Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
259
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

47. Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары.

Диалектиканың тарихи типтері. Көне Үнді және Көне Қытай философиясындағы диалектика. Көне Грек философиясындағы диалектиканың формалары. Классикалық неміс философиясы мен марксизмдегі диалектика. XX ғ. диалектиканың негізгі варианттары. Диалектиканың принциптері.Жалпылық байланыс қоршаған дүниенің тұтастығын, оның ішкі бірлігін, барлық компонеттерінің – нәрселердің, құбылыстардың, процестердің - өзара байланыстылығын, өзара тәуелділігін білдіреді. Жүйелілік қоршаған дүниеде сансыз көп байланыстар ретсіз емес бір тәртіпте болады дегенді білдіреді. Осы байланыстар тұтас жүйе құрады, онда олар иерархиялық тәртіпте орналасады. Оның арқасында қоршаған дүниеде ішкі мақсатқа сәйкестілік бар Себептілік – біреуі екіншісін тудыратын байланыстардың болуы. Қоршаған дүниенің нәрселері, құбылыстары, процестері бірдемемен шартталған, яғни немесе сыртқы, немесе ішкі себебі бар. Себеп салдар туғызады, ал мұндай байланыстар себепті-салдарлы деп аталады. Тарихилық жобалайды: Тарихтың, дүниенің мәңгілігін, жойылмайтындығын; Оның бар болуы және дамуы әрқашан созылатын уақытта өтеді.

Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика –әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды . Диалектика дегеніміз –болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процестері зерттеледі .Диалектика - дамудың философиялық теориясы, сонымен қатар, ол- әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі кіреді. Ғылыми теория ертедегі гректің зерттеу, ілім деген сөзінен шыққан. Заттарды процестерді талдайды шын мәнінде олардың қандай екендігін түсіндіреді. Айналаны қоршаған дүниенің тану процесінде немесе практикалық ісімізде барлық уақытта алдымызға белгілі-бір мақсаттар мен міндеттер қоямыз.Философия тарихында диалектиканың басқа да формалары бар: диалектика даму жөніндегі жалпыға бірдей байланыс жөніндегі ілім ретінде сонау елдердегі пайда болған. Диалектиканың тарихи екінші формасы Гегель диалектикасы болды. Диалектиканың даму арқылы нені түсінетіндігі туралы мәселеге жауап беруі қажет . Даму - бұл материалдық және идеалдық объектілердің заңды сапалық қайтымсыз процессі. Даму процессінде кез-келген объект өзінің жойылу, бөліну, мезгілінің пайда болуында тұрады. Диалектиканың заңдарымен категориялары туралы материалистік түсініктерінің қалыптасуы.Материалистік диалектика – дамудың жалпы философиялық теориясы. Ол табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының дамуының ең жалпы заңдарын зертейтін ғылым. Диалектикканың негізгі үш заңы белгілі бір категориялар арқылы мазмұн анықтайды.

48.Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер.

Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

1. Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .

2. Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).

3. Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).

Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.). Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология –адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны.