Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aman.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
347.65 Кб
Скачать

9.2.6 Музыка

Қазіргі Франция аумағын мекендеген ежелгі халықтардың музыкасы туралы дерек сақталмаған. Дүниәуи әуені арқау еткен жергілікті литургиялық формалар 4 ғ-да шіркеу музыкасына ене бастады. Әншілікке, музыка аспаптарында ойнауға үйрететін монастырьлар 8-9 ғ-да мамандалған музыка мәдениетінің қалыптасуына ықпал етті, сонымен қатар композиторлық шығармашылық дамыды. Орта ғасырларда шіркеулік, әншілік мектебі- метиздер пайда болды. Серілік музыкалық-поэтикалық өнер мен бұларға ұқсас труверлер шығармашылығы қалыптасты. Музыкада «Арс нова» бағыты көп дауысты ән – шонсонның гүлденуіне жағдай жасалды. 17 ғ-да абсолюттік монархия кезінде сарайлық музыкалық-театрлық өнері – опера, балет қалыптасып, оның көріністері монархияны дәріптеуге қызмет етті. Тұңғыш операны жазған – Э. Жаке де Гер, композитор Р. Кабер мен ақын И. Перрен. 1671 жылы музыка академиясы ашылды. 18 ғ-дың басында демократияшыл жаңа опера жанры – француздық комедиялық операсы қалыптасты. Ұлы Француз төңкерісі музыка өнерінің саласына түбірлі өзгерістер әкелді. Бұқаралық саяси әндер пайда болды. 19 ғ-да лирикалық опера дамыды. Кейін ғасырлар бойы заман өзгерісіне сай музыка тақырыбы да өзгеріп отырды, мәселен, қала тұрмысы ырғағы, күнделікті тіршілік әуені. Атақты музыка қайраткерлері: Гильм де Машо, К. Жанекен, Готье, Виотти, Мегюль, Спонтини, Роде, Ж. Бизе, А. Руссель, Роллан, Арагон, маршал және басқалары. Францияда музыкалық мектептер жоғары дәрежеде ұйымдастырылған.

9.2.7 Театр мен кино

Францияда театр өнерінің туа бастауы орта ғасырлардағы кезбе халық актерлері – жонглерлер мен ваганттар ойынына саяды. Литургиялық драма, мистерия театры дамыды. 1548 жылы Парижде «Бургунд отелі» театры құрылды. Кейін классикалық драматургия, комедиялық театрлар пайда болды. Француз сахнасының реформаторы, көп жағдайда оның даму жолдарын белгілеген реалист актер А. Антуан француз режиссерлік өнерінің негізін қалады. Кең көлемдегі халықаралық байланыстар жасау мақсатымен француз театр қайраткерлері «Ұлт театрын» ұйымдастырды. Мұнда халықаралық театр өнері фестивальдары өткізілетін болды. Қазіргі белгілі актерлері мен режиссерлері: Барро, Рено, Ж. Шаррон, Ж. Вильсон. Актерлерді Ұлттық драма өнері консерваториясы даярлайды.

Киносы.

Француз киносының тарихы 1895 ж. Парижде Л. Люмьер көрсеткен ақылы киносенстан басталды. Елдің киносы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін әлем кино өнерінде жетекші рөль атқарды. Екі соғыс кезінде кинематографистер басқыншылыққа қарсы күреске шақырған фильмдер қойды. Қазір француз және шетел классикалық әдебиетін экрандау жоғары мамандалған дәрежеде жүргізіледі. Сонымен қатар тым жеңіл, коммерциялық, көбінесе анайы-порнаграфиялық детективтер, экзистенциалистік фильмдер де көптеп шығарылуда. Әлемге танымал киноактерлерден – Пьер Ришар, Жан Рено, Рун-де-Фенес, Жерар-де-Пордье, Натали Портман, Софи Морсо, Софи Лорен және Жан Поль-бель Мольдо.

Бізге белгілі кинолар: «Блондин в Черном ботинке», «Профессионал», «Лион Киллер», «Такси» және телехикаядан «Элен и ребята».

Атақты кинорежиссер – Люк Бессон.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]