- •Мазмұны содержание
- •Астана 2011
- •Шет тілі бойынша силлабус мазмұны
- •Түсініктеме хат
- •Schedule of educational process
- •1 Семестр
- •Schedule of educational process
- •2 Семестр
- •Schedule of educational process
- •3 Семестр
- •The plan of the subject term 1
- •The plan of student’s individual work with teacher term 1
- •The plan of student’s individual work with teacher term 2
- •The plan of student’s individual work with teacher term 3
- •The plan of student’s individual work
- •The plan of student’s individual work
- •The plan of student’s individual work
- •Оқу пәнін бақылаудың түрлері Бақылау түрлері:
- •Курстың саясаты:
- •Пән бойынша студенттермен жұмыс істеу барысы мен саясаты
- •Білімді бағалаудың жалпы кестесі
- •Студентке рейтинг қоюдың кестесі
- •Әдебиеттер тізімі
- •1. Methodical recommendations for reading, listening and writing.
- •Focus on reading
- •Focus on writing
- •I. A letter to a pen friend:
- •II. A formal letter/e-mail:
- •Glossary Greetings
- •Meeting people
- •Occupations
- •Food and meals
- •Different
Оқу пәнін бақылаудың түрлері Бақылау түрлері:
Ағымдағы бақылау: библиографиялармен жұмыс істеу, белгілі бір тақырыпқа сәйкес дөңгелек үстелдер өткізу, тренингтер, реферат жаза білу, тақырыпқа сәйкес баяндама жаза білу, СӨЖ тапсырмаларын орындау.
Ағымдағы бақылау (ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары): ауызша әңгімелесу, лингвистика салаларына қатысты реферат жазу, лексика-грамматикалық тесттер мен тапсырмалар.
Қорытынды бақылау: емтихан – тест
Студент дәріс және практикалық сабақтарға толық қатысуы керек, СӨЖ тапсырмаларын өз уақытында тапсыруы керек. Келмеген сабақтардың тапсырамаларын басқа белгіленген уақытта тапсыруы керек. Барлық сабаққа дайындалып келуі керек. Ол сабақтар тексеріліп отырады және ол бағалар қорытынды бағаға әсерін тигізеді.
Жазбаша бақылау жұмыстарына қойылатын талаптар:
Студент өтілген тақырыпты меңгеруі тиіс, берілген тақырыпқа жазбаша баяндама жасай білуі керек.
СӨЖ тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптар: әр студент тапсырманы жеке орындап, жұмыс талапқа сай қойылған уақытта тапсырылуы керек.
Реферат жазуға қойылатын талаптар: реферат жазуда оның жазылу құрылымын, ресімделу тәртібін қатаң сақтай білу керек (жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі). Сыртқы беті стандарт бойынша компьютерде терілуі керек. Әдебиет тізіміне сілтемеде қолданылған дереккөздер кіреді. Орындалған жұмыстың көлемі басылған 15-20 беттен тұрады.
Емтихан тапсыруға қойылатын талаптар:
Емтихан кешенді 2 кезеңде өткізіледі (тестілеу және ауызша сұрау) Қорытынды емтихан барлық өтілген материалды қамтып, студенттің білімін бақылауға арналады.
Қорытынды баға аралық бақылау мен емтихан бағасының қорытындысынан тұрады.
Курстың саясаты:
Студент барлық аудиториялық сабақтарға және пікірталастарға, дөңгелек үстелдерге, тренингтерге белсенді түрде қатысуы керек.
Сабаққа 100 пайыз қатысу қорытынды бағаға әсерін тигізеді.
Тапсырманы өз уақытында орындау мен тапсыру міндетті талаптар болып табылады:
1) практикалық, жеке тапсырмалар
2) барлық өздік тапсырмалар (СОЖӨЖ);
3) барлық аралық және қорытынды бақылау (бақылау жұмысы, емтихан).
Өз уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмен бағаланады. Емтиханда және жазбаша жұмыс орындауда көшіруге қатаң тыйым салынады. Осы талаптарды орындамаған студент емтиханнан шығарылып, жұмысы жоққа шығарылады.
Курсты өту барысында өз бетінше орындау үшін пәннің нақты тақырыбына сәйкес тапсырмалар беріледі. Жазбаша жұмыстың көлемі 2-3 беттен кем болмауы керек. Жұмыс жасау барысында студент қойылған міндетке шығармашылықпен қарап, әдебиетпен жұмыс жасай білуі керек. Тапсырма алған студентке оны орындауға 3 күн уақыт беріледі. Дәлелсіз себеппен сабаққа қатыспауға қатаң тыйым салынады. Аудиторияда тәртіп сақтау керек (ұялы телефондарын сөндіріп қоюы, кедергі келтіріп сөйлеспеуі, оқу құралдары мен үстелдерге жазбауы, сабақ уақытында аудиториядан шықпауы керек).