Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

35.Ақш-тың халқы, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық мәселелері.

АҚШ халқының саны жағынан дүние жүзінде үшінші орынды иеленеді. Бір ғана ХХ ғасырдың ішінде халқының саны 3,5 есе өсті. АҚШ халқының тығыздығы жағынан дүние жүзіндегі ең халқы көп 20 елдің ішінде 18-ші орынды иеленеді. 1 шаршы шақырымға 27 адамнан келеді. Ел ішінде халықтың орналасу шектен тыс əркелкілігімен ерекшеленеді. XIX ғасырдың басынан бері елге 70-ке жуық елден 55 млн. адам келді. Қазір де бірқатар шектеулерге қарамастан, жыл сайын елге 1 млн.-дай адам келеді. Қазіргі американ ұлты — бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктерінен, әсіресе Еуропа мен Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі. АҚШ американдары бүкіл халықтың 3/4-ін; ал аборигендер — 1%-тейін құрайды. Соған қарамастан, АҚШ-тың өте көптеген географиялық атауларының үндістерден шыққанын байқауға болады. Бұрын негр халқының негізгі бөлігі Оңтүстікте, XIX ғасырда құлдықты жойғанға дейін плантациялық шаруашылық үстем болған "қара белдеуде" тұрды. Халықтың орналасуының орташа тығыздығының көрсеткіші жөнінен АҚШ дүние жүзіндегі халық неғұрлым тығыз қоныстанған 20 елдің ішінде 18-орын алады (1 км²-ге 27 адам). Ел ішінде халықтың орналасуында өте үлкен айырмашылықтар бар. Мысал. АҚШ тұрғындарының 70%-і дерлік елдің жалпы жер көлемінің не бары 12%-ін алып жатқан территорияда тұрады. Теңіз (көл) жағасындағы штаттар мен таулы штаттар арасындағы айырмашылық өте зор: 1 км²-ге 350—400-ден 2—3 адамға дейін келеді. АҚШ халқының орналасуы ең алдымен қалалар географиясына байланысты, мұнда жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Солтүстік американдық қала үлгісінің өзіндік ерекшеліктері көбіне қалалардың жастығына байланысты болып келеді. Американ қалалары негізінен төртбұрышты болып жоспарланады. Әдетте, Орталық іскер аудан, немесе "даунтаун" үнемі көзге түседі, онда басқару органдары, банктер, бұқаралық ақпарат және қызмет көрсету құралдары орналасады. Үлкен қалалардың келбетін әдетте аспанмен тілдескен биік үйлер айқындайды, олар қала күш-қуатының, оның гүлденуінің көрсеткішіндей. Қаланың қалған бөліктерінде 3—5 қабатты, ал орталықтан қашықтаған сайын — жеке үйлер басым болады. Бұл қаланың барынша қанат жаюына және қала агломерацияларының қалыптасуына жағдай туғызады. АҚШ — нағыз қала агломерацияларының елі. 1950 ж. АҚШ-та 170, ал 80-жылдардың соңында — 300-дей қала агломерациясы болды. АҚШ-та небары 6 "миллионер" қала, 40 шақты "миллионер" агломерация бар.

36.Ақш-тың өнеркәсіп географиясын сипаттаңыз.

АҚШ өнеркəсібінде барлық басты жəне кіші салалар, өндіріс түрлері түгел бар. АҚШ ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі жағынан да дүние жүзінің кез келген елін басып озады. АҚШ агробизнеске бірінші болып өтті. АӨК саласындағы еңбек өнімділігі өнеркəсіпке қарағанда тез өсуде. Дүние жүзіндегі экспортталатын дəнді дақылдардың тең жартысы АҚШ-қа тиесілі. АҚШ барлық көлік түрлерінің дамуы жағынан да кез келген елден алды: жалпы көлік санының 1/3 бөлігі, Батыс елдеріндегі барлық тасымал түрлерінің 1 бөлігі соынң үлесіне тиеді. АҚШ-тың көлік жүйесі ерекше солтүстік – американдық жүйесін құрайды. Оған мынадай ерекшеліктер тəн: көліктің барлық түрін дамыту, жүк жəне жолаушы тасымалдаудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізу, бұл тасымал қашықтықтарының аса ұзақ бьолуы, автомобиль көлігі рөлінің ерекше маңызға ие болуы. АҚШ өнеркəсібінің басты салаларының географиясы. АҚШ өнеркəсібінің картасына қарап, барлық жетекші салалардың көптеген штаттарда жақсы дамығанын байқау қиын емес. Осы деңгей тұрғысынан қарағанда екі-үш штат ерекше көзге түседі. Бұл отын – энергетика өнеркəсібіне қатысты болып келеді. Көмір елдің 15-тен астам штатында өндіріледі, ең басты көмір штаттары – Кентуки, Батыс Виргиния жəне пенсильвания. Қара металлургия ошағы елдің солтүстігінде пайда болып, Иллинойс, Индиана, Огайо, пенсильвания, Мэриленд тəрізді “металлургиялық штаттарға” топтасу үстінде. Химия өнеркəсібі де əлемдегі ең ірі өнеркісіп. Оның бірнеше ондаған орталықтары бар, алайда оның жоғары дəрежеде шоғырланғандары жекелеген аудандарда жəне олрадың өзіндік сипаттары да ерекше. Тоқыма өнеркəсібі екі ғасыр ішінде Жаңа Англия деп аталатын (орталығы - Бостон) солтүстік – атлантика штаттарында шоғырланып болған. өнеркəсіптік аудандар мен белдеулер. АҚШ сияқты үлкен елде əр түрлі дəрежедегі көптеген өнеркəсіптік аудандар бар. Олардың ең ірі үшеуі – Нью-Йорк, Лос – Анджелес жəне Чикаго өнеркəсіп аудандар. АҚШ-тың агроклиматтық ресурстары да өте жақсы. АҚШ-тағы өсімдік шаруашылығы саласы бірінші кезекте егістік жердің 2/3 бөлігін алып жатқан дəнді дақылдарды білдіреді. Ең басты азықтық дақыл – бидай, бірақ жемдік дақылдар (жүгері, сорго) едəуір көп егіледі. АҚШ-тың мал шаруашылығы саласы ең алдымен, сүт жəне ет өндіруге бағытталған мүйізді ірі қара мал өсіруді білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]