Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKDP_tekh_kaz-1.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Н.А. Назарбаев Қазақстан – 2030 Астана, 1997

  2. Н.А Назарбаев Президенттің Қазақстан халқына жолдауы.- Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа Астана, 2004

  3. Н.А.Назарбаев Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. - Қазақстан жылдамдатылған экономикалық, әлеуметті және саяси модернизациялау жолында Казахстанская правда. 19 ақпан. 2005

  4. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  5. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  6. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  7. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  8. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  9. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

  10. Под ред. А.Я. Аубакирова Казахстанская модель рыночных преобразований: социально-экономические и правовые аспекты Алматы: Казак. Университетi, 2003

  11. Под ред. М.Б. Кенжегузина Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. – В двух томах А., 2001

  12. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы А.,: Экономика,1998

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.

2. Жаһанданудың қазіргі тенденциялары.

17 Тақырып. Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.

Әлемдік шаруашылық- ұлттық шаруашылықтарды тұтас халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне біріктіретін глобальды экономика.

Әлемдік шаруашылықта келесі нысандағы халықаралық экономикалық қатынастар қалыптасады:

1. Халықаралық сауда (ХС)- тауарлар мен қызметтер экспорты негізінде жүзеге асырылатын халықаралық экономикалық қатынастар нысаны.

ХС себептері:

  • елдердің экономикалық ресуртармен қамтамасыз етілуінің теңсіздігі, ол тұрғындарды жетпейтін тауарлармен қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады;

  • елдердегі технология мен олардың деңгейінің әр түрлілігі, оларды айырбастау қажеттілігін тудырады.

ХС мәні келесіде:

  • ұлттық ресурстар базасының жеткіліксіздігімен күресі;

  • ішкі нарық сыйымдылығын кеңейту және ұлттық нарықпен әлемдік нарықтар арасында байланыс орнату;

  • шетелдік ресурстарды тарту арқылы өндіріс масштабын кеңейту.

ХС көлемін: экспорт, импорт, таза экспорт сипаттайды.

ХС пайдалылығы әр түрлі мектептерде әр түрлі анықталады:

  • меркантелистер импорттың экспорттан көп болуын жақтады;

  • А.Смит басқа елдерден тек осы елдегімен салыстырғанда аз шығындармен өндіретін тауарларды ғана сатып алу керектігін көрсетеді, ол “абсолютті артықшылық теориясы” деп аталлынды;

  • Д.Рикардо “салыстырмалы тықшылық теориясын” өңдеді, оған сәйкес қандай да бір тауарды шығару қай елде арзанға түссе, ол сол елде шығарылуы керек.

Елдер арасындағы импорт пен экспортты мемлекет келесі саясаттарды жүргізу арқылы реттейді:

  • Протекционизм- ұлттық экономиканы импорттық тауарлардан қорғауға және импортты шектеуге бағытталған саясат.

  • Фритредерлік- еркін сауда саясаты.

Ашық экономика- халықаралық қатынастырмен халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуға негізделген экономикалық жүйе.

Жабық экономика- сыртқы экономикалық қызметі шектеулі, изоляцияға ұмтылатын, тәуелсіз шаруашылық бірлік.

Елдің сыртқы экономикалық қызметін сипаттайтын төлем балансы- белгілі бір уақыт аралығындағы шетелдерге төлемдер мен шетелден түскен түсімдер арасындағы өзара қатынасытар.

Сауда балансы- тауар экспорты мен импорты арасындағы өзара қатынастар.

  1. Капиталды шығару және халықаралық несие – ұлттық айналымнан капитал бөлігін алып басқа елдерде өндіріс процесіне араластыру. Оның мақсаты- капталды басқа елдегі тиімді өндіріске қатыстыру арқылы пайда табу. Шығарылатын капитал нысандары: кәсіпкерлік немесе ссудалық.

  2. Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы – еңбекке қабілетті тұрғындардың ұлттық шекарадан тыс жерлерге ауысуы, көші-қонуы. Оның себептері:

  • экономикалық: елде білікті мамандарға сұраныстың төмендеуі, ұсынысының артуы, еңбек ақыдағы халықаралық айырмашылықтар;

  • сыртқы экономикалық: демографиялық, саяси, діни, ұлттық, мәдени, жанұялық және т.б..

  1. Халықаралық еңбек бөлінісі- қандай да бір елдің басқа елдерге сату мақсатымен тауарлар мен қызметтің қандай да бір түріне мамандануы. Бастапқыда бұл процесс елде минералды ресурстардың болуымен және оның геогрфиялық ортасымен негізделді, 20 ғ. бастап, ол ҒТП және елдегі жұмыс күшінің деңгейімен байланысты болды.

  2. Халықаралық валюталық қатынастар.

Валюта- елдің ақша бірлігі. Халықаралық валюталық жүйе- орталық эмиссиялық банктердің сыртқы нарықтағы қызметін реттейтін ережелер, заңдар, тұжырымдар жиыны.

Елдер арасындағы есеп айырысу валюта курсы арқасында жүзеге асады. Валюта курсы- басқа елдің валютасының ақшалай құнымен берілген ұлттық валютаның ақшалай құнының бағасы. Валюта курсы қатаң және еркін болады: алтын стандарты кезінде орын алған қатаң курс орнына долларды алтынға айырбастауды ресми түрде тоқтанқаннан кейін (1971ж.) еркін курс келді, ол – алтынмен емес валютаға сұраныс пен ұсыныспен анықталатын валюта курсы.

Валюта курстарының өзара қатынастары екі әдіспен өзгертіледі:

  1. Девальвация- валюта курсын басқа валюталарға қарағанда төмендету.

  2. Ревальвация- валюта курсын басқа валюталарға қарағанда жоғарлату.

Ұлттық экономиканы әлемдік экономикаға араластыру үшін ұлттық валюта конверттелінуші болуы керек.

Валютаның конверттелінушілігі- ұлттық валютаның әр түрлі халықаралық есептесуде еркін пайдаланылу мүмкіндігі.

Халықаралық валюталық жүйенің қызмет етуі- халықаралық қаржылық ұйымдармен жүзеге асырылады, олар: Халықаралық валюталық қор (МВФ), Халықаралық даму және реконструкция банкі, Дамудың халықаралық ассоциациясы, Экономикалық ынтымақтастық пен дамудың ұйымы.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  2. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  3. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  5. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

  6. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы А.,: Экономика,1998

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Әлемдік интеграциялық процестер мен халықаралық экономикалық ұйымдарға Қазақстанның қатысуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]