Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать

2 Сабақ Сандар тарихынан. Сан есім, оның түрлері.

1. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

1. Алғашқы сандар қалай пайда болған?

2. Араб цифрлары туралы не білесіздер?

3. Қазіргі кезде қандай сандар қолданылады?

  1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Сандарды жазудың оңай да қолайлы жүйесiн еуропалықтар арабтардан, ал арабтар үндiлерден үйренген. Сондықтан өзiмiздiң қазiргi пайдаланып жүрген цифрларымызды еуропалықтар «араб цифрлары», ал арабтар өздерi «үндi цифрлары» деп атайды. Бұл жүйені бүкiл жер жүзiндегi елдердiң көпшiлiгi қабылдаған. Бұдан 2500 жылдар шамасы бұрын Ежелгi Римде қолданылған рим цифрлары қазiрдiң өзiнде де пайдаланылады: I-1, Ү-5, Х-10, L - 50, С-100, Д-500, М-1000.

Басқа сандар осы цифрлар арқылы қосу және азайту тәсiлдерiмен орындалады. Мысалы, ХҮ –он бесті, ХХХҮIIІ саны 38-дi бiлдiредi. Егер мәнi жағынан кiшi цифр (I, Х , С) үлкен цифрдың алдында тұрса, онда оның мәнi шегерiледi. Мысалы, IҮ жазуы 4-тi (5- 1=4) бiлдiрсе, ХС жазуы (100-10) 90-ды бiлдiредi. Ал МСМ L ХХХIХ саны 1989-ды бiлдiредi.

Қазiргi уақытта рим цифрлары көбiнесе кiтаптың тараулары мен бөлiмдерiн, жыл айларын, белгiлi бiр оқиғалардың айы-күнiн белгiлеу үшiн қолданады. Ғасырларға қатысты тарихи оқиғалар рим цифрларымен беріледі. Мысалы: біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда; ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында, т.б. Амалдарды есептеуде рим цифрларымен жазылған сандар қолайсыз.

3. Мына сандарды рим цифрларымен жазыңыз.

А) 1812 Ә) 1945 Б) 1980 В) 2007 Г) 2030

4. Қанатты сөздерді сөздiктi пайдалана отырып аударып, мағынасын түсіндіріңіздер.

1.«Все есть –число». 2. «Математика –царица всех наук». 3.«Кто не знает геометрию – может не заходить». 4.«Семь раз отмерь – один раз отрежь». 5. «Платон мой друг, но истина дороже».

БОӨЖ тапсырмалары

5.Диалогты оқыңыз. Зат есімнің сан есіммен тіркесіне назар аударыңыз.

  1. – Айжан, сен осы семестрде қанша кітап оқыдың?

  • Бес, мүмкін одан көбірек. Иә, одан көбірек. Өткен аптада екі кітап оқыдым. Кеше бір кітап оқыдым. Сонымен, сегіз кітап оқыдым.

  • Ал. Мен үш-ақ кітап оқыдым.

  1. – Анна, сен Абайдың қанша өлеңін қазақша оқыдың?

  • Үш өлеңін жатқа білемін, ал онын оқыдым.

  1. – Сәуле, Нобельдік қорда қанша ақшасы қалды? Білесің бе?

  • Қазіргі курс бойынша 62 миллион фунт стерлинг.

  1. – Раушан, Халықаралық Нобель сыйлығының лауреатына сыйлық ретінде қанша қаржы беріледі?

  • Иә, бір жерден оқығанмын. Нобель қорына түсетін түсімге байланысты.

  1. – Ал халықаралық Король Файсал сыйлығының лауреаты қанша қаржы алады?

  • 200 мың АҚШ доллары.

  1. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен құрамында есептік сан есімді объектілік мағынасы бар конструкцияны табыңыз.

Нобель 350-ден астам жаңалық ашты. Нобель қоры 600-ге жуық адамды марапаттады.

Дүние жүзіндегі ең үлкен әуежай АҚШ-та орналасқан. Чикаго әуежайы жылына 56 миллион жолаушы өткізетін көрінеді.

Пеле 1363 ойында 1281 доп соққан әлемдегі үздік шабуылшы.

5. «Ұлы математик-ғалымдар» тақырыбына әңгіме дайындаңыз.