттаңыз.
- •14.Францияның туристік аудандастырылуы. Ірі қала агломерацияларын сипаттаңыз.
- •15.Испанияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстары туризм даму факторы ретінде.
- •16.Италияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстарын сипаттаңыз.
- •17.Италия шаруашылығының даму ерекшеліктері.
- •18.Италия халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық мәселелері.
- •19. Италияның сыртқы экономикалық байланыстары, негізгі сауда серіктестіктері.
- •20.Италияның ішкі айырмашылықтары, әкімшілік-аумақтық бөлінуі.
- •21.Италияның туристік аудандары және оларға сипаттама беріңіз.
- •23.Германия шаруашылығының даму ерекшеліктері. Өнеркәсібінің жетекші салалар географиясы.
- •24.Германия халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық проблемалары.
- •25.Германияның сыртқы экономикалық байланыстары, негізгі сауда серіктестіктері.
- •26.Германияның ішкі айырмашылықтары, әкімшілік-аумақтық бөлінуі.
- •27.Германияның туристік аудандары және оның сипаттамасы.
- •28.Қытайдың географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстарын сипаттаңыз.
- •33. Қытайдың бір экономикалық ауданына сипаттама.
- •34. Ақш-тың географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстары.
- •35.Ақш-тың халқы, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық мәселелері.
- •36.Ақш-тың өнеркәсіп географиясын сипаттаңыз.
- •37.Ақш-тың әкімшілік-аумақтық бөлінісі.
- •38.Ақш-тың бір экономикалық ауданына сипаттама беріңіз (өз қалауың бойынша).
- •39.Жапонияның халқы, этникалық діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық мәселелері.
- •40.Жапонияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдай мен ресурстары туризм даму факторы ретінде сипаттаңыз.
- •42.Жапонияның әлемдік экономикадағы алатын орны.
- •44.Үндістан шаруашылығының даму ерекшеліктері.
- •45.Үндістанның халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық проблемалары.
- •46. Үндістанның ішкі айырмашылықтары әкімшілік аумақтық бөлінуі.
- •47.Үндістанның туристік-рекреациялық әлеуеті және оны пайдалану.
- •48.Испанияның ішкі айырмашылықтары, әкімшілік-аумақтық бөлінуі.
- •49.Испания халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық проблемалары.
- •50.Испанияның туристік - рекреациялық ресурстарына сипаттама.
- •52.Ұлыбританияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстары.
- •53.Ұлыбритания шаруашылығының даму ерекшеліктері. Өнеркәсібінің жетекші салалар географиясы.
- •54.Ұлыбританияның әкішілік-аумақтық бөлінісі, ішкі айырмашылықтары.
- •55.Ақш-тың туристік-рекреациялық әлеуеті және туризм дамуы.
- •56.Еуропа қалалары танымдық туризм орталығы ретінде.
- •57.Азия елінің экономикалық-әлеуметтік жағдайына сипаттама.
- •59.Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық орналасуы туризм даму факторы ретінде қарастырыңыз.
- •60.Ұлыбританияның негізгі туристік орталықтарын сипаттаңыз.
10.Францияның гео. Орналасуы,территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстарын сипаттаңыз.
Жер көлемі – 551 мың шаршы шақырым.Халқы – 63,7 млн адам.ЖІӨ - 1,61 трлн доллар.Адам басына шаққында – 31,1 мың доллар.БҰҰ рейтингісі бойынша – 13 орында.Франция – экономикалық қуаттылығы жөнінен ілемде 6-шы орында.Ол Европаның ықшамдалған батыс бөлігін алып жатыр, Бельгиямен,Люксембургпен,Германиямен,Швейцариямен,Италиямен,Испнаия және Андоррамен шекаралас жатыр.Ла – Манш және Па-де-Кале бұғазы арқылы Ұлыбританиямен шектесіп жатыр. Елдің оңтүстігінде карлик мемлекет Монако бар.Теңіз аумағының жалпы ауданы – 135 мың шаршы шақырым, ал халқы – 1,9 млн адам.Жалпы табиғи жағдайлар мен ресурстар адам өмірі мен шаруашылғының дамуы үшін қолайлы. Франция аумағында альпі қатпарлығының жас таулары – Альпі (Монблан 4807 м) қоршап жатыр, солтүстік батысы және солтүстік шығысы орта биіктікті таулар мен қыраттар – Орталық массив, Вогезы, Арденны, Армариканский массивтері алып жатыр.Территорияның (2/3) бөлігін жазықтар мен ойпаттар алып жатыр, елдің солтүстігі мен батысында – Солтүстік Француз, Жерорта теңіздік және Аквитан ойпаттары алып жатыр. Франция минералды ресурстарға бай емес: Лотарингияда (тас көмір қоры), мұнай (Аквитания мен Париж бассейінінде) және табиғи газ (елдің оңтүстігік батысында – Лок кен орны) бар. Елдің экономикасында маңызды орынды Орталық Массивтегі уран қоры мен өзен энергиясы алады (Рона өзені).Уран рудаларының жалпы қоры 70 мың тонна, әлемдік қордың 3 пайызын құрайды.Оңтүстік Прованс және Лангедокта боксит өңдіріледі, Эльзас және Лотарингияда калий және тас тұзы бар. Ел құрылыс материалдарына бай. Климаттың қалыптасуына Атлант мұхитындағы суық ағыс пен Жерорта теңізіндегі жылы ағыс әсер етеді. Екі климаттық зона арасындағы табиғи барьер Севен таулары болып табылады. Қаңтардың орташа Т +1+8 градус, шілде +17 +24 градус. Солтүстігін жұмсақ, ылғалды теңіздік климат басым, оңтүстігінде жерорта теңіздік климат, орташа жылдық температурасы жоғары, жауын-шашын мөлшері аз. Францияның ірі өзендері – Луара, Сена, Гаронна, Рона және Рейн.Жұмсақ климат, таудағы альпинизм мен қысқы спорт түрлері, тарихи және мәдени ескерткіштер, жоғары дамыған инфрақұрылым, тамаша француздық асхана мен ұлттық салт-дәстүрлер Францияны туризмнің классикалық отаны қылады. Ол президенттік-парлементтік мемлекет. 1958 жылы қабылданған конституция әлі күнге дейін бар. Парламент қос палатадан тұрады – Ұлттық ассамблея және сенат. Франция 96 департаментке бөлінеді. Франция БҰҰ; ЕО; НАТО мүшесі және үлкен «сегіздіктің». Бұл ядерлік және космостық держава. Парижде ЮНЕСКО-ның бас резиденциясы және көптеген халықаралық ұйымдарда орналасқан.
11.Франция шаруашылығының даму ерекшеліктері.
Франция әлемде 5-ші орында, оның үлесіне әлемдік өндірістің 3,1 пайызы келеді, Европада 1-ші орында. Дәнді дақлы, сыир еті, қант қызылшасы, май дақылдарынан ЕО-та бірінші орында, шарап, қант қызылшасы бойынша - әлемде екінші, сүт өндірісі бойынша – Еуропада екінші орында.Франция ауыл шаруашлықы өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етеді. – бидай, қант, шарап, май, сиыр еті мен құс еті ел қажеттілігінен аысп түседі. Ауыл шаруашылық өндірісінің құрылысы өсідік шаруашылығы мен мал шаруашылығының әртүрлілігімен сипатталады. Ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлер: шабындық – 40%, азықтық дақылдары – 19, дәнді дақыл – 28, жүзімдіктер – 6, майлы дақылдар – 3, көкөніс-2 алады. Дәнді дақылдардың барлық түрі өсіріледі (бидай – 40 млн т., жүгері – 15 млн т), бидайдың өінмділігі 75 ц/га, Нидерландыға ғана жол береді. Бидай өсіретін басты аудандар Солтүстік Француз ойпаты мен Фландрия. Қара бидай – Орталық массивте, арпа – Эльзаста, Фландрияда және Францияның өзге де солтүстік аудандарында. Жүгері – елдің оңт батысында Пиреней алдында. Күріш Рона өзені атырауында өсіріледі. Солтүстік Француз ойпатында негізінен қант қызылшасы өіріледі. (Пикардияда). Солтүстік және париж ауданыда зығыр, Эльзас және Фландрияда – хмель, Эльзас пен Орталық массивтің оңтүітс-батысында – табак өсіріледі. Бақ шаруашылғы да жақсы дамыған. Алма Бретань мен Нормандияда; шие – Эльзас пен Лотарингияда; өрік- Лиманиде. Жерорта теңізінде бақтар өте көп. Прованста тауарлық гүлшаруашлығы дамыған. Франция – жүзім мен шараптың ірі өндірушісі. Жүзімдіктің басты аудандары – Лангедок – 40 пайыз; елдің оңтүітс батысы – 25 пайыз. Жүзімдіктер гаронна, Дордони, Шарантының төменгі сағаларында өсіріледі, мұнда жғарғы сапалы шарап жасалынады. Шарантында Коньяк атты қала бар, мұнда коньяк фирмаларының көптеген офистері оранласқан. Өзге де шарапқа маманданған аудандар – шампань (елдің солтүстік шығысы, мұнда атықты шампанское шығарылады, Бургундия, Рона және Луара аңғарлары.Сүтті мал шаруашлығы Бртаньда, Нормандияда және луара жерінде дамыған. Агроөндірістік кешендегі сүтті өнімнің үлесі 19 пайызды, етті-21, дәнді-18, алкоголь өнімдері – 24 пайызды құрайды. Етті мал шарушылығы Орталық массивте, Бретан мен Лимузенде дамыған. Құс шаруашылығы да жақсы дамыған: Оратылқ Аквитанияда қаз, Вандеяда – үйрек, Брессте- тауық өсіру дамыған. Құс етін өндіру бойынша Франция Европада 1-ші орын алады. Балық шаруашылығы мұхиттық және жағалаулық деп бөлінеді. Солтүстік теңізде сельд, ьреска, Франция жағлауында – сардины, анчоус, мерлан ауланады. Ірі балық аулау порттары – Конкарно, Гильвинек, марен және Аркашон. Көптеген өзендерде жасанды форель өсіріледі.