Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбдуаитАида_философия.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
90.33 Кб
Скачать

50 Адам өмірінің мәні, мәңгілік өмір идеясын сараптаңыз

Адам өмірінің әлеуметтік жағы – биологиялық жақтың кейбір ұмтылыстары тежеліп, психикалық жақтың оңды, ілгерішіл жақтары дамытылып, адам – адамзат өкілі екендігін түйсінуден басталады. Ол қоғамдағы әлеуметтік үдерістердің барлығының белсенді-белсенді емес, ерікті-еріксіз  субъектісіне айналады. Себебі, онда әлеуметтенген немесе әлеуметтендірілген бағдарлар әуел бастан-ақ орнықтырылған. Бірақ ол басқа жақтарынан оқшау таза  дербес бола алмайды, психологиялық пен табиғилықтың ұштасуының нәтижесін де басшылыққа алады. Жеке адам қоғамнан тыс бола алмайды, ол қоғамдық нормалар мен талаптарды, мораль мен мемлекеттік ұстанымдарды, дәстүрлер мен ғұрыптарды, қарым-қатынас қағидаларын мойындауы тиіс, еңбек бөлінісіне қатынасып, сыртқы ортадан өзіндік орнын айшықтайды. Сондықтан адамның әлеуметтенуі стихиялы түрде және ұйымдасқан түрде жүріп отырады. Ол адамдағы әлеуметтік модустармен түйіседі. Ол болмысынан табиғи тұрғыдан құрылған қауымдастықтың мүшесі болу бағдарынан мәдени қауымдастың субъектісі болу сәтіне қарай ойысумен болады. Оның әлеуметтік жағы жоғарыда айтқандай, табиғи болмысындағы топтасу инстиктісін негізге ала отырып, оны мәдениеттенген, әлеуметтенген, саясиланған формаға көшіреді де, субъект әлеуметтік жан иесі болып шығады. Сондықтан оған өзін қоршаған қоғамдық ортада қалай сезіну керектігі, қоғамнан өз орнын табу, қоғамдық қатынастар мен талаптарды игеру, өзінің белсенділігін анықтау сияқты талаптар қойылады. Осы талаптар оның рухани жағымен байланысып жатыр.

51. Анимизм ұғымын түсіндіріп өтіңіз

Алғашқы діннің пайда болуы жайындағы ғылыми тұжырымдар қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер жүргізген философтар, әлеуметтанушылар мен дінтанушылар алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар айтқан. Әр ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде дінге түрлі түсінік береді. Нәтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді бөле жара атайды. Аталмыш діндер негізінен көп тәңірлік (политеистік) сенімнен тұрады. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық құрылыс уақыт өткен сайын мәдениеттілікке қол жеткізіп, соңында мәдениетті, өркениетті елге айналғаны секілді, діндер де алғашқыда көп тәңірліктен бастау алып, бертін келе, бір құдайға (монотеизм) сыйынудың қалыптасқандығын айтады. Енді осы айтылған ғылыми тұжырымдамаларға келсек: Анимизм – адамның өмірлік істеріне араласатын және адамға өз мақсатына жетуге көмектесетін немесе кедергі келтіретін сансыз «рухани әлемдердің» болатындығына деген сенім. Бұл тұжырымның мән-жайы анимистік нанымдардың тиянақты талдамасын ағылшын антропологы Э. Тайлор (1832-1917) өзінің «Алғашқы мәдениет» еңбегінде жазды.

.

52. Адамның жаратылуы туралы діни түсініктерді салыстырыңыз.

ЖАУАП ЖОҚ

53. Адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндіріңіз.

  Жеке адам туралы әңгіме болғанда, адамзат тегінің жеке бір өкілін түсіну қажет. Жеке адам- көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам” және «тұлға”  ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның ешбір жекеше ерекше әлеуметтік белгі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аса кедей болады, бірақ көлемі кең, өйткені әрбір адам- индивид. Егер біз жеке адам десек, онда ақыл-ойлы адамның жеке бір түрін ғана, адам тегінің бір өкілін ғана алып отырмыз. Ал егер оның қайсы бір ерекше белгісін, сапасын атап көрсетсек, онда ол ұғымның көлемін кішірейтіп, бір әлеуметтік тобын бөліп аламыз. Бірдеде формальдық логиканың ұғымының мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас заңын көреміз.  Мысалы бай адам немесе кедей адам десек біз адамдардың белгілі бір тобын басқаларынан бөліп көрсетеміз, сөйтіп ұғымның көлемін азайтып, нақтылаған сайвн оның айырмаылық белгілері көбейіп, мазмұны баии түседі. Сөйтіп адам көлемінің мазмұнын  азайтып, жекелеген сайын бір ғана жеке адамды білдіретін ұғымға жетеміз. Осылайша шегіне жеткізе жекеклендірген адам тұлға деп аталады. Сонымен, тұлға дегеніміз әлеуметтендірілген жеке адам деуге болады.