Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

5.Елтанудағы халықтың қоныстану мәселелері.

Қоныстану деп территорияның шаруашылық игерілу процесі және оның нәтижесі деп түсінуге болады. Бұл анықтама қоныстануды барлық шаруашылық кешендерін біріктіретін маңызды сала екенін анықтайды. Қоныстануға аумақтық шаруашылық құрылымының бір элементі ретінде қарап, оған келесдей белгілер тән: - қоныстану шаруашылқтың жетекші жүйелерімен: халық, материалдық өндіріс, өндірістік емес салалар, инфрақұрылым және табиғи ресурстармен толығымен сипатталады. - Қоныстану – адамның өмір тіршілігінің (оның еңбегі, тұрмысы, демалысын) уақыттық (тәуліктік, апталық, маусымдық, жылдық) циклі мен ортасының көрсеткіші;Қоныстану әртүрлі факторларлың жиынтығы болып табылады, оны 3 топқа жәктеуге болады: А) тарихи-географиялық, Б) табиғи, В) әлеуметтік-экономикалық. Шаруашылық игерілу жағдайының әртүрлілігі, табиғи ортаның ерекшелігі, өмір сүру ерекшелігі, халықтың салт-дәстүрі, географиялық жағдайдың ерекшелігі- осының барлығы қоныстанудың әртүрлі формаларына әсерін тигізеді.Елді жан-жақты зерттеуде қалаларды зерттеу де маңызды. ҒТР дамуымен урбанизация қарқыны өсуде және ол қоғамның өміріне үлкен әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде жоғарғы урбандалған мемелкеттер саны артуда бұл ең алдымен экономикасы жоғарғы дамыған елдері, соынмен қатар экономикасы орташа дамыған Латын Америкасының кейбір елдері жатады. Әлемнің көптеген елдерінде үлкен қалалар төңірегінде бірнеше млн халқы ірі қала агломерациясы құрылады. Мысалы, Нью-Йорк, Токия, Лондон агломирациялары халқы саны мен экономикалық потенциалы бойынша әлемнің көптгене мемлекеттерінен асып түседі. Қалалар мен агломерация санының өсуі оның қоныстанудағы, экономикалық, мәдени және саяси өміріндегі рөлін арттырады. Жоғарғы индустриалды мемлекеттің ауылдық өңірінде қалалық өмір сүрі образы қалыптасады.Урбанизация процессі маңызының артуы елтанудағы геоурбанистикалық зерттеулердің маңызын арттыра түседі.Елдің қалалар жүйесін зерттеу - өте маңызды мәселе. Бұл мәслені зерттеуде ең тиімді концепция болып елдің «аумақтық-урбанистикалық құрылымы» табылады. Мұнда урбанизация процесінің ерекшеліг бойынша әлем елдерін белгілер бойынша топтастыру ұсынылады.Мыналарды ажырата білу керек: А) қаланың жоспарлы құрылымының негізгі ерекшеліктері мен типтері (мысалы, пайда болып келе жатқан қалаға микроорналасудың қала жасынң, көлемінің, функционалды профильдің әсері),Б) қаладағы құрылысы сипаты (ғимараттың архитектуралық стилі, ғимарыттың сапасы, меншік формасы),В) қаладағы экономикалық-шаруашылық функциялардың орналасу заңдылыңы,Г) қаланың функционалды шағын аудандарының негізгі типі және қала маңызды кең таралған елді мекендер және т.б.

6.Туристік елтану пәнінің ерекшелігі мен маңызы неде?

Қазіргі таңда халықаралық туризм өте қарқынды және тұрақты қарқынды дамып келе жатыр. Елтану ел мен оның аудандарының кешенді зерттейді, табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті және әлеуметтік-саяси ұйымдастырылуы туралы әртүрлі ақпараттарды жүйелейді. Елтану – нақты бір территорияны зерттейтін ғылым;Елтану – географияда өңделетін теория мег заңдылықтарды тексеретін «лаборатория»;Елтану – нақтылы бір территориядағы толық кешенді географиялық жағдайларды зерттейтін ғылым.

Елтану – бұл 1) нақты аумақты зерттейтін ғылым, 2) физикалық және қоғамдық география төңірегінде нақты аумақтағы географиялық құбылыстардың толық кешеніне зерттейтін ғылым; 3) нақты бір ел және аудан туралы әртүрлі ақпараттардың бірігуінің ұйымдық формасы. Елтанудың басты ұстанымдары: экологиялық (әлеуметтік-экономикалық нысандардың қоршаған ортамен байланысын ескере отырып), гуманистикалық (адамның дамуына баса көңіл аударады).Елтанудың басты міндеттері: -адамның өмір сүру салты мен өндіріс процессін көрсету; -табиғи ортаны ресур және еңбек ортасы көзі ретінде сипаттау;-өндіріс саласының дамуы өмірдің жоғарғы деңгейі мен сапасын қамтамасыз ететін құрал ретінде бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]