Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aman.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
347.65 Кб
Скачать

9.2.9 Туризм

Франция сыртқы сауда мен капиталдың экспортында, еңбек күшінің ипорты жөнінен және шетел туристернің санынан алдыңғы қатарда. Негізгі елдің кіріс көзі – шетелдік туризм болып табылады. Туристерді Францияның тарихи және табиғи көрікті жерлері қызықтырады: ежелгі қорғандар, шіркеулер, курорттар, Орталық массивтің емдік сулары, Альпідегі қысқы туризм базалары және Париж мұражайлары. 2000 жылы елге 75 млн. шетелдік туристер келген. Елде туристерге арналған мыңдаған қонақ үйлер, туристік базалар мен кемпингтер бар. Қызмет көрсету саласы өте дамыған. Туризм үшін ең қолайлы мезгіл – көктем мен күздің басы. Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін Франция әлемде туристер саны жөнінен бірінші орында еді. Бірақ кейін бұл жағдай өзгерді. Елдегі қымбат туризмнен гөрі адамдар жылы және арзан демалуды таңдаған болған.

Францияда барлық туризм түрлері дамыған. Жергілікті туризм де дамыған. Көптеген француздықтар автомобиль көлігімен саяхаттайды. «Түнгі Париж» таңқаларлық сұлу.

Негізгі көрікті жерлер – Мәдени орталық болып, әрине, Париж қаласы саналады. Мұнда елдің негізгі мұражайлары орналасқан – Лувр, Помпиду өнер орталығы, Гран-Пале (Үлкен сарай), Пикассо мұражайы, Роден мұражайы, д'Орсэ, Бирж көркем өнер мұражайы, Тампль, Ортағасырлық Ұлттық мұражайы (Терма Клюни атындағы), Импрессионизм мұражайлары мен Тюильри бағындағы Оранжери, Наполеонның обасы мен шіркеуі бар мүгедектер үйі, Марсово алаңы, Пантеон, Люксембург бағы, керемет розариі бар Булон тоғайы, Сорбонна, Мадлен шіркеуі, Келісім алаңы, Опера театры, Париждің тарих мұражайы (Карнавале), шарап мұражайы. Одан басқа Парижде осындай архитектуралық ғажайыптары бар: Эйфелев мұнарасы, Нотр-Дам-де-Пари соборы, Сен-Шапель шіркеуі, Триумфальды арка, Пале-Рояль, Елисей сарайлары, қала-ескерткіш Версаль, Университет, Латын кварталы. Сонымен қатар туристер арасында Монмартр, Елисей даласы, Булон тоғайы, ботаникалық бақ, аңдар саябағы және барлығына танымал кабаре: Мулен Руж, Крези Хорс және Паради Латен әйгілі. Париж астында Евродиснейленд орналасқан, Еуропадағы ең ірі ойын сауық саябағы. 47анада, Ниццаға жақын жерде Луара қорғаны орын алып жатыр, ол үлкен тариғи мәнге ие. Биарриц қаласында, Бискай шығанағы жағасында – «Евгений вилласы», теңіз, миниатюралық автомобиль, шоколад мұражайлары, маяк және адам аяқ баспаған жартас. Ним-Гарон департаментінде Рим кезенінің ескерткіштері көп – цирктер, теміржол, жартас, тас жолы үстінде салынған көпірлер (виадуки) мен қала сыртындағы әдемі үйлер (вилла). Бүкіл әлемге танымал бірқатар жақсы Лазур жағасындағы (Ривьера) курорттары – Грас, Сен-Тропез, Вильфранш-Сюр-Мер, Жуан-ле-Пэн, Гольф-Жуан, Сан-Рафаэль және т.б. Каннада (Канн): Фестивальдар сарайы мен Жұлдыздар аллеясы, Қызыл Баспалдақ, Еркіндік аллеясы мен Сюкэ жартасындағы XII ғасырдың бекініс-мұражайы, «Жұлдызды» жағажайы мен Канн шығанағы.Ниццада: Променад дез Англе, Ниццаның әйгілі Опера мекемесі, Сен-Репарат соборы, Қайырымдылық капелласы, таңғажайып бағы, сарқырамасы мен қорғаны бар Шато жартасы, жаңа өнер мұражайлары, Дюфи, Матисс, Марк пен Шагалдың мұражайлары, өнер және тарих мұражайы, Орыс шіркеуі, Акрополис Конгрессінің сарайы, құқық сарайы. Антибта: XII ғ. Салынған Гримальди қорғаны, Пикассо мұражайы. Француздық Альпылары – Батыс Еуропаның ең биік таулары, қысқы спорттың дүниежүзіндегі ірі орталығы болып табылады. Әйгілі курорты – Валь Торанстағы Шамони мен Куршевель, Валь д'Изер мен Тинь, Ле Дез Альп, Ля Плянь, Межев, Мерибель және т.б..

Кіріс ережелері – Франция Шенген зонасына жатады. Шақыру ретінде алынған виза, шетелдік төлқұжаты, АҚШ 30 000 $ кем емес сақтандыруы міндетті түрде болу керек. Бір ғана ата–анасымен саяхаттаушы балалардың туу туралы куәлігі мен нотариуспен бекітілген орыс және француз тілдерінде жазылған екінші ата-анасының сенім хаты болуы тиіс. Францияға кіре берісте қайтар билетті сұрауы мүмкін, себебі француздық заң бойынша виза – елге келудің негізгі себебі емес. Консулдық жиын - $28.

Кеден ережелері: Әкелінген және шығарылған салым мөлшері шектеусіз. FRF50 000 және одан жоғары мөлшердегі бағалы қағаздар мен ақшалар декларацияланады. Франкқа айырбастаған шетелдік ақша қайтадан 5000 франк эквивалентіне дейін сол ақшаға айырбасталуы мүмкін. Анықтама телефоны бүкіл Францияда – 12, өрт жөнінде – 18, полиция – 17, жедел көмек – 15.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]