Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Biostat_stud_GM_2013_kz.docx
Скачиваний:
124
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
765.4 Кб
Скачать

Баөж бойынша тапсырма «медико биологиялық зерттеу»

Өз нұсқаңа сәйкес екі топтағы кездейсоқ шаманың негізгі салыстырмалы талдау және зерттеу жүргізіңіз. Сонымен бірге:

  1. Зерттеудің жеке мақсаттарын және міндеттерін анықта

  2. Болжамдарды жаса

  3. Көрсетілуімен зерттеу жоспарын құр:

  • Зерттеудің қандай түрі жүргізіледі (рандомизирлік, когорттық зерттеу және т.б.). Өз таңдауыңды түсіндір.

  • Қанша топ зерттеледі. Әрбір таңдама көлемі 25 объектіден кем болмауы керек.

  • Қандай белгілер және қандай жағдай кезінде өлшейсіз.

  1. Кесте түрінде, барлық алынған мәліметтерді зерттелушілердің фамилиясымен келтіріңдер( егер әдебиеттік берілгендер қолданылса, әдебиет туралы ақпаратты көрсет).

  2. Бір (таңдама бойынша) кездейсоқ шама үшін гистограмма тұрғыз және оны сипатта.

  3. Сізге белгілі алгоритммен берілген критерий бойынша ( негізгі белгі үшін) болжамды тексеруді жүргізіңіз. Негізгі болжамға қатысты қорытынды жасаңыз.

  4. Негізгі және қосымша белгілер арасындағы байланысты анықтаңыз(кестеге қараңыз). Топтардың бірінен осы байланысты сипаттаңыз( таңдама бойынша). Регрессиялық талдау жүргізіңіз, нәтижесін графикалық түрге келтіріңіз.

Нұсқа.

Салыстыру топтары

Негізгі белгі

Қосымша белгі

Негізгі болжамды тексеру үшін критерий

Ерлер және әйелдер

САҚ

ЖЖЖ

F-Фишер

Физикалық жүктемеге дейінгі және кейінгі

ЖЖЖ

САҚ

T-Уилкоксон

Қалалық және ауылдық тұрғындар

Бой

Салмақ

U-Мана-Уитни

Ерлер және әйелдер

Салмақ

ЖЖЖ

t-Стъюдент

Сау және темір жетіспеушілігі анемиясы науқастары

Гемоглобин

Қандағы ақуыз

F-Фишер

Сау және гепатит

Билирубин

Қандағы ақуыз

t-Стъюдент

Сау және қант диабеті

Қандағы қант

САҚ

U-Мана-Уитни

Ерлер және әйелдер

Биофизика бойынша үлгерім

Физиология бойынша үлгерім

F-Фишер

Диетаның әсері

Дене салмағының индексі

холестерин

T-Уилкоксон

Нәтижесін мәтіндік есеп түрінде көрсетіңіз.

Есепке қойылатын шарттар:

Шрифт кәдімгіTimesNewRoman кегль 14, жоғары және төмен 2 см, сол жағы 2.5 см, оң жағы 1,5, ені бойынша түзеу, бірінші жол отступпен, жоларалық интервал -бірлікті. Кестелер және суреттер аталуы және нөмерленуі керек, осьтер өлшем бірліктерімен көрсетіліп жазылуы керек.

Баөж бойынша тапсырма «ғылыми мақаланы талдау»

Сабақ мақсаты: «Биостатистиканы» оқу барысында алған дағды және білімдерін практикалық сабақта қолдану және қорыту.

Сабақ міндеті:

1. Медициналық мәселенің сол және басқа шешімдері бойынша ғылыми зерттеудің үлгісінің адекваттылығын бағалау.

2. Келтірілген зерттеудің технологиясын талдау.

3. Алынған нәтиженің бағасы.

4. Алынған нәтиженің практикалық қолданылуы.

Өздік жұмыс үшін тапсырма

Медико-биологиялық зерттеу нәтижесін көрсететін соңғы жылдары кезеңдік медициналық басылымға шыққан мақаланы табыңыздар.

Мақала толық мәтінді мектте көрсетілген болуы қажет – тезистер және рефераттар алынбайды! – және «Резюме (реферат)», «Кіріспе», «Материалдар және әдістер» (немесе «Зерттеу әдістемесі»), «Нәтиже», «Талқылау», «Қорытынды» бөлімдерінен тұруы қажет.

Мақаланы көшіріп алып, пәнді оқу соңына дейін сақтау қажет.

Мақаланы оқып, келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер

«Резюме (реферат)» және «Кіріспе» бөлімдері бойынша:

1. Қандай ғылыми немесе практикалық мәселеде, және қандай нақты тақырыпта мақала жарияланған?

2. Зерттеу объектісін және оның мақсаты мен міндетін анықтаңдар?

3. Зерттеу болжамы қандай? Қашан жасалынған: зерттеуге дейін, зерттеу кезінде немесе зерттеуден кейін?

4. Зерттеу үлгісін схемалық түрде көрсет.

«Материалдар және әдістер» («Зерттеу әдістемесі») бөлімі бойынша:

1. Зерттеуші топтарды анықта, олардың зерттеуінен критерийдің қосылуы және алынып тасталуы.

2. Оны өткізу уақытын және әрекетін жоспарлауы қандай?

3. Таңдама көлеміне түсінік берілген бе?

4. Қандай рандомизация әдісі қолданылған?

5. Қандай шағылыстыру (соқырлық)тәсілдері қолданылған?

6. Зерттеуге қосылғандардың денсаулық жағдайын бағалау үшін авторлармен қандай көрсеткіштер қолданылған?

7. Егер мақалада клиникалық зерттеу нәтижесі сипатталса, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

- Авторлар қандай тиімділік әрекеттер критерийін қолданған?

- Біздіңше критерий оптималды бола ала ма? Зерттеудің мақсатына сай тағы қандай тиімділік әрекетінің баға критерийін қолдануды ұсына аласыз?

8. Статистикалық мәнділік айырмашылығының минималды деңгейі көрсетілген бе?

9. Қандай статистикалық талдау әдісі және бұл үшін қандай компьютерлік бағдарламалар пакеті қолданылған?

«Нәтиже» бөлімі бойынша:

1. Зерттеу нәтижесінің көрсетілу үлгісін бағала (зерттеу схемасы, топтар бойынша науқастар қозғалысы, әр топтағы науқастар саны, жүргізілген әрекеттер әр топтағы өлшеу көрсетілген бе).

2. Жүргізілген статистикалық талдау нәтижесін бағала (көрсеткіштер түрін таңдау (мысалдар, орташа, мода, медиана және т.б.)олардың интервалдығының және нақтылығының болуы ( мысалы, орташа қате, СИ), статистикалық әдістерді және критерийлерді қолдану(оларды қолданудың адекваттылығы, қосымша қандай әдістер қолданылуы мүмкін еді).

«Талқылау» бөлімі бойынша:

1. Нәтижелерінің интерпретациясын бағалаңыз нәтиженің ішкі маңыздылығын(жалпылығын).

2. Зерттеудің себебі не және салдары не. Себеп салдар байланысының болуы ( немесе болмау) туралы авторлар қорытындысы дәйектелген бе?

3. Мақалада сипатталған зерттеу нәтижесінің практикалық мәнділігін және нақтылығын бағала.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]