Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс-2.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
36.5 Кб
Скачать

Абстрактылы және нақты

Жаратылысты-ғылыми таным процесі өзара байланысқан жолмен жүзеге асырылады:

Нақтыдан көрініс беру жолы, бейнені қабылдау және ұсыну абстрактылы және абстрактылау жолымен туындау арқылы нақтылыққа жол беріледі.

Бірінші жолда көрнекі ұсыныстар абстракция кезеңіне дейін «буланады» , ал екніші жолы ой нақты білім қарай жылжиды,бірақ көптеген саналы ой қорымен негізделеді.

Абстрактылы сипатта санада обьектінің шағылысқан жартылай бейнесі бір жақты көрініс береді. Нақты білім шынайы обьектінің элементтерінің өзара байланысын, тұтас жүйе ретінде және қарама-қайшылықтарын, қасиеттерін жан-жақты қарастыру болып саналады.

Нақты – ғылыми зерттеудің нәтижесі, зерттеу обьектісінің жүйе ретінде түсініктерін және категорияларының теоритикалық тұтастық ретінде қарастыру.

Теоритикалық таным тәсілі арқылы обьектіні біртұтастық деп қарастырып, туындауынан яғни абстрактылыдан нақтылыққа негіздеу болып саналады.

Аналогия

Табиғатта ұғымдарды түсіну фактісінде белгісіз бен белгіліні байланыстыратын тізбек анология сипат береді.Жаңа ұғым жеңл игеріледі және бұрынғы әрі белгілі ұғымды елестету арқылы түсіндіреледі.

Аналогия екі заттың ұқсастықтарын анықтау,сол ұқсастықты өзге бір заттан тауып негіздеп шындыққа ұластырып қорытынды жасау.

Аналогия бізге белгілі және белгісізді түсінуге көмектеседі. Аналогия қарапайымнан күрделіні түсінуге мүмкіндік береді.Үй жануарларының жақсы тұқымдары жасанды жолмен сұрыптау аналогия арқылы жүзеге асырылды.

Ч. Дарвин жануарлар мен өсімдіктер әлемінде табиғи сұраптау заңдылығын ашты.

Аналогия негізінде тұрбадағы сұйықтықтың ағысы электр тоғының теориясының туындауында маңызды роль атқарды.

Адамдар мен жануарлардың бұлшықеттердің қозғалысы, мидың, сезім мүшелерінің механизм аналогиясы көптеген техникалық қондырғыларды ойлап табуға итермеледі:экскаватор, робот, логикалық машиналар т.б.

Аналогия моделдеуге негізделген теорида жиі қолданады.

Моделдеу

Қазіргі заманғы ғылымда және техникада моделдеу тәсілі кеңінен таралған.Обьектінің қасиетін арнайы құрылған оның моделінде тануға негізделген.

Егер модел біркелкі физикалық сипатта болса,онда біз физикалық моделдеумен ұшырасып отырмыз.

Моделдің құндылығы оның оңай жасалуында,онымен эксперимент жүргізу түпнұсқаға қарағанда жеңіл әрі оңайырақ болады.

Соңғы кездері электронды моделдеу құрылғылары белсенді түрде игерілуде, онда электронды процестер көмегімен белгіленген бағдарламамен шынайы процесті жүргізуге болады.Моделдеудің қағидасын кибернетиканың негізін құрайды.Моделдеу баллистикалық ракеталардың траекторияларын есептеуде қолданылады,тұтас өндіріс пен машиналар жұмысының режимін игеруде, материальды ресурстарды таратуда т.б. қолданылады.

Индукция и дедукция

Жаратылысты-ғылыми зерттеудің тәсілі ретінде индукцияны жекелеген фактілерді қадағалаудан жалпы болмыс сипатын айқындау процесі деп айтуға болады.

Индукцияның екі негізгі түрі ажыратылады: толық және толық емес.Толық индукция- обьекті туралы жалпы ұғым негізінде жекелеген обьектілерді қарастыру.

Толық емес индукция теоритикалық түсініктер мен эксперименттік зерттеулерге негізделіп нақты дәйекті қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Оны ғылыми индукция деп атайды. Французского физигі Луи де Бройл айтуынша индукция негізді сипаттағы ойды жылжытуға ұмтылады, ғылыми прогресстің шынайы көзі болып табылады.

Дедукция – жалпы аналитикалық талқылаудан жекелеген сипатқа немесе шағындалған жалпыға ауысу процесі.

Дедукцияның бастамасы жалпы сипат беретін аксиома, постулат немесе қарапайым гипотезалар, ал соңы салдарының теоремада көрініс беруі болып табылады.

Дедукция – дәлелдеудің негізгі құралы. Дедукцияны қолдану белгілі білімді пайдалану арқылы ойымыз айқындала түседі, бірақта тәсіл барлық негізделген және дәл болғанда ғана күшіне енеді.

Қатаң ережемен жүргізілген дедукция адасуға әкеліп соқтыруы мүмкін емес.