Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.26 Mб
Скачать

2 Электрондық оқулық туралы түсінік

2.1 Электрондық оқулықты пайдалану саласы

2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі басқа көрсеткім келеді деп нақты атап көрсеткен. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз- мултимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі-аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай құс екенін ажырата білу,жүрек қағысын байқау.

Бір жағынан, электрондық оқулықтың келеңсіз жақтарыда бар. Бұл психология- педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы сияқты. Тағы да бір ең үлкен кемшілігі –фрагменттік бағдарлама. Ол материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару, берілген материалдағы санитарлық, гигеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.

Электрондық оқулық қазіргі замандағы оқытудың жаңа көзі болып табылады  және де ол теориялық материалды меңгеруге, қалыптастыруға, алған білімді тәжірибе жүзінде қолдана білу әдісі мен дағдысын бекітуге, өздік бақылаудың әр түрлі түрлерін жүзеге асыруға, бақылауға арналған ақпараттық орта.

Электрондық оқулық әдетте келесі  ірілендірілген компоненттерден тұрады:

    • курстың негізгі ақпарттық бөлімінен (тақырыптар мен бөлімдер) құралатын презентациялық құраушыдан тұрады;

    • алған білімді бекітетін жаттығулар;

    • оқушылардың білімін объективті түрде бағалайтын тесттік жұмыстар.

Электрондық оқулықтарды әзірлеуде алғашқы дағдыларын алу үшін, өзіндік таңдалған мазмұнды іске асыру үшін ең лайықты құрылым суреттеуінен бастаған қажет. Бұл үшін дәстүрлі және электрондық оқу құралдарының арасындағы ұқсастықтарды пайдаланған ыңғайлы.  

Электрондық оқулықтарды қолданылу барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде элекрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін аткаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мулътимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады.

Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу барысында оқушыларда (студенттерде) өз бетімен оқу, білім алу, өзін-өзі бақылау, берілген білім саласында өзін дамыту және бағалау дағдысы қалыптасады. Бұл оқушылардың болашақ мамандық саласында өзін-өзі тану және дайындалу кезіндегі негізгі бағыт болып табылады.

Қоғамның қазіргі заман дәуіріндегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, техника құралдарының белсенді түрде енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы алдыңда бірқатар көкейкесті міндеттер қоюда.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.