Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбдуаитАида_философия.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
90.33 Кб
Скачать

41.Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістері.

Таным тарихында, гносеология ілімінде екі қарама-қарсы бағыт қалыптасқан: эмпиризм мен теориялық таным. Эмпиризм айғақ пен тәжірибені абсолюттендіріп, ойлау, абстракциялау, жалпылау деңгейлерін елеусіз қалдырады да, сенсуализмге жақындайды. Схоластикалық теориялау бұған қарсы бағыт. Ол екі мағынада қолданылады: 1) Орта ғасырдағы діни философиялық бағыт; 2)Жеміссіз ойтолғау, шартты білім, шынайы өмір мен пратикадан ажырау. Г.Ф. Гегель оны «пайымдаудың жабайы философиясы» деп атған болатын. Схоластика шындығында да таза айтылған пікірлердің  біржақты формальді-лгикалық дұрыстығына және канондалған мәтіндерге сүйенетін догмалық ойлау тәсілі. Эмпирпиканың негізгі элементі айғақ (факт). Оның мағынасы: 1) Шындықтың кейбір фрагменттері, обьективті оқиға, нәтиже; 2) Оқиға, құбылыс, дәйектелген білім, яғни, ақиқат синонимі; 3) Эксперимент пен бақылау барысында алынған тәжірибелік білім.

42.Танымдағы ақиқат, адасу мен жалғандық, ақиқат пен сенім мәселелерін салыстыра отырып дәйектеңіз.

Адасу – белгілі бір парадигмадағы ой немесе ойлау жолы, олардың дұрыс екендігіне сенімділік болады, бірақ ол шындыққа мүлде сәйкес келмейтін таным нәтижесі. Адасу субъектінің объектіге сәйкес келе қоймайтын түсінігі,  ол білім шектеулігіне, білімнің жекелеген сәттерін абсолюттендіруге байланысты өтуі болып шығады. Оның шын мәні бірден аңғарыла қоймайды. Психологиялық адасу құбылыстарды жеткілікті түсіндірмеуден немесе жоғары дәрежедегі субъективтіліктен болады. Бұл құбылыстар туралы дұрыс қорытындыға келмеуден шығады. Адасумен  «жалған», «қателік», «өтірік», «адастыру» ұғымдары байланысты. Адасу былай бөлінеді: деректі жағдайға, затқа сәйкес еместік (материалдық қате) немесе логикалық заңдарға қайшы келеді (формальдік қате).  Адасу көздері: алдын-ала сендіру, ақыл-ой қабілетінің жетілмегендігі, асығыстық, энергия жетіспеуі, ойлаудың бір жерге шоғырлануы, танымдық материалдың жетіспеуі, субъективті көңіл-күй, құмарлық, тәртіпсіз жүйелеу, асығыс жалпылау және т.б.

.

  1. Болмыс және оның түрлері мен Бейболмыс мәселесін сараптаңыз.

Онтология тақырыбы бойынша, оның ауқымында қамтылатын  – Болмыс, Материя, Даму, Табиғат атты төрт мәселе қарстырылады. Болмыс мәселесінде: болмыс ұғымының концептуалды (таза жалпы ұғымдық көрінісі) деңгейі, бұл ұғымның философия тарихындағы байыпталу көріністері, болмыстың ішкі мәні, тұтастығы және түрлері мен олардың арақатынасы, болмыстың қабаттары туралы ілім, болмыстың баламалары зерделену объектісіне айналады. Болмыс –  өмір сүретіндердің әртүрлілігі үшін және тұтастай әлемнің бар болуының негізін бекітетін философиялық категория. Яғни, тіршілік ету, бар болу қасиеттерін жинақтаған бүкіл әлем, ондағы заттар мен құбылыстар, идеялар дүниесі. Ол кейде «дүние», «әлем» түсініктерімен сәйкес, синонимдес мағынада да қолданылады. Бірақ «болмыс» атауында оның бар болуына, тіршілік етуіне, осы әлемге қатысуына баса назар аударылса, «әлем», «дүние» сияқты түсініктер болмыстың шынайы түзілімінің тұтастығын бейнелеу үшін қолданылады. Мәселен, әлемдегі болмыс – әлемнің бар болу, өмір сүруін бекіте түссе, «әлем болмысы» сол әлемнің  шынайлығы мен жалпы болуға қатысуын анықтай түседі. Демек, болмыс, жалпы алғанда, не нәрсе, ол мейлі материалдық немесе руханилық болсын, әйтеуір бар болса, соны тұтас қамтитын философиялық категорияға айналған