Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбдуаитАида_философия.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
90.33 Кб
Скачать

44 Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт мәселелерін талда.

 Материя дегеніміз – объективті шындықты біздің санамызда бейнелейтін философиялық категория, яғни, ұғым. Соңғы кездегі көзқарастарға келсек, олар біржақты гносеологизмге қарсы, — материяны субстанциялық- аксиологиялық (құндылық) тұрғысынан сипаттағысы келеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, материя – тек қана физикалық реалдық емес, сонымен қатар, рух та – мәңгілік материяның көп қасиеттерінің бірі болып есептеледі. Ал енді идеалистік бағытқа келер болсақ, олар өмірдің рухани жағын негізгі деп есептейді. Заттардың субстанциясы (алғашқы негізі) – рухани болмыста жатыр. Идеализмнің дүниеге келуінің алғы шарттарына адамның өмірлік практикалық мүдделері жатқаны сөзсіз. Сондықтан, бұл ағым құндылықтар әлеміне көбірек көңіл бөледі. Егер материализм негізінен сыртқы Дүниені тануға бағытталған философия болса, идеализм, керісінше, адамның ішкі рухани өміріне көбірек көңіл бөледі. Адам, оның өмірі мен бақыты, үміті мен қайғысы т.с.с. сұрақтар идеалистік философияның негізгі мәселелеріне айналады. Философия тарихында объективтік идеализмнің негізін қалаған ұлы Платон болды. Оның ойынша, тек рухани болмыс – шынайы болмыс, ал сезімдік дүние оның бұлдыр, жетілмеген, өтпелі көлеңкесі ғанаОның ойынша, адам — қайшылықты пәнде. Оның денесімен қатар жан-дүниесі бар. Дене – сезімдік әлемге жатса, жанның Отаны – эйдос әлемі, сондықтан, ол –мәңгілік.

45 Қазіргі заманғы әлемді синергетикалық, кванттық—релятивистіктұрғыдан түйсіну әлемді тереңірек түсінудің баспалдағы екендігін дәйектеңіз.

 Синергетика (грек, synergtikos — біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигіГ. Хакененгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де — дәл осы линейлі емес жүйелер.

Синергетикалық әдіснаманың негізін тиімділіктің жаңа түрі құрайды — линейлік емес ойлау немесе синергетикалық тиімділік. Синергетикалық теорияөзін-өзі дамытушы жүйелерді ашық жүйе ретінде қарастырады. Болмыс философияда іргелі мәселе ретінде пайымдалатын болғандықтан, оның мәнін терңірек ашуға бағдарланған түсініктер мен ұғымдар туындаған. Соның бірі «болмыс  аналогиясы» деп аталады. Ол католиктік философиядағы орталық ұғымдардың бірі ретінде – кез-келген мәнді нәрсенің басқа бір мәнді нәрсеге ұқсастығы мен одан өзгеше болатындығын дәйектейді. Бірлік пен ұсқастық бастапқы болса, оның кейінгі айырмашылығы мен даралануы құдай әрекеті арқылы жүзеге асқан деген тұжырыммен жалғасады

46 Қоғамның ғылыми таным обьектісі ретіндегі

 көзқарастарды келтіріңіз.

Қоғамды әлеуметтiк үйымдасқан материя ретiнде әлеуметтiк философия зерттейдi. Әлеуметтiк философия жалпы философиялық бiлiм жүйесiнiң бiр бөлiгi болып табылады. Оның объектiсi- әлеуметтiк әлем бүкiл оның көп түрлiгi мен бiрлiгiнде. Бiрақ қоғамды таным объектiсi ретiнде тек философия ғана емес басқада ғылымдар зерттейдi. Олар қоғамның жеке саласың қарастырады, «бөлiп» алғандай. Мысалы: юриспруденция- адамдардың қоғамда қалыптасқан заңдарға деген қатынастарың, жалпы құқықтық құбылыстарды зерттейдi, педагогика- педагогикалық құбылыстарды, бүкiл бiлiм беру және тәрбиелеу салаларың қамтиды, тарих- нақты белгiлi бiр кеңiстiк пен уақытқа қатысты оқиғаларды сипаттап, түсiндiредi.

Ал, әлеуметтiк философияның қарастыратың мәселелер келесi:

* әлеуметтiн жалпы даму заңдарың жалпы әлем қалыптасу жүйесiнiң бөлiгi ретiнде

* қоғамдық болмыс және адамдардың рухани дүниесiнiң ерекшелiктерiн, ұжымдық сананы

* әлеуметтiк құбылыстарға адамдардың құндылық қатынастарың, олардыңадамдардың қажеттiлiктерi мен мақсаттарына сәйкестiгiн.

Сонымен, әлеуметтiк философия әлеуметтiк әлемге деген өзiндiк көзқарасын қалыптастырады, ал мұны басқа жеке ғылымдар жасамайды, өйткенi олар көпқырлы әлеуметтiк құрылымның тек жеке үзiндiлерiн зерттейдi.