Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
259
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

56. Мәдениет және өркениет.

Мәдениет – философиялық ой – толғамның аса маңазды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі.Мәдениет үғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайданылады.Шынына келгенде, мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі олай болса оған рухани да материалдықта жетістіктер жатады.Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыпта қала бермейді өдіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын туғызады оны күрделі ете түседі.Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен қатар барлық қолмен, ақылмен өнделген еңбек заттары жатады.Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді.Сондықтан, мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет.

Мәдениет пен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді.Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі.Өркениеттіліктің өндірістік дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау болып табылады, ал мұның өзі күрделі қоғамдық қатынастарды қамтиды.Сонымен бірге өркениеттілік пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратының да айту қажет.Антагонистік қоғамдарда олар жолында қиын терең қайшылықтар болады.Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше рөл атқарады.Жеке адам мәдениеттің субъектісіде, объектісіде болып табылады.

Бұл екі ұғым бір – біріне өте жақын.Бірақ бір емес. Мәдениет-адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өндеген заты, құбылыс. Оның екі тұрі бар: бірі – материалдық жасанды дүние, екіншісі – рухани дүние .Біріншісіне – үй, өндіріс, киім – кешек, т.б. екіншісіне – қисса, ертек, өлең жыр, діни ғылыми ұғымдар, т.б. жатады.Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданылады.Кең көлемді алғанда – алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері, айталық, Үнді өркениет, Вавилон өркениеті, т.б.Жоғары дамыған күрделі техника да, ғылыми табыстар да әр түрлі мақсатқа қолданылуы мүмкін.Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет еткізу жатады.Мәселен АҚШ – озық дамыған капиталистік ел.

57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.

Жаһандану (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол - біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс.Жаһандану идеологиясы уақыт өткен сайын құбылып отыратын жанды құбылыс. Ғаламдық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда компьютерлік технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың ішінде интернет желісі - бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртұтас ақпарат кеңістігі.

Жаһандануды әрбір ұлт, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алғанда ғана осынау қауіптілеу болып көрінетін құбылыстың игілігін көреді. Егер жаһандануды ұлттық мемлекеттік болмысқа икемдей алмасақ онда мемлекет те, сол мемлекетті жасап отырған ұлт та тобырға айналып, рухани жаулаушы өркениеттің құлақкесті құлы болып қала береді. Біздің төлтума бітімімізді, қайталанбас ұлттық болмысы¬мызды, ұлттық кейпімізді сақтап қалу бәрінен маңызды. Ол бізге мынау аждаһадай төніп келе жатқан дүлей жаһанданған дүниеде біржола жоғалып кетпеуімізге кепіл бола алады. Қалай десек те ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен ұлттық тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ділін, дінін дәстүрлі мәдениетін аман алып қалу және оны одан әрі дамыту жолында күреске түсетіні анық.

«Жаһанданудан бүркену керек» дейтіндердің қатарында еліміздегі кейбір әсіреұлтшылдар мен оппозициялық көзқарастағы азаматтарымыз да бар.Елбасы: «Біз жаһанданудан қорықпауымыз керек, біз оған барынша дайын болуымыз керек», – деген еді. Бұл жерде қазақтың «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген нақылына сүйенуіміз қажет деп ойлаймын. Журналистер жан-жақты зерттеп жаһандану кезеңінде нені үйреніп, неден жирену керектігін қоғамға айтуы тиіс.Жаһандануға ілесе алмай,ылғи артта қала берген ел басқа мықты жұрттармен тең сөйлесе алмайды,бірте-бірте тарих сахнасынан ысырылады.Осындай күйге түспеу үшін тарихты білумен бірге,одан тағылым алып,пайдалана білу қажет.Шерхан Мұртаза: «Жетпіс жыл марксизм мен ленинизмге сеніп,шекеміздің қызғаны шамалы.Ендігі жерде тәуелсіз елімізідің идеологиясын мұсылманшылыққа негіздеу керек»,- деген болатын. Жаһанданудың кері ықпалына қарсы тұруға қауқар боларлық күштің ең жоғарғысы – БАҚ. Н.Назарбаев: «Бұқаралық ақпарат құралдарының күші – әскери қарулы күштердің күшінен кем емес»,- деген еді. БАҚ ой-санаға әсер етудің күшті құралы.