Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс-2.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
36.5 Кб
Скачать

Эксперименттің техникалық құралдары

Жаратылысты-ғылыми эксперименттік зерттеуді техникалық құралдарсыз, көптеген аспаптарсыз,эксперименттік құрылғыларсыз құру мүмкін емес.

Эксперименттік техникасыз жаратылыстанудың дамуы мүмкін емес.

Жаратылысты-ғылыми танымның өрлеуі ғылымдағы техникалық құралдарды қолдануды дамытуға байланысты.

Микроскоп,телескоп,рентген аппараты,радио,теледидар,сейсмограф және т.б. құралдардың көмегімен адам өзінің қабылдау кеңістігін ұлғайтты.

Биологияның дамуында микроскоп үлкен роль атқарып, адамзатқа жануарлар әлемінің құпиясын ашты.Бүгінде техникалық құралдар молекулярлы,атомдық және ядролық деңгейде эксперимент эүргізуге мүмкіндік береді.Қазіргі заманғы техникалық құралдар өте сезімтал аспаптар мен арнайы күрделі құрылымды экспериментальды қондырғылардан тұрады.Мысалы, атом ядросының тереңіне ену үшін үлкен көлемді экспериментальды қондырғы – синхрофазотрондар құрастырылуда.

Ойлау

Ойлау – танымның жоғары кезеңі. Оны қайнар көзі-сезіну мен қабылдау,бірақ ол шекарадан шығып сезу органдарына қолжетімсіз әлдебір обьектідегі құбылыстар мен қасиеттер білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ойлау – бағдарының мақсаты айқын және себепті қатынастар мен заттардың байланыс заңдылығы туралы адам миындағы біріккен қасиеттердің шағылысуы.

Ойлаудың негізгі формалары ұғым,талқылау және ойды түйіндеу болып табылады.

Ұғым- обьектілер мен құбылыстарға тән қасиеттерін жалпы бейнелейтін ой.

«Ағаш» жалпы ұғым ғана емес, барлық ағашқа тән, бірақ кез-келген ағаш барлық ағаштар ерекшеленеді.

Ұғым белгілі-бір байланыстан туындайды, талқылау түрінде сипат береді.Ойлау-әлдебір нәрсені талқыға салу, обьектілер арасындағы белгілі-бір байланыс пен қатынасты анықтау.

Талқылау-байланыс құралдары ұғымдарына байланысты айқындалған ойдың формасы.

Мысалы, «ядро – атомның құрамдас бөлігі», ядро туралы ой айтылған талқылау бар, яғни оның атом құрамына кіретіндігі туралы.Ойдың шынайылығы мен жалғандығы тәжірибемен тексеріледі.Адам жалпы талқылауға әлдебір фактіні қадағалау жолымен немесе ой түйіндеу көмегімен келеді.

Ой түйіндеу бір немесе бірнеше талқылау барысында сілтеме негізінде жаңа талқылау шығарылады(қорытынды немесе тергеу).Жаратылыстану-ғылыми танымның маңызды тапсырмаларының бірі –қоршаған әлем туралы белгілі жайттарды біріктіру болып саналады.Теоритикалық ойлаудың басты мақсаты- алынған мәліметтерді жүйеге келтіру және одан логикалық қарама –қайшылықтан арылған әлемнің ғылыми бейнесін құру.Теоритикалық ойлаудың маңызды формасы гипотеза(болжам) – обьектінің фактілері және белгілі-бір қатынастағы қасиеттері негізіндегі болжам.

Гипотеза – шынайылықты игеру жеткіліксіз болғанда көрініс беруге бейім тұратын ой түйіндеу түрі.Гипотеза – тексеру мен дәлелді талап етеді, содан соң ол теориялық сипат алады.Яғни шынайылықтың жан-жақты бағыттарын түсіндіруге негізделген біріктірілген білім жүйесі.Мысалы, матрияның атомдық құрылысы ұзақ уақыт бойы гипотеза болды.Тәжірибемен негізделіп гипотеза шынайы білім сипатындағы материяның атомдық құрылысы туралы теория айқындалды.