Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

54.Ұлыбританияның әкішілік-аумақтық бөлінісі, ішкі айырмашылықтары.

Ұлыбритания 4 әкімшiлік-саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан):Англиядан(45 графтық пен ерекше әкімш. бірлік — Үлкен Лондон, әкімш. орт. — Лондон);Уэльстен(8 графтық, әкімш. орт. — Кардифф);Шотландиядан(12 облыс пен 186 арал, әкімш. орт. — Эдинбург);Солтүстік Ирландиядан(26 округ, әкімш. орт. —Белфаст) тұрады. АлМэн аралы(әкімш. орт. —Дуглас) менНормандаралдары (әкімш. орт. — Сент-Хелиер) дербес әкімш. аймақтарға жатады.

Бұған қоса Ұлыбританияның иеліктері: Еуропада—Гибралтар,АмерикадаАнгилья,Бермуд аралдары,Британдық Виргин аралдары,Кайманаралдары,Монтесеррат,ТеркспенКайкос,Фолкленд(Мальвин) аралдары,Африкада—Әулие Елена аралы,Океанияда— Питкэрн аралы бар. Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастанфедерацияемес,унитарлық мемлекет—парламенттік монархияболып табылады. Елдің жекеКонституциясыжоқ. Ұлыбритания заңдары көп ғасырлық конституц. дәстүрлер мен Жоғарғы сот органдарының шешімдеріне негізделген. Мемлекет басшысы —монарх, сот жүйесінің басшысы, жоғ. бас қолбасшы болып табылады. Монарх билігі шектелген. Қазіргі патшайымы —Елизавета II(1952 жылдан). Жоғары заң шығарушы органы — екі палатадан (қауымдар және лордтар) тұратын парламент. Парламент құрамына патшайым да кіреді. Атқарушы билік премьер-министрдің қолында.Ресмитілі —ағылшын тілі. Англия 39 графтық, 6 метропометендік графтық және Лондоннан тұрады. Уэльс 8 графтықтан, Солтүстік Ирландия 26 округтен, Шотландия 9 ауданнан тұрады. Ұлыбританияда 8 ірі агломерация бар. Олар: Үлкен Лондон, Бат.Мидлент (Бирменгем), Мерсейсайт (Ливерпульт), Үлкен Манчестер, Батыс Йокшер (Лидс,Бредфорд), Оңтүстік Йокшер( Шефельт, Ротерем), Клайдсайт (Глазго), Тайнсайт (Ньюкасл–апон тайн). Англия тарих– геграфиялық ауданы б.з. 1 ғ.римдіктер үстемдік еткенде пайда болған. Англия Оңтүстік, Орталық жіне Солтүстік болып бөлінеді. Оңтүстік Англия Оңтүстік–шығыс ауданға, Шығыс Англия, Оңтүстік–батыс ауданға бөлінеді .Осында ең ірі агломирация Үлкен Лондон орналасқан. Онда 6,4 млн.адам бар. Лондон әлемдегі қаржы орталығы ретінде алдына тек Нью–Йоркті алдына жіберіп отыр. Лондонда әлемдегі ең ірі шетелдік мекемелер орналасқан.(150 елден 300 банк, 200–ге жуық сақтандыру компаниялары). Осында әлемдік алтынның бағасы белгіленеді. Орталық Англия Батыс Мидленд және Шығыс Мидленд болып бөлінеді. Солтүстік Англия Солтүстік–Батыс аудан,Йокшер Хамбермсаймен және Солтүстік аудандардан тұрады. Манчестер (2,4 млн)агломерациясы мен Мерсесайд(1,4 млн) орналасқан. Ол тоқыма , тамақ, машина жасауға маманданған.Ауданның орталығы – Манчестер.

55.Ақш-тың туристік-рекреациялық әлеуеті және туризм дамуы.

Халықаралық туризмде АҚШ Еуропадан едəуір артта қалып қояды. Соған қарамастан, бұл елге жыл сайын 45 млн адам келіп қайтады. АҚШ-та 50 ұлттық саябақ бар, оған жыл сайын 50 млн турист келеді. Ең əйгілілері – Йеллоустон, Йосемет, Секвой, Глейшер, Үлкен Каньон, Грейти – Смоки – Маунтинс. АҚШ-тың тұңғыш ұлттық бағы - Йеллоустон, негізі 1872 жылы қаланды. Ұлттық бақ үш бірдей - Вайоминг, Монтана және Айдахо - штаттарының территориясында орналасқан. Бақта түрлі жануарлар көптеп кездеседі. Йеллоустон ұлттық бақ территориясында атақты "Old Faithful" гейзері мен басқа да геотермалдық  су көздері бар.Брайс каньон.АҚШ-тың ұлттық саябағы және Юта штатының ашық түсті табиғи ғажайыбы болып табылады. Ал ол өзінің атауын (Bryce Canyon) мында отбасымен мекен еткен Мормон Эбенезер Брайстың атына қойылған.Мормон Эбенезер Брайс каньонда мекен етемін деген шешімді 1875 жылы қабылдады. Туристер АҚШ-қа қалаларды, табиғатты, тарихи ескерткіштерді, түрлі көрікті орындар және ойын-сауық жерлерді көру үшін келеді. XIX ғасырдың соңында XX түбінде АҚШ-та қала туризмінің дамуы болып жатты. 1850 жылы туризм құрама штаттарда мәдениетті қызметке, содан индустрияға айналды. 1890 жылы барлық басты АҚШ-тың (Нью-Йорк, Чикаго, Бостон, Филадельфия, Вашингтон және Сан-франциско) қалаларына туристің алып саны келді. Автомобильдердің кең таратуымен байланысты XX ғасырда сапар шегу саны өсті.. Тағы бір туризмнің дамуына АҚШ-та 1945-1969жылдарда ұшақтардың пайда болуы да әсер еткен. 2007 жылға дейін туристің саны шамамен 56 миллионға жеткен. Және де қазіргі кезде АҚШ-та әлемнің ең көрікті 10 мұражайның 4-і орналасқан. Олар: Нью-Йорк қаласындағы Метрополитен, Лос-Анджелес қаласындағы Гетти, Чикагодағы Өнер Институтының мұражайы және Вашингтондағы Ұлттық галерея. АҚШ-та тағы бір ерекше туризмнің бір түрі – этнографиялық экскурсиялар. Олар өзіне ежелгі үндістердің, инктер, ацтектер және майялардың ежелгі қалалары бойынша экскурсияларды біріктіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]