Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
259
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

23. Л.Фейрбахтың антропологиялық философиясы.

Фейербах Людвиг (28.7.1804, Ландсхут, Бавария – 13.9.1872, Рехенберг) — классикалық неміс философиясының ірі өкілі. Немісматериалист философы және атеисі. Алғашқыда Г.В. Гегель идеализмінің ықпалында болып, кейіннен жалпы дінге және христиан дінінің қағидаларына қарсылықпен, материалистік көзқарастарымен белгілі болды. Фейербах Гегель диалектикасының идеалистік сипатын аша отырып, оны сынап, идеализмнен бас тартады. Фейербах философиясының негізгі мазмұны материализмді қуаттау. Адам мәселесінде Фейербах адамды жай ғана биол. тіршілік иесі деп қарады. Таным теориясында эмпризм мен сенсуализмді жақтады, агностизмге қарсы шықты. Фейербах материализмі марксизм философиясының материалистік көзқарастарына негіз болды. Фейербахты адамды табиғатпен бірлікте қарай отырып, сонымен қатар адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығын да көрсетуге тырысты. Жеке адамдарға тән айырғысыз қасиеті бірі мен бірінің қатынас жсасуы, біріне бірінің талпынуы деп санады. Бірақ ол адамзат қоғамының мәнін және оның даму заңдарын танып-білу дәрежесіне көтеріле алмады; жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты сүйіспеншілікке талпындыратын рухани қатынас деп түсінді. Фейербах Гегельдің диалектикасын бағаламады, оны идеализмнен аршып алып, материалистік негізінде қолдануға болатынын түсінбеді.Фейербахтың философиясында қоғам құбылыстарын материалистік тұрғыдан түсіндірудің кейбір бастамалары бар еді. Мәселен, дінді сынау оның философиясының аса маңызды мазмұнын құрды. XVII – XVIII ғ.ғ. атеизммен салыстырғанда оның атеизмнің ерекшелігі сол, ол діннің шығу және өмір сүру себебін тек адамдардың надандығынан деп түсінген жоқ; сондай-ақ діни бейнелерде адамдардың өмірі: күйініш-сүйініші, бақытылыққа ұмтылысы, табиғаттан және бір-бірінен тәуелділігі қалай көрініс табатынын көрсетуге тырысты. Алайда ол діннің әлеуметтік-экономикалық түп-тамырын, адамдарға табиғат құбылыстармен қатар, стихиялы қоғамдық құбылыстар үстемдік жасайтынын түсінбеді. Фейербахтың философиясында атеизм және адамдардың бір-біріне деген гуманистік сенімінің негізі діни сенімде деген қарама-қарсы түсініктер ұштасып жатыр. Сондықтан да ол құдайы бар христиан дінін жойып, оның орнына “құдайсыз дін”жасауға тырысты.Фейербахтың материализмі классикалық неміс философиясының аяқталуы бола отырып, философиялық материализмнің одан әрі дамуының (ең жалпы формада болса да) алдағы бағытын көрсетіп берді. Міне, сондықтан да Фейербахтың материализмі (Гегельдің диалектикасы сияқты) Маркс пен Энгельстің диалектикалық-материалистік философиялық көзқарасының қалыптасуына зор әсерін тигізді.

24. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы

Ежелгі заамннан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы басқа мәселелері болды. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау – ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілдік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы: көне түрлердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: «Жоғарыда Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралған екі арасында кісі оғлы жаралған екен». Олардың үстінен қарайтын «Тәңіріден болған», яғни қоғамдық үстемдікке ие болғандар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді. Аспанның, жердің, тау-ойпатының кереғар ұғымдар, диалектикалық қарама-қарсылықтардың бірлігі екндігін көне түріктер үстірт болса да пайымдай алды ма? Әрине, оның үстіне тәңіршілдік, анимизм мен тотемдік көзқарастар үстем болды. Сонысына қарамай Аспан (Көк тәңірі) мен Қара жер (Жер-ана) аралығындағы ғұмыр кешкен адамзаттың екі топқа бөлінуі де адамдардың қарама-қарсы екі жаратушының қайсысына «жақын» екендігі туралы әпсаналармен тығыз байланысты болғандығын көруге болады. Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі - тәңірінің жасампаздық құдіретіне деген халықтық сенім. Түркілердің танымдық қабілеті, жеңіске жетуі табғачқа (қарақытай) бағынғаны үшін жазалануы да тәңірінің мейіріміне немесе қаһарына ұшырағандықтың жемісі. Көрнекілік үшін мысал келтіретін болса, дана қарт Тоныкөк өзінің біліктілігін тәңірдің сыйы ретінде қабылдайды, ол білімді табғач елінде алған. Әрине, өзінің табиғи қабілетінің арқасында. Өзінің даналығын дәріптеу мақсатында қайталанып отыратын «қағаны алып екен, ақылшысы дана екен» деген сөз тіркесін жауларының аузына салып отыратындығы Тоныкөктің мақтаныш сезімінің айғағы болса керек. Орхон-Енесей жазбалары «Қорқыт Ата» кітабы, Оғызнама жәдігерліктерінде тотемдік, аналистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады.