Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
  1. Мына сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Шылым шегуге байланысты статистикалық мәліметтердің көрсеткіштері қандай?

  2. Темекіге қарсы күреске қатысты конвенция қашан бекітілді?

  3. Темекіге қарсы күреске қатысты конвенцияға Қазақстан қашан қол қойды?

  4. Сіз темекі тартасыз ба?

  5. Жастардың темекі тартуына сіздің көзқарасыңыз қандай?

8. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе, «ия», сәйкес келмесе, «жоқ» деп жауап беріңіздер.

Сөйлемдер

ия

жоқ

  1. Темекі індеті тек жаһандық мәселе емес, сонымен қатар бұл жаһандану мәселесі болып табылады.

  1. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы темекіге қарсы күреске қатысты конвенцияны бекітпеді.

  1. Конвенция темекінің және темекі өнімдерінің жаһандана таралуын шектейтін халықаралық заңдастырылған құжат болып табылады.

    1. Шашылған сөздерден сөйлем құраңыздар.

  1. Өз, таза, тыныстауға, өркениетті, болуға, құқылы, қазақ, ауамен, елі, етті, алдында, қауымдастық, ұмтылатындығын, әлемдік, халқының, ел, жария;

  2. Үшін, әдетке, жаман, білсе, бой, қажет, алдырмау, ол;

  3. Азамат, саналы, еліміздегі, міндетті, қосуға, әрбір, шылымқорлықтың, өрістемеуі, әрі, одан, өз, үшін, үлесін

10. Сұхбатты толықтырыңыздар

___________________________?

  • Байлық та, атақ та адамды бақытты ете алмайды.

  • Бақытты болу үшін денсаулық керек пе?

____________________________ .

____________________________?

  • Денсаулықтың кепілі – салауатты ғұмыр кешу

  • Жаман әдеттерден қалай құтылуға болады?

_____________________________ .

11. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз

  1. Тазалық – саулық негізі, саулық –байлық негізі.

  2. Жаны саудың – дені сау.

  1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз

Темекінің таралу тарихы

Шылымқорлықтың адам денсаулығына аса зор нұқсан келтіретіні алғаш рет Англияда байқалып, 1585 жылдан бастап осы елдегі темекі тартқан адамдарды ауыр жазаға кесетін қатал заң шығарылған. XVI ғасырдың аяғынан бастап Англияда темекі таратушылар үшін қара түнек өмір басталды, яғни темекі тартқандардың басын кесіп алып, оны халықтың ең көп жиналатын жерлеріне апарып қоятын болды.

Италияда папа Урбан ІІ темекі тартып, аузына насыбай салған адамдардың шіркеуде шоқынуына тыйым салды. Айтқанға көнбеген бес монахты монастырдың дуалына тірідей қалап, сыртынан сылап тастаған. 1663 жылы Константинопольде темекі отынан болған өрттен кейін Мұрад ІV сұлтан шылым тарқандарды өлім жазасына кесуге әмір етті.

Басқа елдердегі сияқты Ресейде де темекі тартуға патша мен дін басшылары тарапынан күшті наразылық көрсетіліп, оған тыйым салатын қатаң шаралар қолданыла бастады.

Ресейде Михаил Романов патшалық еткен дәуірде шылым тартуға қатаң тыйым салынды. Заңды бұзғандарға бірінші рет таяқпен 60 дүре соғатын, екінші рет қайталанса, мұрны мен құлақтарын кесетін жаза өмірге келді. Ал енді 1634 жылғы Мәскеуде темекі туралы заңды бұзғандарды өлім жазасына кесуге ұйғарды. XVI ғасырдың бас кезінде билік басына келген Англия королі Яков І сол уақыттың өзінде темекі тартудың зияны туралы: «Түрі жексұрын, исі жеркенішті, миға қауіпті, өкпеге зиянды»,- дей отырып, жалған бақыттың жетегіне ерген өз халқына осылайша ескерту жасады. Сонымен бірге темекі сату жұмысын қойдыру мақсатында темекі сатушыларға ауқымды салық салып отырды.

  1. Мәтін бойынша 5 сұрақ жазыңыздар

  1. Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіз

Аурудың алдын ал.

Іздеп алған аурудың емі табылмас.

Ауру азығымен.

Ауруды елемеген өледі, дауды елемеген төлейді.

Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.

Тазалық – саулық негізі.

Саулық – байлық негізі.

UpRibbonSharp

  1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Қоғам, мәселе, намыс, бірлік, үміт, белсенді, табиғат, мағына, саясат, қозғалыс, талғам, жоба, құжат, құбылыс, сауал, ел, өзгерістер, ақпарат, келісім, келешек, сұрақтар, мұрагер, деректер.

  1. Мына сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Намысшылдық, адамгершілік, белсенділік, серіктестік, кәсібилік, ең белсенді бөлігі, жастар саясаты, жастар қозғалысы, басты құжаттар, бағдарлама, заңды құбылыс, әлеуметтік топ, жастар ұйымдары, қоғамдық келісім, отанды сүю, тұрмыстық - әлеуметтік қозғалыс, құжаттың қабылдануы.

  1. Мәтінді оқыңыздар

Қоғам және жастар

Әрбір қоғамның, әрбір отбасының ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп, ержетуіне байланысты. Сондықтан бұл мәселеге мән беру тұрмыстық - әлеуметтік көзқарас ғана емес, саяси салмағы бар үлкен міндеттердің бірі деп атасақ, артық айтқандық емес. Кеше де солай болған, келешекте де солай бола береді. Қазақ халқы да ежелден «ат тұяғын тай басар» деп жастарының жайына бей-жай қараған жоқ. Сондықтан да ата-баба мирас еткен намыстылық, имандылық, отанды сүю, ынтымақ пен бірлікті берік сақтау үрдісі әлсіреген жоқ, қайта жаңғырып, одан әрі жалғасын тауып отырды. Ата-буынның үмітін бала буын ақтай білді. Қысқасы, ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілді. Егемен елдің ертеңгі тағдыры, ең алдымен қазақты, барша Қазақстандықты тынымсыз ойландыруға тиіс. Оның басты өлшемі мынау: жастарымыз қалай өсіп келеді екен деген сауал. Олардың жан-дүниесінде қандай жаңғырулар бар? Не нәрсеге еліктейді, не нәрседен бой тартады? Ұлттық болмыстарға деген жанашырлықтары қандай? Міне, осы тектес сандаған сұрақтардың алдымызды кес-кестейтіні рас.

Жастардың мүмкіндігіне қарай, қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстамағаны жақсы. Өйткені, олар - елдің келешегі. Ата жолын жалғастыратын мұрагер. Бүгінгі аяқталмай жатқан істерді мәреге жеткізетін солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік пен кәсібилік өте керек. Және мұндай болу жастар табиғатына жарасатын мінез. «Егер біз лаулап жанбасақ...» деген тіркес бар. Сол тіркестің мағынасы әлі өз күшінде. Онда жастарымыздың саяси өмірге араласып, қатысып тұруы міндетті емес пе?

Қолда бар деректерге қарап отырсақ, Қазақстан халқының басым бөлігі жастар дей аламыз. Ендеше, олар саясатта да шешуші рөл атқара алады. Себебі, жастар қоғамымыздың ең белсенді бөлігі. Барлық кезде осылай болған.

Комсомол сияқты ұйым болмаса да, жастар саясаттан тыс өмір сүре алмайды. Азаматтық ұстанымын білдірмей тұра алмайды. Мәселен, Елбасы саясатын қолдаған митингіні «Отан», «Азаматтық» партиялармен бірге «Талапкер» жастар қозғалысы да ұйымдастыруға белсене қатысты. Олар оң өзгерістерді қолдады, өз жүректерінің талғамымен бәрін таразылаған. Отанымыз өркендеп, ілгері басуы жастар үшін де керек.

Қазіргі күні Қазақстандағы жастар саясаты саласындағы басты құжаттар «Қазақстан Республикасының жастар саясатының Тұжырымдамасы» бекітілді, Республикалық «Жастар» бағдарламасы қабылданды, Жастар департаменті құрылды. Осы барлық шаруалардың басы-қасында «Қазақстан болашағы үшін» жастар қозғалысына мүше ұйымдар жүр. Олардың саны 1998 жылы онға жетпейтін, бүгінгі күні елуден асып отыр. Ал республикамыздағы жастар ұйымдарының саны 150-ден асып жығылады.

Осы айтып кеткен шаралардан кейін халқымыздың төрт миллионға жуық үлкен әлеуметтік тобын құрайтын жастардың қоғамымыздағы алып отырған орны мен олардың рөлін белгілейтін нормативтік құжаттың қабылдануы заңды құбылыс. Бұл нормативтік құжат – бүгінгі күнге дейін көптеген жастар ұйымдары талқылаған ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі дайындаған «ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының жобасын жасады.