Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.26 Mб
Скачать

3.5.3 Жүйе конфигурациясы

Конфигурация жүйе орындайтын шарттар мен қасиеттер жиыны болып табылады. Оны баптау үшін авторизация процедурасын орындау керек және әкімшілік басқару интерфейске келесі адрес бойынша кіруге болады http://kyrsjoomla.ru/administrator/.

Қолданушы аты мен құпия сөз ретінде орнату кезінде нұсқалған тіркелу мәліметтерін енгіземіз.

Қолданушы аты мен құпия сөз дұрыс комбинациясын енгізгеннен кейін, әкімшілік интерфейстің басты бетіне қайта бағыттау болады.

Контентті басқару жүйесі функциялардың кең жиынына ие болады:

  • ақпараттық материалды құру, редактирлеу және жариялау;

  • контентті басқару жүйесін конфигурациялау;

  • дайындау тақырыптары, компоненттер мен модульдерді орнату;

  • қолданушылардың кіру, қарау статистикасы;

  • жүйе, жаңартулар және түзетулер жайлы ақпарат.

Администратор интерфейсі сурет 3.3 –те көрсетілген.

Сурет 3.3 Администратор интерфейсі

Конфигурацияға кіру үшін «Общие настройки» батырмасын таңдау керек (сурет 3.4).

Сурет 3.4 Жалпы баптаулар

Конфигурация менюі 10 пункттен тұрады:

  • «Сайт» – сайт жұмысының жалпы баптаулары (аты, сипаттау, өшіру, қолданушыларды тіркеу, визуалды редактор);

  • «Локаль» –локализации, уақыттық зона баптаулары;

  • «Материалы» – мазмұн элементерін шығару параметрлері;

  • «База данных» – мәліметтер қорына қосылу баптаулары;

  • «Сервер» – беттер GZIP‑компрессисиясы, cookie сессия өмірі уақыты;

  • «Метаданные» – сайт метамәліметтері мәндері;

  • «Почта» – сайтпен поштаны жіберу параметрлері мен әдістері;

  • «Кэш» – беттерді кештеу, кеш өмір уақыты;

  • «Статистика» – кіру статистикасы баптаулары;

  • «SEO» – ЧПУ және беттердің динамикалық атаулары.

Конфигурация интерфейсі қосымша 2-де көрсетілген.

Контентті басқару жүйесін бастапқы баптау үшін, конфигурация баптауларының келесідей мәндерді анықтау керек:

  • «Сайт отключен» – сайтқа қол жетімділік тек администраторларда болады, сайтты дұрыстау үшін ыңғайлы режим;

  • «Имя сайта» – веб-браузер атауында көрінетін веб-ресурс дұрыс атауы;

  • «Разрешить регистрацию пользователей» – ресурс әкімшілігі саясатына байланысты;

  • «Использовать активацию аккаунтов» – желательно установить «да»деп орнату дұрыс, спам-боттардан өорғану мақсатында;

  • «Временная зона» –UTC +03:00деп нұсқау қажет;

  • «GZIP компрессия страниц» – ақпаратпен жүктелген беттерге тиімді, сервер жағында файлды қысу жолымен жүктелу уақытын азайтады;

  • «Эмуляция режима Register Globals» –«OFF» қалаулы, ол үлкен қорғанысты береді, бірақ шеттегі компоненттер үйлесімділігін кемітеді.

3.5.4 Дизайн шаблондары

«Joomla!» стандартты ресімдеу тақырыбы жүйе мүмкіндіктерін демонстрациясы үшін келеді, бірақ толыққанды веб-сайт құру үшін жарамайды.

Өзіннің графикалық шаблонынды қолдану үшін «/templates/» бумасына арнайы стандарттар бойынша жасалған өз ресімдеу тақырыбын жүктеу қажет. Жүктелген швблонды қолдану әкімшілік интерфейс менюі арқылы мүмкін: «Сайт» – «Шаблоны» – «Шаблоны сайта». Шаблонды таңдау интерфейсі сурет 3.5-те көрсетілген.

Сурет 3.5 Шаблонды таңдау интерфейсі

Пайда болған терезеде жүйе администраторына орнатылған ресімдеу тақырыптары арасында таңдау беріледі. Контентті басқару жүйесі сайттың әрбір беті үшін жеке ресімдеу тақырыбын таңдауға мүмкінді береді немесе бардық беттер үшін бір ортақ шаблонды қолдануға болады. Таңдау «Назначить» және «Умолчание» батырмаларымен жасалады. Ресімдеу тақырыпты сайттың белгілі беттері үшін «таңдау» кезінде, «үндемеу бойынша» орнатылған шаблон барлық қалған беттерде қолданатындығын есте сақтау керек. Жүйеде «Умолчание» таңбасы бар бір ағана шаблон болуы мүмкін. Қажет болған жағдайда администратор интерфейсі сайт шаблондарын редиктирлеуге мүмкіндік береді.