Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psyhol.docx
Скачиваний:
211
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.01 Кб
Скачать

30.Эмоцияның негізгі түрлеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.

Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді.

Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы аитылғандардан өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқына жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы жұмыс қабілетін арттыруға, адамның жеке қасиетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Эмоцияның бір түрі – аффектер. Аффектер дегеніміз қысқы уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффектілердің тууы мидағы қозу мен тежелу процестерінің өте күшті болуымен байланысты. Аффектер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында өтеді. Адам бойы қаншалықты ашу-ыза кернегенімен, оны долылық сатысына жеткізбей, аффектіні ауыздықтап, ерік күшіне бағындыруына болады. Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда фрустрация деп аталады. “Фрустрация” латыншадан аударғанда - көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құзалып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Мұның бәрі фрустрацияның психологиялық стрестің өзіндік бір қыры екендігін көрсетеді. Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайдағы көңіл күй өшпенділік, кейіс пен қаһар тудырады. Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі – эмпатия. Эматия адамның өзгелер қайғы-қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы. Жанашырлық сезімнің мән-жайын психологияда ашып көрсеткен – американдық психолог Э. Титченер. Ол филисофиядағы ұнату сезімнің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің эмоциялық, салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық және адам көңіл-күйінің аффектті жағдайға душар болу себептерін алдын ала сезе білу сияқты түрлері болатындығын да даралап көрсетеді. Құмарлық көрнекі түрде сыртқа шығып, ұзақ уақытқа созылады. Ол әрқашан белгілі бір объектіге бағытталады. Құмарлық – адамның белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары бар. Мысалы, оқып білім алуға деген құмарлық адам қабілетін тәрбиелейді, мәдениетін дамытып, өмірдегі мақсат-мүддесіне жеткізеді. Бұл – ұнамды қасиет. Ал ұнамсыз құмарлық адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырып, бей-берекеттікке ұшыратады. Құмарлықтың ұнамсыз түрімен күрес жүргізіп, жексұрын қылықтарға жол бермеу керек. Адам көңіл күйінің ерекше көріністері стресс және дистресс болып табылады. “Стресс” сөзі ағылшын тілінен аударғанда – зорлану, қысым жасау деген мағынаны білдіреді. Стрестік күй – соңғы 30-35 жыл ішінде ғылым мен техниканың, өнер мен білімнің тасқындап дамуына орай және экологиялық жағдайдың қолайсыздығына сәйкес адамда пайда болған эмоция мен сезімнің көрінісі. Адам осындай стрестік күйдің психологиялық ерекшеліктерін біліп, оған бейімделуі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]