Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aman.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
347.65 Кб
Скачать

4.5 Экологиялық жағдайы

Франция – халық, қалалар, өндірістік және ауыл шаруашылық өндірістері, көлік, туризм және рекреация көп шоғырланған елдердің бірі және осылардың барлығы қоршаған ортаға қысым жасайды.

Атмосфераға көміртегі диоксиді жылына 360 млн. т шығарылады.Орман өрті кең таралған.Атлант пен Солтүстік теңіз жағалаулары мұнаймен қатты ластанған. Экологиялық ахуалдың нашарлауы елде табиғатты тиімді пайдаланудың жаңа концепцияларын іздеу мен экологиялық саясат жүргізуге әкеліп отыр. Мемлекет тарапынан табиғатты қорғауға бағытталған заңдар бекітіліп, қаржы бөлінуде. Францияның табиғатты қорғау жүйесі күшті орталықтандырылуымен ерекшелінеді.

5 Халқы

Халық саны - 59,5 млн. адам, негізінен француздар. Шамамен 5 млн. адам шетелдіктер, африкандықтар басым. 1,8 млн.адам - теңіз сырты департаменттерінде. ЖІӨ 1525 млрд. Доллар, ал бір адамға шаққанда 25,1 мың доллар құрайды.

Франция 19 ғасырдың басында Шетел Еуропа елдерінің ішінде халық саны жөнінен бірінші орында болды. 1801 жылы 28 млн. адам мекендеді. Халық санының төмендеуі келесі себептерге байланысты:

Шетелдік Еуропа елдерінің ішінде Францияда туу көрсеткішінің төмендеу үрдісі еретерек басталды;30-шы жылдары өлім көрсеткіші туудан жоғары болды;

Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстардағы адам шығыны.

Табиғи демографиялық үрдістер (адамның орташа өмір сүру ұзақтығының жоғарлауы, халықтың бірьіндеп қартаюы, жаңадемографиялық үрдіске ену); әлеуметтік-экономикалық факторлар («бала бағасының» күрт жоғарлауы);

Шынымен, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін елдің халық саны жоғарылай бастады. 1946-1975 ж.ж. халық саны 13 млн. адамға өсті. Бұл табиғи өсу нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар шетел еңбекшілерінің иммиграциясымен, тәуелсіздік алған отарлардан француздардың қайтып келуімен байланысты.

Францияда ер адамдар 26 жаста, ал әйелдер 23 жаста тұрмыс құрады. Статистика мәліметтері бойынша неке беріктігі әлсіреп бара жатыр да, айырылысу саны күрт жоғарылауда.

Туу көрсеткіші – 12 адам 1000 адамға шаққанда.

Өлім деңгейі бойынша (9-10 адам 1000 адамға шаққанда) Франция басқа Еуропа елдерінен ерекшеленбейді. Ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 69, ал әйелдерде 76 жас. Францияда ерлер әйелдерден 1,1 млн-ға аз.

Табиғи өсім жоғары емес: жылына 3-4 адам 1000 адамға шаққанда. Ал Орталық масситвің экономикалық артта қалған аудандарында жастар басқа жаққа кету нәтижесінде халықтың көп бөлігін қарттар құрайды да, өлім көрсеткіші туудан басымырақ болады.

Тығыздығы

Франция аса тығыз қоныстанбаған. Мұнда орташа тығыздығы шамамен 108 адам бір кв. км. Таулы аудандарда және құнарлығы төмен жерлерде – Ланды, Солонида, Бургун көтерілімінде халық тығыздығы 20 адамнан кем болады. Париж, Лион және Солтүстік Францияда 300-500 –ден жоғары көрсеткішті анықтайды. Сонымен қатар құнарлы жері бар ауылдарда және теңіз жағалауында 100 адамға жуық болады.халықтың үлкен бөлігі қалаларда тұрады. Әр қалада 2 мың адамнан шоғырланған.

Франция халқының мобильділігі жоғары. Жыл сайын 1 млн. жуық адамдар қоныс аударады. Әсіресе, жастар жағынан мигранттар көп. Миграцияның негізгі бағыты – ауылдан қалаға, ол келесі себептерге байланысты болады:

  • ұсақ ауыл шаруа қожалықтарының ыдырауы;

  • еңбектің ауыр жағдайы;

  • еңбек ақының төмен болуы;

  • тұрғын үйлердің жайсыздығы;

  • ауыл өмірінің архаикалық болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]