Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс-2.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
36.5 Кб
Скачать

2. Жаратылысты-ғылыми танымның формалары Эмпирикалық және теоретикалық танымның бірлігі

Таным процесінің әрбір актісі көрнекі-сезімталдық, эмпирикалық, абстрактылы, теоритикалық элементтерден құралады. Қоршаған ортаны жаратылысты-ғылыми танымның тарихи жолы – тәжірибе негізінде фактілерді сезіммен қабылдау.

Тірінің жетілуінен адам абстрактілі ойлауға көшеді, ал одан – кейін менің ойымды жүзеге асыратын тәжірибеге ұласып,шынайылық көрініс береді. Кез-келген жаратылысты-ғылыми зерттеу бастама идеяны қажет етеді. Ол өз кезегінде бағыттаушы күшке ие, мұнсыз ешқандай дұрыс эксперимент қоя алмайды.Сонымен бірге теоритикалық ой логикалық қатаңдығымен тиімді,өздігінен материальды әлемнің заңдылықтарын аша алмайды.Өзінің нәтижелі қозғалысы үшін эмпирикалық таным құралдары арқылы үнемі серпін алып отыруы тиіс.

Эмпирикалық және теоретикалық таным – бұл кез-келген жаратылысты-ғылыми зерттеудің кез-келген кезеңінде сипатталатын біркелкі процесс.

Танымның сезіну формасы

Шынайылықты тану әртүрлі формада жүзеге асады, алғашқы және қарапайым сипаты сезіну.

Сезіну-қарапайым сезімталдық болмыс, шағылысу, заттардың жекелеген қасиеттерінің суреті.Мысалы: апельсинде біз сары түсті, өз деңгейіндегі қаттылықты, ерекше иісін және т.б. сеземіз.

Ғылыми факті

Жаратылысты-ғылыми зерттеу белгіленген фактілерден құралады.Эмпипирикалық таным ғылыми фактілерді алға қойып,осы орайда тұрақты байланысты,бізді қоршаған ортаның заңдылықтарын айқындайды.Белгілі немесе белгісіз факті әлдебір обьектінің айқындайды.

Шынайылық сипаты нақты болмыс сипатына қарай анықталады.Фактінің қарапайым констатациясы біздің танымымызды тұрмыстық деңгейде ұстап тұру болып саналады.

Яғни бұдан қандай да бір құбылыс бар немесе жоқ деген сұрақ – ғылыми танымның маңызды сұрағы болып табылады.Теорияны құруда фактілер ғылым негіз қалыптастырады.Теориятикалық түсінік болмаса, мақсатты түрде шынайылықты қабылдау мүмкін емес, яғни көп жақты факторларды біртұтас жүйеге біріктіру қиын болар еді.

А. Пуанкаренің пікірінше ғылыми тапсырманың фактілік материалдарды жинау туралы мәліметтер ғылымның толық сипаты түсініксіз болар еді.

«Ғылыми фактілерді ұйымдастыру керек,–деп жазды,– үй кірпіштен құралатын сынды ғылым да фактіден тұрады. Кірпіш (тас) үйіндісі үйді құрамайтын сияқты,бір ғана жалаң фактінің жиналуы ғылымды құрамайды.

Қоршаған ортаны жаратылысты-ғылыми танудың мәні эмпирикалық зерттеу процесінен алынған көптеген фактілердің сипаттамасы мен себебін және заңдылықтарының сипатын анықтау ғана емес, сонымен бірге табиғатты танушының әлемнің үйлесімділігін ашуға ынталандырумен көрініс береді.

Қадағалау және эксперимент

Жаратылысты-ғылыми зерттеудің маңызды әдістері қадағалау және эксперимент болып саналады.

Қадағалау- айқындалған жоспарлы қабылдау, таным обьектісінің қасиетін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

нақты бір обьектіге бағытталған болжамды мақсат пен тапсырманы орындауда қадағалау белсенді форма болып саналады.

Қадағалау арнайы дайындықты талап етеді, яғниболашақта қадағалатын обьектіге қатысты материалдармен алдын-ала танысу: суреттермен, заттардың сипаттамасымен және т.б.

Эксперимент - әдіс немесе қабылдау, зерттеу көмегімен обьект немесе алдын-ала анықталған жағдайға қойылады. Зерттеудегі обьектіде жағдайдың өзгеру әдісі-бұл эксперименттің негізгі тәсілі.

Осы орайда эксперимент қарапайым қадағалауға ғана емес, ол белсенді түрде шынайылыққа араласады,сөйтіп процестің ағымының жағдайын өзгертеді.