Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Istikmal_kaz.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Ескерту: Сөздіктерде ذَلِكَ сөзі сондай-ақ жақын жерге нұсқау ретінде де айтылады.

.اسم موصول .§ -12

Сол бір адам, сол бір зат, сондай бір зат деген сияқты мағыналарда (орыс тіліндегі «который», ал қазақ тілідегі –ған... дегенге сәйкес келеді ) жұмсалатын сөздер исми мавсул (қатыстық есімдік) деп аталады. Исми мавсул барлығы 8 ғана сөзден тұрады:

الَّذِي ؛ الَّتِي ؛ مَنْ ؛ مَا ؛ أَيُّ ؛ أَيَّةُ ؛ ذَا ؛ ذُو.

الَّذِي - ер тегі үшін «–ған зат» деген мағынады жұмсалады.

الَّذِي

مفرد

اللَّذَانِ=اللَّذَيْنِ

تثنية

الَّذِينَ = اللاَّؤُنَ = اللاَّئِينَ = الأُولَي

جمع

Мысалы:

الَّذِي خَرَجَ هُوَ عَالِمٌ ؛ اللَّذَانِ خَرَجَا هُمَا عَالِمَانِ ؛ الَّذِينَ خَرَجُوا هُمْ عُلَمَاءُ.

الَّتِي де әйел тегінде الَّذِي мағынасында жұмсалады.

الَّتِي

مفرد

اللَّتَانِ=اللَّتَيْنِ

تثنية

اللاَّتِي =اللَّوَاتِي = اللاَّئِي = اللاَّيِ

جمع

Мысалы:

الّتِي ذَهَبَتْ هِيَ عَالِمَةٌ ؛ اللّتَانِ ذَهَبَتَا هُمَا عَالِمَتَانِ ؛ اللاَّتِي ذَهَبْنَ هُنَّ عَالِمَاتٌ.

مَنْ - «-ған» есімшесінің мағынасында (орысша «который») болып, ер тегі және әйел тегінің жекеше түрінде де, көпше түрінде де қолданыла береді. Мысалы:

مَنْ قَرَأَ هُوَ عَالِمٌ ؛ مَنْ قَرَؤُا هُمْ عُلَمَاءُ ؛ مَنْ قَرَأَتْ هِيَ عَالِمَةٌ؛ مَنْ قَرَأْنَ هُنَّ عَالِمَاتٌ.

Бұлمَنْ адамдарға және ақыл иелеріне қолданылады. Тек Ұлы Аллаһ Тағалаға, періштелерге, жындарға және адамдарға байланысты қолданылады.

مَا - “сол зат” мағынасында ер тегінің жекеше түрі үшін қолданылады. Екілік және көпше түр үшін қолданылмайды. Мысалы:

مَا رَأَيْتُهُ شَيْءٌ عَجِيبٌ.

Бұл مَا адамнан басқа барлық заттар мен құбылысқа қатысты, яғни ақылсыз жаратылыстар үшін қолданылады.

أَيُّ- «әр», «қайсы бір» және «-ған» («который») мағыналарында болып, ер тегінің жекеше түрінде жұмсалады. Мысалы:

أَيُّهُمْ يَعْلَمُ فَهُوَ حَسَنٌ ؛ أَيُّ الرِّجَالِ يَكْتَسِبُ فَهُوَ مَحْبُوبٌ.

أَيُّ = أَيَّةُ

أَيَّتُهُنَّ لاَ تَتَعَلَّمُ فَهِيَ جَاهِلَةٌ ؛ أَيَّةُ الْبَنَاتِ تَجْتَهِدُ فَهِيَ حَسَنَةٌ.

ذَا де الَّذِي мағынасында жұмсалады да, үнемі مَا истифхамиядан (сұрау есімдігі) кейін келеді. Мысалы:

مَاذَا تَفْعَلُ ؟

Негізінде бұл –

مَا الَّذِي تَفْعَلُ ؟

ذُو де Той тайпасының тілдік ерекшелігінде الَّذِي және الَّتِي мағынасында жұмсалады. Мысалы:

رَأَيْتُ ذُو خَرَجَ.

Ол негізінде –

رَأَيْتُ الَّذِي خَرَجَ.

Мысалы:

رَأَيْتُ ذُو خَرَجَتْ.

Ол негізінде –

رَأَيْتُ الَّتِي خَرَجَتْ.

قواعد

Қағида: Исми мавсулды қолданғанда еске алынатын затты (жанды, жансыз) айқындап түсіндіру үшін үнемі исми мавсулдан кейін бір сөйлем (орналым) келеді. Мысалы, الَّذِي خَرَجَ الآنَ رَجُلٌ عَالِمٌ деген сөйлемдегі خَرَجَ الآنَ оралымы сияқты.

Бұл қағида жоғарыда келтірілген барлық қатыстық есімдіктерге де қатысты жұмсалады. Исми мавсул мағынасын айқындау үшін келтірлген сөйлем силаи мавсул немесе жүмләи мавсулийя деп аталады.

Қағида: Жүмләи мавсулийя мен исми мавсулдың байланысын көрсететін замирдың болуы шарт. Мысалы, الَّذِي خَرَجَ الآنَ رَجُلٌ عَالِمٌ деген сөйлемдегі خَرَجَ етістігінде الَّذِيге қатысты هُوَ замиры жасырынып тұр.

Сондай-ақ الَّذِي ضَرَبْتُهُ رَجُلٌ جَاهِلٌ деген сөйлемдегі ضَرَبْتُهُ соңында الَّذِيге қатысты ـهُ замиры бар.

Кейбір жүмләи мавсулийялардың замирлары түсіріліп айтылады. Мысалы,

الَّذِي ضَرَبْت رَجُلٌ جَاهِلٌ .

Ол негізінде الَّذِي ضَرَبْتُهُ رَجُلٌ جَاهِلٌболған.

ذُو؛ ذَا ؛ أَيَّةُ ؛ أَيُّ ؛ مَا ؛ مَنْ сөздері барлық уақытта исми мавсул бола бермейді. Кей жағдайларда олар басқа мағыналарда да жұмсалады. Олардың мағыналары мәтінге қарай осы кітаптың «كلمات شتى» деген бөлімінде түсіндіріледі.

باب أفعال .§ -13

Белгілі бір мезгілде жасалған белгілі бір амал-әрекет, іс-қимылды білдіретін сөздер феъл деп аталады. Оның үш шағы бар:  Мазий – өткен шақ;  Хал – осы шақ;  Мустакбал – келер шақ.

فَتَحَ - ашты; فَتَحَ مَا - ашпады.

يَفْتَحُ - ашып жатыр; يَفْتَحُ مَا - ашып жатқан жоқ.

يَفْتَحُ - ашады; يَفْتَحُ لاَ - ашпайды.

Әр түбір сөзден (масдар, етістік негізді зат есім) етістіктің алты түрі бөлініп шығатынын сіздер білесіздер: 1) мазий; 2) болымсыз мазий; 3) музариъ; 4) болымсыз музариъ; 5) амр (бұйрық рай); 6) болымсыз амр. Осы етістіктердің әр қайсысында да, үш шақтың бірі байқалады. Мазий және болымсыз мазий үнемі белгілі бір амал-әрекеттің өткен шақта іске асқанын немесе іске аспағанын білдіреді. Мысалы: فَتَحَ ؛ فَتَحَ مَا . Бірақ дұғаларда өткен шақ етістігінің формалары амри ғайиб (үшінші жақ бұйрық райы) мағынасына, өткен шақ болымсыз етістігі нахий ғайиб (бұйрық рай, белгілі бір қимылды жасамауға бұйыру) маынасына ие болады. Мысалы: لِيَغْفِرْهُ اللَّه дегенді білдіретін غَفَرَهُ اللَّهُ сияқты. لاَ رَزَقَهُ اللَّهُ деген оралым

لاَ يَرْزُقْهُ اللَّهُ дегенді білдіреді.

Төмендегі сөйлемдер де осының мысалы болып табылады:

رَحِمَهُ اللَّهُ ؛ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ ؛ صَلَّي اللَّهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ; سَلَّمَهُ اللهُ.

Музариъ (осы-келер шақ) осы шақта жүзеге асып жатқан немесе келер шақта жүзеге асатын амал-әрекетті білдіреді. Мысалы, يَفْتَحُ етістігі кейде «ашып жатыр» мағынасында, кейде «ашады» мағынасында жұмсалады. Оның мағынасы мәтінде айқындалады. Кей жағдайлада музариъ барлық шаққа да ортақ болып келеді, яғни амал-әрекеттің өткен шақта, осы шақта және келер шақта орындалатынын білдіреді. Мысалы, يَتَّجِرُ сауда жасайды, يُدَرِّسُ оқытады мағынасында жұмсалады.

Музариъ етістігінің болымсыз түрі (музариъ инкар) екі түрлі болады:  осы шақты терістеу және  келер шақты терістеу. Осы шақтағы іс-қимылдың орындалмауын білдіретін музариъ етістігі осы шақты терістеу деп аталады. Мысалы: يَفْتَحُ مَا . Келер шақтағы іс-қимылдың орындалмауын білдіретін музариъ етістігі келер шақты терістеу деп аталады. Мысалы: لاَيَفْتَحُ . Сондай-ақ يَفْتَحَ لَنْ да музариъ инкарға жақын мағына береді. Осы шақты терістеудің басында үнемі нафия مَا тұрады да, келер шақты терістеудің басында үнемі нафия لاَ немесе нафия لَنْ тұрады. Келер шақты терістеудің لَنْ нафия келетін түрінде таъкид (күшейту) мағынасы болатындықтан, ол келер шақты терістеуді күшейту (күшейту) деп аталады. Егер музариъ етістігінің алдына لَمَّا ؛ لَم сөз алды шылауларын (харф) қойсақ, онда етістіктің мағынасы толығымен өзгеріп кетеді. Етістіктің осы немесе келер шағы бұл екі харфты қосқанда, өткен шаққа айналып кетеді. Яғни егер етістік алғашқыда іс-қимылдың осы-келер шақтарда орындалғанын білдірген болса, оның алдына لَمَّا ؛ لَمْ, харфтерін қосқаннан соң, іс-қимылдың өткен шақта орындалмағанын білдіреді. Мысалы, يَفْتَحْ لَمْ ашпады,; يَفْتَحْ لَمَّا - ешқашан ашпады.

Амр және нахий (бұйрық рай) тек келер шақта ғана қолданылады. Әдетте бұл жақын келер шақ болады. Мысалы: اِفْتَحْ және لِيَفْتَحْ аш” және “ашсын” мағынасында. Сондай-ақ لاَيَفْتَحْ және لاَتَفْتَحْ ашпасын” және “ашпа” мағынасында.

Грамматика ғалымдары етістікті екі топқа бөліп қарастырады:  мазий және  музариъ. Олар өткен шақты терістеу өткен шақ етістігінің ережелеріне бағынады деп есептейді. Болымсыз музариъ, амр және амрды терістеу музариъ етістігінің ережелеріне бағынады.

Амр де ,шын мәнінде, музариъ етістігінен жасалады. Мысалы, اِفْتَحْ ,негізінде, لِتَفْتَحْ болған. Сөйлеуді жеңілдету үшін амр хазирден لِتَ амр лам және «та» музариат әрпі түсіріледі.

Музариат әрпінен соң сүкун келетін амрдың алдына кәсралы немесе заммалы хамза қойылады, өйткені сөз сүкуннен бастала алмайды. Мысалы: اُنْصُرْ ؛ اِضْرِبْ ؛ اِفْتَحْ .

Музариат әрпі мен амр ламы түсірілгеннен кейін хамзасыз айтыла алатын амрлер хамзасыз қолданыла береді. Мысалы: تَبَاعَدْ ؛ جَالِسْ ؛ تَعَلَّمْ ؛ عَلِّمْ .

Алайда أَفْعَلَ қалыбындағы амри хазирдың жалпы ережесі бойынша музариат әрпінен кейінгі әріп харакатты немесе харакатсыз (сүкунды) болуына қарамастан, оларға фатхалы хамза қойылады. Мысалы: أَقِمْ ؛ أَكْرِمْ .

فاعل و مفعول .§-14

Белгілі бір іс-қимылды жасаушы фаъил (негізгі етіс есімшесі, етістікті сөйлемдерде бастауыш қызметін атқарады) деп аталады. Сөйлемдерде етістіктің әр фаъилы аталуы қажет. Фаъилсыз етістік болмайды. Етістіктің үшінші жағында фаъил етістіктің алдынан немесе одан кейін келеді. Мысалы:

زَيْدٌ ذَهَبَ ؛ ذَهَبَ زَيْدٌ.

Мухатаб және мутакаллим сийғалары (жіктелулері) фаъилдары феълдарымен бірге келетін сийға болып есептеледі. Мысалы:

ذَهَبْتَ ذَهَبْتُمَا ذَهَبْتُمْ ذَهَبْتِ ذَهَبْتُمَا ذَهَبْتُنَّ ذَهَبْتُ ذَهَبْنَا

أنت أنتما أنتم أنت أنتما أنتن أنا نحن

Амал - әрекет бағытталатын нәрсе (жанды немесе жансыз) мафъуль (ырықсыз етіс есімшесі, толықтауыш қызметін атқарады) деп аталады. Кейбір етістіктердің фаъилы да, мафъулы да болады. Мысалы:

فَتَحَ زَيْدٌ بَابًا ؛ جَمَعَ بَكْرٌ مَالاً ؛ مَدَحَ عَمْرٌو خَالِدًا.

Ал кейбір етістіктердің фаъилы болады, мафъулы болмайды. Мысалы:

حَسُنَ خَالِدٌ ؛ قَدِمَ بَكْرٌ ؛ جَلَسَ زَيدٌ.

لازم و مُتَعَدِّى

Фаъилы бар және мафъулы жоқ етістік лазим феъл (салт етістік) деп аталады. Мысалы: Зәйд отырды – جَلَسَ زَيْدٌ.

Фаъилы да, мафъулы да бар етістіктер мутаъаддий феъл (сабақты) деп аталады.. Мысалы, Зәйд есікті ашты – فَتَحَ زَيْدٌ بَابًا .

Кейбір етістіктерде тек бір ғана мафъул болады. Мысалы: Мен Зәйдты мақтадым – زَيْدًا مَدَحْتُ. Ал екінші біреулерінің екі мафъулы болады. Мысалы: Мен Зәйдке ақша бердім – ثَمَنًا زَيْدًا أَعْطَيْتُ.

أسباب تعدية

Егер лазим феълды мутаъаддийге айналдырғымыз келсе, оны إِفْعَالٌ немесе تَفْعِيلٌ қалыбына салу керек, яки оларға بـِ) ) сөз алды шылауы (жар) бар мафъул қосылуы керек. Мысалы:

ذَهَبْتُ лазим; أَذْهَبْتُ زَيْدًا - мутаъаддий; فَرِحْتُ лазим; فَرَّحْتُ زَيْدًا мутаъаддий; خَرَجْتُ лазим; خَرَجْتُ بِزَيْدٍ мутаъаддий.

Егер тек бір ғана етістігі бар мутаъаддий етістіктер إِفْعَالٌ немесеتَفْعِيلٌ қалыбына өткізілсе, олар екі мафъулы бар етістікке айналады. Мысалы:

عَلِمْتُ الْوَاقِعَةَ - أَعْلَمْتُ الْوَاقِعَةَ زَيْدًا ؛

عَلِمْتُ الْمَسْئَلَةَ - عَلَّمْتُ الْمَسْئَلَةَ زَيْدًا.

قواعد فعل و فاعل

Қағида: Етістіктер тектері (ер тегі немесе әйел тегі) бойынша өз фаъилдарына бағынады. Мысалы:

الرَّجُلُ كَتَبَ ؛ الْمَرْأَةُ كَتَبَتْ .

Қағида: Етістіктер түрлері (жекеше, екілік, көпше ) бойынша да өз фаъилдарына бағынады. Мысалы:

الرَّجُلُ كَتَبَ ؛ الرَّجُلاَنِ كَتَبَا ؛ الرِّجَالُ كَتَبُوا.

الْمَرْأَةُ كَتَبَتْ ؛ الْمَرْأَتَانِ كَتَبَتَا ؛ النِّسَاءُ كَتَبْنَ.

Қағида: Егер сөйлемде фаъил заттың (адамнан басқа) көпше түрінде тұрса, етістік әйел тегінің жекеше түрінде тұрады. Мысалы:

الْكُتُبُ نَفَعَتْ ؛ الأَيَّامُ طَالَتْ ؛ الطُّيُورُ طَارَتْ.

Қағида: Егер етістік фаъилдан бұрын келсе, онда ол үнемі жекеше түрде тұрады. Мысалы:

كَتَبَ الرَّجُلاَنِ ؛ كَتَبَ الرِّجَالُ ؛ دَخَلَ الْمُسْلِمُونَ. كَتَبَتِ الْمَرْأَتَانِ ؛ كَتَبَتِ النِّسَاءُ ؛ دَخَلَتِ الْمَسْلِمَاتُ.

Ескерту: Сіздер морфологияда айтылатын етістіктің бөлшектері мен жіктелулерін естен шығармаған боларсыздар. Оларды бұл кітапта сипаттаудың қажеті жоқ.

أنواع أفعال .§ -15

فعل مدح و ذمّ

Мақтау (мадақтау) етістіктері – екеу:  نِعْمَ және  حَبَّذَا . Екеуі де «қандай әдемі», «қандай жақсы» деген сияқты мағынаға ие.

حَبَّذَا - күрделі сөз: حَبَّذَا =حَبَّ + ذَا. Бұл сөз жақсыны бағалау және мадақтау үшін қолданылады. Ол әрдайым бір формада болады. Сөйлемді талдап көрейік: حَبَّ - феъл мазий; ذَا - исми ишара оның фаъилы болып табылады. Сөйлем – хабари мукаддам, одан кейін келетін исм немесе замир - мүбтадаи муаххар. Мысалы:

نِعْمَ الرَّجُلُ زَيْدٌ ؛ نِعْمَتِ الْمَرْأَةُ هِنْدٌ ؛ حَبَّذَا الرَّجُلُ زَيْدٌ.

Кінәлау, айыптау етістіктері де – екеу:  بِئْسَ және  سَآءَ. Ол екеуі де: «қандай жаман» деген мағынаға ие. Мысалы:

بِئْسَ الرَّجُلُ بَكْرٌ ؛ بِئْسَتِ الْمَرْأَةُ هِنْدٌ ؛ سَآءَ الرَّجُلُ بَكْرٌ ؛ سَآئَتِ الْمَرْأَةُ هِنْدٌ.

أفعال تعجب

Араб тілінде етістіктер таң қалу, таңырқау мәнін беру үшін ол төмендегі екі қалыпқа өткізіледі:

أَفْعَلَ فُلاَنًا *  أَفْعِلْ بِفُلاَنٍ.

Мысалы,

مَا أَحْسَنَ زَيْدًا.

Оның мағынасы айқын: « Зәйдты не әдемі қылды?» болу керек. Алайда, ол шын мәнінде, «Зәйд қандай әдемі» деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ بِزَيْدٍ أَحْسِنْ мағынасы да белгілі: «Зәйдті әдемі ет». Алайда ол: «Зәйд өте әдемі».

Ескерту: Етістіктің бұл жіктелулерінің біріншісі إِفْعَالٌ қалыбындағы өткен шақ етістігі, ал екіншісі إِفْعَالٌ - қалыбындағы амри хазир болып табылады.

Бұл таң қалу етістіктері ешқашан жіктелмейді (өзгермейді). Олар барлық уақытта жекеше түрде ғана қолданылады. Мысалы:

مَا أَجْهَلَ زَيْدًا = أَجْهِلْ بِزَيْدٍ ؛ مَا أَعْلَمَ زَيْدًا = أَعْلِمْ بِزَيْدٍ ؛

مَا أَسْمَعَ زَيْدًا = أَسْمِعْ بِزَيْدٍ ؛ مَا أَبْصَرَ زَيْدًا = أَبْصِرْ بِزَيْدٍ ؛

مَا أَعْجَلَ زَيْدًا = أَعْجِلْ بِزَيْدٍ ؛ مَا أَصْبَرَ زَيْدًا = أَصْبِرْ بِزَيْدٍ.

أفعال مقاربة

Келесі етістіктер жақындату етістіктері (бастау және жақындату етістіктері) деп аталады:

عَسَى ؛ كَادَ ؛ أَوْشَكَ ؛ قَارَبَ ؛ أَخَذَ ؛ طَفِقَ ؛ أَقْبَلَ ؛ جَعَلَ.

  1. عَسَى زَيْدٌ اَنْ يَخْرُجَ

- Зәйд шыға бастады.

  1. كَادَ زَيدٌ يَضْرِبُ

- Зәйд ұра бастады.

  1. أَوْشَكَ زَيْدٌ اَنْ يَذْهَبَ

- Зәйд кете бастады.

  1. قَارَبَ زَيْدٌ اَنْ يَغْضِبَ

- Зәйд ашулана бастады.

  1. أَخَذَ زَيْدٌ يَأْكُلُ

- Зәйд жей бастады.

  1. طَفِقَ زَيْدٌ يَشْرَبُ

- Зәйд іше бастады.

  1. أَقْبَلَ زَيْدٌ يَكْتُبُ

- Зәйд жаза бастады.

  1. جَعَلَ زَيْدٌ يَقْرَأُ

- Зәйд оқи бастады.

أفعال حُكْمِيَّة (اسماء افعال) .§ -16

Араб тілінде сырттай етістіктің жіктелуіне ұқсамайтын, алайда етістік ретінде қолданылатын сөздер бар. Олар феъли хукмий деп аталады. Олардың ең көп тамымалдары - 25:

  1. هَيْهَاتَ - кетті (жоқ болып кетті); жоқ, жоқ

  2. شَتَّانَ - бөлінді; қандай бөлек (басқа!)

  3. سَرْعَانَ - жақын; өте жақын; тап (дәл) қазір

  4. أُفٍّ - мен тойдым (мезі қылды)

  5. بَسْ - күйдірді (ауыс. мағ.); жетер

  6. حَاشَا = حَاشَى - -lfy ,асwf

  7. رُوَيْدَ - уақыт (мұрсат) бер

  8. تَعَالَ - бері кел

  9. إِيَّاكَ сақтан, сақ бол

  10. كَلاَّ - жоқ, жоқ!

  11. حَيَّهَلَ - жақындат

  12. حَيَّ - жақында, асық, тездет

  13. هَلُمَّ - бері кел, жылдамдат, асық

  14. هَاتِ = هَاتِى - бер, алып кел

  15. هَاءَ - ал

  16. هَبْ - бер, алып кел

  17. دَخِيلَكَ - өтінем

  18. بَلْهَ - таста, қалдыр, сол жерде қалсын

  19. آمِين - қабылда

  20. لَوْلاَ - егер болмаса ғой

  21. عَلَيَّ - алып кел

  22. عَلَيْكَ - қамықпа

  23. إِلَيْكَ - кет, жоғал

  24. دُونَكَ - мә, саған, ал

  25. فَعَالِ - жаса

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]