Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
259
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

17. Ислам философиясының даму ерекшеліктері

Ислам философиясы қалыптасу кезеңiнде мынандай философиялардың әсерiне ұшыраған: 1-Антикалық грек және эллинистiк философия 2-Иран-Сасани философиясы 3-Үндi философиясы. Бұлардан соңғы екеуiнiң ықпалы аздау. Осы тұрғыдан алғанда ислам философиясы көне дәуiр грек философиясы мен бүгiнгi Батыс философиясын дәнекерлеушi көпiр iспеттi. Өйткенi, көне дәуiрлердегі Сократ (м.б. 469-399), Платон (м.б. 427-347), Аристотель (м.б. 384-322) секiлдi мәшһүр ойшылдар уә хакiмдер жазған фәлсәфи шығармаларды жер-жерден iздестiрiп, оларды арабшаға аудартқызып, оларға түсiнiктемелер жазып, философиялық ойлардың сапасы мен деңгейiн жаңа сатыға көтерген мұсылман ойшылдар мен хакімдер болған.Ислам философиясының кейбiр негiзгi туындылары мыналар: Йақұб Исхақұлы әл-Кинди (800?-873) – «Рисалә фи хұдұд-ил әшйа уә рұсұмұмиһә», әл-Фараби (870-950) – «әт-Тағлиқат», Әбу әл-Фараж Мұхаммед Исхақұлы Әби Йақұбұлы әл-Нәдимұлы әл-Бағдади (Ибн әл-Нәдим, уаф. 995) – «Фиһрист әл-ұлұм», Сұлейман Хасанұлы Жұлжұлұлы (Ибн Жұлжұл, 919-987) – «Тарих әл-әтибба уә-л-хұкама», Қазы Саид Ахмедұлы әл-Әндұлұси (Қазы Ибн Саид, 1030-1070) – «Табақат әл-ұмәм», Әбу Уәлид Абдұллаһ әл-Фарази (962-1013) – «Тарихұ ұлама-ил Әндалұс». Ислам философиясының даму жолына қарағанымызда мынадай негiзгiфилософиялық ағымдардың пайда болғанын көремiз: 1-Дәһриййұн: Философиялық материализмнiң уәкiлдерi. Бұларға «маддиййұн», «мұаттыла» және «занадықа» да делiнген. Бұл философиялық ағым мұсылманшылықтан емес, мұсылмандар жаулап алған Орта Шығыс елдерiндегi йаһұди, христиан яки басға дiндердегi (маздакизм, пұтқақұлдық) философтардың әсерiнен пайда болған. Басты өкiлдерi Әбу Әли Рижа, Әбу Иса әл-Уаррақ (уаф. 861), Башшар Бұрдұлы (Ибн Бұрд, 714-783) және Ахмед Йахйаұлы Исхақұлы әл-Рауанди (Ибн Рауанди, 815-910 ж). 2-Табиғиййұн: натуралистiк философияның өкiлдерi. Мутазиланың рационалды философиясының дамыған түрi болып саналады. Бұларды ампиристер десе де болғандай. Негiзгi өкiлдерi әл-Серахси (770-818), Әбу Бәкiр Мұхаммед Зәкарияұлы әл-Рази (841?-925). 3-Тiл және аналитикалық философия: Құран Кәрім аяттары мен хадистердiң мағыналарын дұрыс түсiну үшiн араб тiлiнiң морфологиясы (әл-Сарф) уә синтаксы (әл-Наху) жөнiнде көптеген жұмыстар жасалған. Осы салада қомақты еңбектер жазған ғалымдар Әбу Бишр Амр Османұлы Сибеуейх (760?-793?), Әбу Мұса Жәбир Хаййанұлы (Ибн Хаййан, 721-815), 4-Метафизикалық философия: «илаһиййұн» деп аталған осы топтан Йақұб Исхақұлы әл-Кинди (800?-873), Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) және Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали (1058-1111) сияқты мәшһүр ойшылдарды айтуға болады. Әл-Кинди еңбектерiнде неоплатонист аристотелшi ағымның ақыл теориясын дамытқан. Көптеген философиялық еңбектердiң авторы жерлесiмiз әл-Фараби кейiнiрек «ишрақиййұн» деп аталған «Шығыс философиясын» жасау қажеттiгi туралы алғаш рет пiкiр бiлдiрген хакім, ойшыл.

18.Қайта өрлеу философиясындағы гуманизм және антропоцентризм

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір феодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 – ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Қайта өрлеу іс – жүзінде ескіні рестоврациялау емес жаңа ізденіске ұмтылуды білдіреді. Осы дәуірдің философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік болды. Яғни басты тұлға құдай емес ал адам. Құдай барлық заттардың бастауы, ал адам дүниенің ортасы, негізі. Қайта өрлеу дәуірінің ортасы негізі қайта өрлеу дәуірінің дүние танымы гуманистік бағытта адам ерікті өзінің болашағын жасаушы тұлға ретінде қарастырылды. Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялық қозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас.Т.Мор (1478-1535). Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист–рационалисті. Басты шығармасы – «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан–жақты дамуына, теориялық оқуды ңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Т.Кампанелла (1568-1639). Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ.

Жаңа Заман философиясы: Декарттың «күмәндәну принципі».

Жаңа заман фил-сы депXVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Декарт философиясы-Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады. Декарттың философиядағы үлесі мынадай: 1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді; 2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды; 3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді; 4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды. Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді: 1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.); 2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.); 3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді; 4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды; 5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады; 6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады. Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды. Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді: 1.материалды (заттар), 2. рухани (идеялар). Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің мағынасы – таным процесінде тек абсолютті, деректі, шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы жаңа, ақиқат білім алу. Декарт туа біткен идеялар теориясын ұсынады: таным және дедукция арқылы алынатын білімдермен қатар, ешбір дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар (аксиомалар) о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын білімдер. Ол білімдер екі түрде: 1.Ұғымдар; 2.Пікірлер түрінде беріледі. Туа біткен ұғымдарға жататындар: «Құдай» (бар); «сан» (бар); «ерік»; «тән»; «жан»; «құрылым», т.б. Туа біткен пікірлер: «бүтін өз бөлшектерінен үлкен»; «жоқтан ештеңе пайда болмайды»; «бір мезгілде болу және болмау мүмкін емес», т.б.