- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- •Кіріспе
- •1 Есептің қойылуы
- •Сурет 1.1 – Мекеме құрылымы
- •1.2.1 Кәсіпорын қолдайтын жобалар
- •1.2.2 Желілік және бағдарламалық жасақтау бөлімі
- •2 Электрондық оқулық туралы түсінік
- •2.1 Электрондық оқулықты пайдалану саласы
- •2.2 Электрондық оқулықты сипаттау
- •3 Қолданылатын технологиялар
- •3.1 Сайт құрудың әдістері
- •3.2 Denwer 3 Web – сервер эмуляторы
- •3.3 Мәліметтер қорымен жұмыс
- •3.4 Мазмұнды басқару жүйесі
- •3.4.1 Түрлері
- •3.4.2 Ерекшеліктері
- •3.4.3 WordPress
- •3.4.4 Drupal
- •3.5 Cms Joomla!
- •3.5.1 Joomla! туралы түсінігі пен оның тарихы
- •3.5.2 Cms Joomla артықшылықтары
- •3.5.3 Жүйе конфигурациясы
- •3.5.4 Дизайн шаблондары
- •3.5.5 Модульдер мен компоненттер
- •4 Web –бағдарламалаудың практикалық негіздері
- •4.1 Пәндік облысты анықтау
- •4.2 «Joomla!» контентті басқару жүйесінде ақпараттық құрылымды құру
- •4.3 Бөлімдер мен категорияларды құру
- •4.4 Ақпараттық материалды құру
- •4.5 Меню элементтерін құру
- •4.6 Басты беттің толтырылуы
- •4.7 «Joomla!» контентті басқару жүйесін қызмет етуі
- •4.7.1 Ресімдеу шаблондары мен модуль позицияларын өзгерту
- •4.7.2 Категорияларды өзгерту
- •4.7.3 Меню блоктарын өзгерту
- •4.7.4 Ақпараттық материалды өзгерту
- •4.7.5 Ақпараттық резервті көшірмесін құру
- •4.7.6 Резервті көшірмені қайта қалпына келтіру
- •5 Қауіпсіз техникасы және еңбек қорғау шарасы
- •5.1 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі
- •5.2 Өрт қауіпсіздігі
- •5.3 Дэем қауіпсіздік техникасы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Есептің қойылуы
Есепті қалыптастыру
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы – Облыс білім беру басқармасының «Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы» КММ жобалармен автоматизациялық басқару жүйесін зерттеу мен жаңарту болып табылады. Бұл тақырыпқа сәйкес қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Ақпараттық көптеген мәселе, әсіресе оның ішінде ең негізгісі білім беру (оқыту) мәселесі болып табылады. Біздің негізге алған мәселеміз оқытуды автоматтандырумен байланысты. Демек білім беру мен пайдаланушы білімінің бақылау сұрағына қажетті нәтижелерді өңдеуі үшін қолданады. Білім беру компьютерлік техналогиямен жүзеге асыру ақпарат алушының сұранысын қанағаттандыра тын оқу құралының басылымымен қатар тұрады. Мұндағы негізгі таралымдар оқулық шығару, оқу процестерінің бірігуін қамтамасыз ету және жоғарғы сапалы, иннавациялық ғылыми зерттеулердің, яғни жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылу мақсатында оқу процестеріне және сонымен қатар, әртүрлі «электрондық оқулықтардың» түбі бір дәл осылай аталатындығы.
Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін аткаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мулътимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады.
Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Кәсіпорынмен танысу
2006 жылдың маусым айынан бастап Ақпараттық технологиялар орталығы білім беру басқармасының жеке құрылымдық ұйымы ретінде өмір сүріп келеді.
Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының негізгі қызметі Павлодар облысының білім беру мемлекеттік ұйымдарында электрондық оқытуды тиімді енгізу мен дамытуды қамтамасыз ететін білімді ақпараттандыруды дамыту болйып табылады.
Ағымдағы заңнамаларға, Павлодар облысының білім беру басқармасының нормативтік құжаттарын басшылыққа ала отырып ақпараттық технологиялар орталығында төрт бөлім жұмыс істейді: ақпараттық-әдістемелік бөлім, техникалық және сервистік қызмет көрсету бөлімі, желілік және бағдарламалық жасақтау бөлімі, электрондық оқыту бөлімі.