Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Istikmal_kaz.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Жүмләи мужаррада және жүмләи музайяна

Тек екі сөзден ғана, яғни бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемдер жалаң сөйлем (жүмләи мужаррада) деп аталады. Мысалы:

كَتَبَ زَيْدٌ ؛ زَيْدٌ كَاتِبٌ .

Тек бастауыш пен баяндауыштан ғана емес, басқа да сөздердің қатысуымен жасалған сөйлемдер жайылма сөйлем (жүмләи музайяна) деп аталады. Мысалы:

أَكَلَ زَيْدٌ أَكْلاً ؛ أَكَلَ زَيْدٌ تُفَّاحًا ؛ رَجَعَ زَيْدٌ الْيَوْمَ ؛ جَلَسَ زَيْدٌ هَهُنَا ؛ قَرَأَ زَيْدٌ جَالِسًا ؛ زَيْدٌ أَحْسَنُ خُلْقًا ؛ خَرَجَ الْقَوْمُ إِلاَّ زَيْدًا ؛ كَتَبَ زَيْدٌ بِالْقَلَمِ ؛ إِمْتَلأَ الإِنَاءُ مَاءً ؛ رَجَعَ زَيْدٌ فَقَطْ ؛ كَانَ زَيْدٌ عَالِمًا ؛ ظَنَنْتُ زَيْدًا عَالِمًا ؛ جَاءَ زَيْدٌ وَ عَمْرٌو.

Жүмләи исмия және жүмләи феълия

Баяндауышы зат есімнен болған сөйлемдер жүмләи исмия деп аталады. Мысалы:

الْكَاتِبُ زَيْدٌ ؛ زَيْدٌ كَاتِبٌ .

Баяндауышы етістіктен болған сөйлемдер жүмләи феълия деп аталады. Мысалы:

زَيْدٌ كَتَبَ ؛ كَتَبَ زَيْدٌ .

Болымды (вужудия) және болымсыз (адамия) сөйлемдер

Бастауышы баяндауышпен анықталатын (немесе бекітілетін), басқаша айтқанда, болымдылықты білідретін сөйлемдер болымды (жүмләи вужудия) сөйлем деп аталады. Мысалы:

زَيْدٌ كَاتِبٌ ؛ كَتَبَ زَيْدٌ ؛ يَكْتُبُ زَيْدٌ ؛ إِنَّ زَيْدًا كَاتِبٌ .

Бастауышы баяндауышпен анықталмайтын (немесе бекітілмейтін), басқаша айтқанда, болымсыздықты білдіретін сөйлемдер болымсыз (жүмләи адамия) сөйлем деп аталады. Мысалы:

زَيْدٌ لاَ كَاتِبٌ ؛ لَيْسَ زَيْدٌ كَاتِبًا ؛ مَا كَتَبَ زَيْدٌ ؛ لَمْ يَكْتُبْ زَيْدٌ ؛ لاَ يَكْتُبُ زَيْدٌ ؛ لَنْ يَكْتُبَ زَيْدٌ.

Құрмалас (жүмләи таълиқия) және жай (жүмләи хукмия) сөйлемдер

Алғашқысы шарт, екіншісі машрут (сол шарттың жауабы, негізгі сөйлем – ауд. еск.) болатын екі қысқа сөйлемнен құралған күрделі сөйлемдер құрмалас сөйлем (жүмләи таълиқия) деп аталады. Мысалы:

إِنِ اجْتَهَدَ الْمُتَعَلِّمُ - يُحِبُّهُ الْمُعَلِّمُ .

Бір ғана сөйлемнен тұрып, қарапайым бір ойды білдіретін, яғни құрмаласпаған сөйлемдер жай сөйлем (жүмләи хукмия) деп аталады. Мысалы:

زَيْدٌ كَاتِبٌ ؛ لِيَكْتُبْ زَيْدٌ ؛ هَلْ زَيْدٌ كَاتِبٌ ؟ .

Жүмләи шартия (шартты сөйлем) және жүмләи жазаия (басыңқы сөйлем)

Әрбір жүмләи таълиқия екі жүмләи хукмиядан құралады. Олардың бірі үнемі шартты, ал екіншісі басыңқы (шартталған) сөйлем болып келеді. Шартты болып келетін сөйлемдер жүмләи шартия (шартты сөйлем) деп, ал шартталған (машрут) сөйлемдер жүмләи жазаия (басыңқы сөйлем) деп аталады.

Жоғарыда келтірлген мысалда:

إِنِ اجْتَهَدَ الْمُتَعَلِّمُ

жүмләи шартия болады, ал:

يُحِبُّهُ الْمُعَلِّمُ

жүмләи жазаия болады.

Жүмләи шартия әдетте жүмләи жазаиядан бұрын келеді. Сирек жағдайларда ғана жүмләи жазаия бірінші болып келеді. Мысалы:

أُحِبُّكَ - إِنِ اجْتَهَدْتَ .

Шартты демеуліктер (калимаи шартия)

Әрбір жүмләи шартияның басында шартты сөз тұруы керек. Шартты сөздер- 18:

إِنْ ؛ مَا ؛ مَنْ ؛ أَىُّ ؛ أَيَّةُ ؛ مَتَى ؛ أَيَّانَ ؛ أَيْنَ ؛ أَنَّى ؛ مَهْمَا ؛ كَيْفَمَا؛ حَيْثُمَا ؛ إِذْمَا ؛ إِذَامَا ؛ إِذَا ؛ كُلَّمَا ؛ لَوْ ؛ لَمَّا.

Алғашқы 14 харф жазима сөздері (калимаи жазима) болып табылады. Олар жүмләи шартия және жүмләи жазаияда тұрған музариъ етістіктерін жазм жағдайына келтіреді. Алайда соңғы төртеуі калимаи жазима емес: لَمَّا ؛ لَوْ ؛ كُلَّمَا ؛ إِذَا.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]