Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKDP_tekh_kaz-1.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

СДЖ арналған бақылау жұмысы

  1. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелі көзқарас.

  2. Дәстүрлі экономика жүйесі, нарықтық экономика жүйесі.

5-тақырып. Қоғамдық шаруашылық және оның формалары. Тауарлы өндіріс. Ақша.

1.Тауарлы өндіріс және оның пайда болуы.

2 Тауар, оның қасиеттері.

3 Құн заңы. Ақша, оның мәні, қызметі.

1) Шектеулі ресурстар жағдайында таңдауды жүзеге асыру үшін шаруашылық жүйе келесі сұрақтарға жауап беруі керек: не, кім үшін және қалай өндіру керек?

Шаруашылық жүйе- материалды және материалды емес игіліктермен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың жүйесі.

Не өндіру керек- қандай игіліктер, қандай сапамен және қандай көлемде өндірілуі керектігі жөнінде шешімдер.

Қалай өндіру керек- игіліктерді өндіру кезінде қандай шектеулі ресурстар, олардың комбинациясы және технология пайдаланылуы мүмкін.

Кім үшін өндіру керек- өндірілген игіліктерді кім иеленеді және олар тұтынушыға қандай көлемде.

2) Неокласикалық мектеп өкілдері игіліктерді экономикалық және экономикалық емес деп бөледі. Экономикалық емес игіліктер шексіз көлемде болады, ал экономикалық игіліктер сирек кездеседі.

Тауар- айырбастауға арналған еңбек нәтижесі, экономикалық игілік. Тауардың тұтыну құны және айырбас құны болады.

Тұтыну құны- заттың пайдалылығы, оның адамдардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті. Тұтыну құны адам еңбегімен жасалмаған заттарда да болады, мысалы: су, жабайы ағаш жидектері. Тұтыну құны бар заттың бәрі бірдей тауар емес, зат тауарға айналуы үшін, ол айырбасқа арналуы керек.

Айырбас құны- сандық қатынас, онда бір түрдегі тұтыну құны басқа тұтыну құнына айырбасталады. Мысалы 1 балта- 20кг. бидайға.

Құнның еңбек теориясының өкілдерінің көз-қарасы бойынша тауарлардың бір –бірімен айырбасталуының негізінде, сол тауарлардың өндіруге кеткен- еңбек шығыны жатыр. Бірақ қазіргі экономикалық теорияда айырбас негізінде еңбек шығыны емес заттың пайдалылығы деп қарастырылады.

Тауардың құны өндірісте қалыптасады, ал нарықта бағаланады. Құн- ол ең алдымен айырбас категориясы. Заттың құндылығы оны өндіруге кететін ресурс бағасымен байланысты. Пайдалылық теориясының өкілдері заттың құндылығын оның пайдалылығымен байланыстырады да, пайдалылықтың екі түрін айқындайды:

  1. абстрактілі пайдалылық, игіліктің қандай бір қажеттілікті қанағаттандыру қасиеті;

  2. нақты пайдалылық, осы игіліктің бар қоры және оған деген қажеттіліктің қанығу дәрежесі.

Нақты пайдалылықты сипаттау үшін неміс экономисі Г.Госеннің заңы пайдаланылады,. Бұл заңға сәйкес қажеттілікті қанағаттандыру шамасына қарай қанығу дәрежесі артады, ал нақты пайдалылық көлемі азаяды. Демек, келесі қажеттілікті қанағаттандыратын игіліктің пайдалылығы алдындағысына қарағанда төмен.

Осыдан келесідей қортынды шығаруға болады: игілік пайдалылығы- шекті қажеттілікті қанағаттандыратын шекті өнім пайдалылығымен анықталады.

3) Ақшаның пайда болуын әр мектеп өкілдері айырбастың пайда болуымен байланыстырады. Демек ақшаның пайда болуын зерттеу, айырбастың дамуын зерттеуге әкеледі. Айырбастың ең қарапайым түрі- бартер, тауарды басқа тауарға тікелей айырбастау. Бірақ бартер тек тауарлармен нарық қатысушылары саны шектеулі болған жағдайда ғана тиімді. Олардың санының артуы айырбасты қиындата бастады, сондықтан айырбастың дамуына қарай әр аймақтарда өткізуге ыңғайлы тауар пайда бола бастады, былайшы айтқанда өтімділігі жоғары тауарлар. Өтімділігі жоғары тауар ақшаға айналды.

Ақша- өтімділігі жоғары абсолютті айырбас құралы. Ақшаны талдаумен байланысты баға категориясының анықтамасын береміз: баға- тауар құнының ақшалай көрінісі. Ақша келесі қызметтер атқарады:

  1. құн өлшемі- елдің ақша бірлігіне шағылатын алтын өлшемінің саны;

  2. айырбас құралы- тауар айырбасы кезінде делдал ретінде туындауы;

  3. жинақ құралы- нарық субъектісінде қаржылық актив түрінде сақталынуы;

  4. төлем құралы- қарыз қайтару кезінде ақша төлем құралы туындайды.

Ақшаның мәнін оның атқаратын қызметтері айқындайды. И.Фишер: «Ақшаның құны олардың санына тура пропорционалды» дейді, ол айналымдағы ақша массасын анықтайтын формуланы ұсынады:

MV=PQ

мұндағы M-ақша массасы, V- ақша айналымының жылдамдығы, P- тауарлар бағасының деңгейі, Q-айналымдағы тауарлар саны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]