Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбдуаитАида_философия.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
90.33 Кб
Скачать

14) Орта ғасырдағы еуропалық философия және тәжірибелік-қолданбалы білімдердің дамуын сипаттаңыз.

Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан дінімен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында.Рим империясықұлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулерЕуропаелдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды.  Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып келді. Тек, 756 жылыМыртық Пипинварварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Щығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады. рта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта ғасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан ғазеттерді қалай үзбей оқитын болсақ, оларда Библияны (інжілді) сондай құштарлықпен, үлкен үмітсеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан діні орасан зор рөл атқарды. Осы дәуірдеғі христиан идеологиясының адамгершілік бағыты — «Сенім», «Үміт» I және «Махаббат» үштіғінің бірлігіне тікелей байланысты болды. Бұл «Үштіктің» ішінде «Сенімге» үлкен мән беріліп, ол құдай жолына апарар «рухтың» ерекше бір жағдайы деп қарастырылды

15) Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз.

 Ғылымның пайда болу мәселелері. Ғылымның тууы тәжірибелік және танымдық іс-әрекеттер жиынтығы және білімнің ерекше түрінің қалыптасуы ретінде. Ғылымның тарихы мен теориялық моделінің арақатынасы. Ғылым және миф. Ғылым және технология. Ежелгі мәдениет адамдарының дүниетанымдарының ерекшеліктері және алғашқы ғылым. Месопотамияның, Египеттің, Қытайдың және Үндістанның мәдениеттері, өркениеттік бағалар, дамудың технологиялық жоспары, математикалық, астрономиялық, медициналық білімдердің тәжірибелік мақсаттары мен қолданбалы сипаттары. Көп мәнді «ғылым» ұғымының мазмұнын анықтау үшін оны құратын мәнді белгілерін ашып көрсету қажет.Ғылым дегеніміз ең алдымен білім, білімдер жиынтығы. Екіншіден, ол білімдерді тұжырымдауға, өндіруге бағытталған іс-әрекет, яғни дүниедегі заттар мен қүбылыстарды танып білу қызметі. Қазіргі заманғы ғылым сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы, түрліше ғылыми мекемелер жүйесін қамтитьш әлеуметтік институттар, маман кадрлар даярлау жүйесі және, XX ғысырдың екінші жартысынан бастап, қоғамның тікелей өндіргіш күші деп түсініледі. Ғылым үғымын аталған белгілері бойынша түсіндіру арқылы оның алғашқы бастамасы да анықталады. Ғылым кадрлар даярлаудың және қайта даярлаудың кесіптік жүйесі ретінде XIX ғасырдың алғашқы жартысында Германияда қалыптасты. Ғылым әлеуметтік институт ретінде Жаңа заман дөуірінде туғанымен, бірақ мұндай мазмүнға шын мәнінде XIX ғасырдың ортасында немесе екінші жартысында ие болды, ол тікелей өңдіргіш күшке айналуы XX ғасырдың екінші жартысыңда өнеркәсібі дамыған елдерде ғана іске асты.