Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aman.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
347.65 Кб
Скачать

5.1 Ұлттық құрамы

Франция – бір ұлтты мемлекет. Халықтың көп бөлігін француздар құрайды. Тамырлы халықтың ¼ бөлігі – Францияда туып, өскен шетелдіктер. Халық саны – 58805000 адам, орташа тығыздығы шамамен 108 адам бір кв. км. Этникалық топтар: француздар – 85,8%, португалдықтар, алжирліктер, итальяндықтар, мароккандықтар, түріктер. Олар негізінен елдің шет аудандарында шоғырланған. Эльзастың солтүстік-батысында және Лотарингияның солтүстік-шығысында эльзастар (1,3 млн.) мекендейді. Бретань түбегінің батысын бретондықтар (1 млн.), ал солтүстігін фламандтар (100 мың), Корсика аралын корсикандықтар (300 мың) және Пиреней етегін басктар (130 мың) мен каталондықтар (200 мың) мекен етеді. Тұрмыстық қатынас тілі - өздерінің тұған тілі. Өзінің туған тілімен қатар французша білім алып, іскерлік, қоғамдық және мәдени қатынастарды жүргізеді.

Францияда ұлттық мәселе ешқашан болмаған. Бірақ Эльзаста тілдік жағдайының мәселесі болып тұрады. Ол әдеби тілдерінің немісше болуына байланысты. Ал неміс тілін оқыту бұнда қиынға соғып, эльзастықтар тарапынан мектептегі неміс тіліндегі білімге қатысты бой көтерулер болып тұрады. Жаңа Францияда шеткі аудандарының өзіндік мәдениетін сақтау қозғалыстары байқалады. Оны қолдаушылар жергілікті мектептерде, ұйымдарда, радио мен телеарналарда жергілікті тілдерді енгізу шартын қояды.

Ресми тілі – француз. Ол үндіеуропалық тілдің роман тобына жатады. Көптеген француздар ағылшын тілін ұнатпайды.

Франция. Au Pair

Au Pair. Отбасыларда тұрып, француз тілін үйрену.

Шетел тілін жақсы меңгеру үшін ең тиімді әдісі – сол тіл ортасында тұру екені бәріне мәлім. Бірақ, барлығының шетел елде ұзақ тұруға шамасы жетпейді. Қазіргі кезде жастардың ең әйгілі бағдарламасы болып, AU PAIR Program саналады. Бұған бүкіл әлем жастары қатыса алады. Бұл Еуропалық одақ елдерінде бір жылда заңды түрде тұрып, тілді үйренудің арзан әрі тиімді бағдарламасы болып табылады.

Негізгі шарттары:

  • AU PAIR бағдарламасына қатысушы 18-25 жас аралығында болу керек;

  • балалар мен ата-аналарымен сол шетел тілде сөйлеу деңгейі жетік болу керек;

  • балалармен жұмыс істеу тәжіриебесі мол болу керек; (мысалы, туысқандардың, достардың және таныстардың балаларын күтуде, сонымен қатар тәрбиеші, тренер, спорт инструкторы, мұғалім және т.б..);

  • жан-жақты әрі отбасыға тез бейімшіл болу;

  • отбасы құрмауы шарт;

  • тұрмыстық жұмыстарды істей білу керек, үй жинау, тамақ пісіру, кір жуу т.с.с.;

  • автожүргізушінің қағазы болуы жақсы.

Бағдарлама мерзімі: 1-1,5 жыл. Төлем: 300 евро + елшілік консулдық жиын және жол ақысы.

5.2 Ұлттық мінезі

Француздар – сабырлы, ақылды және үнемшіл. Олар өте сыпайы әрі қонақ жай, бетке тура айтпайтын, бірақ басқа ұлттарды ұната қоймайтын халық: ағылшындарды қызықсыз, американдықтарды сараң әрі екі жүзді, орыстарды тәрбиесіз деп санайды. Көп француздар ағылшын тілін ұнатпайды. Бір жерді анықтау үшін полициядан сұраған жөн. Сағат 21.00 кейін телефон соғуға болмайды, ал жұмыс жөніндегі сұрақтарымен офисте байланысқан жақсы. Бүкіл елде сағат 13.00 – 16.00 дейін түскі демалыс уақыты (сиеста). Бұл кезде барлық мекемелер, банктер мен дүкендер жабылады. Түскі уақытта шіркеулерді аралауға тиім салынады. Мұражайлар күннің бірінші жартысына дейін ғана ашық болады. Дүйсенбіде мұражайларда демалыс. Дәстүрлі ас түстігі сағат 20.00 басталады. Астан кейін бірнеше түрлі сыр беріледі. Оны тек қызыл шараппен ғана ішу керек. Парижде шай-пұл барлық жерде берген дұрыс: таксиде, ресторанда, және т.б. жерлерде. Католиктік шіркеу мен соборларда ақырын сөйлеу керек.

Ұлттық асхана - әрбір француздың мақтанышы. Әр провинцияда өзіндік ерекшеліктер бар. Жалпы француздар жемістерді көптеп жейді, ал сүт тағамдарын аз пайдаланады, ірімшіктен басқа. Қала және ауыл халқының тамақтану дәрежесі етке байланысты әртүрлі болады. Ауылдарда тамақтану режимі маусым мен шаруашылық жұмыстарға байланысты болса, қалалықтар жеңіл таң асын таңдайды. Ұлттық тағымы – «бланкет».

Француз асханасын шартты түрде үшке бөлуге болады: аймақтық, жалпы таралған және өте ерекше.

Аймақтық асханасы оңтүстік аудандарда астың тым қышқылдылығымен және көп шарап пен түрлі қоспалардың қосылуымен ерекшелінеді. Эльзас асханасы көп шошқа еті мен қырыққабаттың пайдалануымен, ал жаға маңы аудандарда теңіз азығының – балық, теңіз шаяны, омар және лангусталар мен устрицалардың көп пайдалануымен ерекшелінеді.

Көптеген тамақтардың атауы француз тілінен келген: котлет, соус, майонез, омлет, антрекот. Француздар бақа етін тағамда тым көп пайдаланады. Сонымен қатар шарап пен сыр және бутербродтарды ұмытпау керек.

Негізінен француздар азықты жұмасына бір рет алып қойып, күнде тек нан мен әйгілі круассан сатып алады. Ал жемістер мен жидектерді нарықта алады. Қалалардың барлық аудандарында азық-түлік супермаркеттері бар, және олар бір-бірінен бағасы мен ассортиментімен ерекшелінеді. Француздар таңдау кезінде бағасы мен сапасына және өз қалтасына негізделеді. Барлық дүкендерде жеңілдік бағамен сатылатын тауарлар бар.

Шарап, коньяк, ликер, шампан мен вискиді фирмалы дүкенде ғана алуға болады. Сонымен қатар сыр дүкендері де бар. Мұндағы ірімшік түрлері алуан түрлі. Францияда дүкендердің бірыңғай жабылу уақыты жоқ. Көптеген дүкендер сағат 9-19.30 дейін жұмыс істейді.

6 Діні

Діні - шамамен 82% католиктер, 12,2% протестанттар, 1,3% - иудеилер мен 4,5% мұсылмандар. Католицизм – басты дін болып табылады. Сонымен қатар атеисттер саны көбейіп келеді. Халық діні әлеуметтік жағдайы мен ел ауданына байланысты әртүрлі болады. Католиктік шіркеудің әсері Бретан, Вандей мен Орталық массивтің жеке департаменттерінде, Эльзаста, Лотарингияда, Савояда, сонымен қатар басктердің аудандарында көрінеді. Ауылдық жерлерде халықтың діншілігі жоғары.

Шіркеу 1905 жылы мемлекетпен бөлінсе де, осы уақытқа шейін тұрақты көмек алып тұрады: мемлекет «еркін» бастауыш және орта мектепті қаржыландырады. Мектептен басқа католиктік насихаттаудың құралы баспа болып табылады. Францияда дін әдебиеті үлкен басылымдармен басылып шығарылады.

Шіркеу капитализмді шектей отырып, еңбекшілердің өмірлік қызығушылықтарын қорғайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]