Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
К І Р І С П Е Жанылсын.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
46.99 Кб
Скачать

К і р і с п е.

Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие бағдарламалары да, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек.

Педагогикалық шеберліктің компонентеріне- психологиялық, педагогикалық білімнің тереңдігі, кәсіптік қабілетінің дамығандығы, педагогикалық техниканы игергендігі жатады. Педагогикалық техника- оқушыларға әсер етудің сан қилы тәсілдерінің жиынтығы. Педагогтік өнері, даусы, ырғағы, сөйлеу темпі, көзқарасы, мимикасы, бұрылысы, жүрісі т.б. сан түрлі қимылы жатады. А.С.Макаренконың педагогикалық техниканы игерудің маңызын ерекше бағалаған. Өнер институтындағы сияқты педагогикалық оқу орындарында да дауысты қою, сөйлеу, қарау өнерімен таныс болу қажет деп есептеген. Дауысты мұғалімнің жұмыс құралы деп таныған. ”Тәрбиенің даусын үйлестіре білуінде де, өзінің бет құбылысын басқара білуінде де педагогикалық шеберлік болады”,- деген, ендеше әрбір педагог шеберлікке жетуді мұрат етуі тиіс.

Мұғалімнің күнделікті жұмысында психология мен педагогикадан терең білімді білу, тәрбиенің мақсат- міндеттерін, прициптерін, оқушы- тәсілдерін теориялық тұрғыда түсінуге мүмкіндік тудырады. Содай-ақ оның ғылым салаларын жақсы білуі, жеке оқушыларға, оқушылар ұжымына дәл мінездеме беруге оқушылардың әрекетіне, құбылыстар мен факторларға дұрыс талдау жасап, тиімді тәрбие әдістерін белгілеуге мүмкіндік тудырады.

Тәрбиеде табысқа жету үшін музыка мұғалімінің кәсіби қабілетінің болуының мәні ерекше. Кәсіби қабілеттілікке көрегендігі, оптимистік болжам жасай алуы, ұйымдастырушылық іскерлігі, педагогикалық интуициясының болуы жатады.

1.1. Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері, мәні, мазмұны.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде тәлім - тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Өйткені, әр ұлттың тарихының ұрпақтарға оқытылуы, салт –дәстүрлерінің сақталуы және әдебиеті мен өнерінің дамуы, ұлттық бостандық жағдайында болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Білім мазмұны тұжырымдамасында және Білім туралы Заңында : осы негізде әр халықтың тарихы, ұлттық дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады,- деп көрсетілген. Бұл құжаттарда айтылғандай, білім, тәрбие мазмұнын жаңартпайынша, қоғамды жаңарту мүмкін емес. Себебі, қоғамның алға басуы жас ұрпақты білім, тәрбие арқылы дамытуға , жаңаша ойлауға, іскерлікке үйретуге байланысты делінген. Құжаттардағы аталған пікірлерге орай, қоғамды дамытатын жас азаматтың жеке тұлғасы жан- жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайда, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын болуы керек. Сонымен бірге өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтазар, өмірдің әрқилы кезеңдеріне дербес еңбек етуге даяр ұрпақты қалыптастырудың бір жағы білім мазмұны арқылы іске асса, екінші жағы тәлім- тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді. Сондықтан “Білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасында” білім мазмұнын қазіргі ғылымның құрылымына сәйкестендіру, оқу тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылық ойлауы мен өздігінен еңбек етуіне, білуге үйрету, дүниені дұрыс тануға, жалпы азаматтық мәдениетті бойына дарыту көзделіп отыр.

Сонымен, оқыту ісін жастардың белсенді ақыл- ой еңбегі саналы іс- әрекеті негізінде ұйымдастырса, тәрбие процесін ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана- сезім, мінез –құлықты қалыптасыру негізінде ұйымдастырған абзал.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамтыу, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.

Білім мазмұны жеке тұлғаны жетілдіру, дамыту, тәрбиелеу, тәжірибені меңгерту үшін қызмет етеді.

Білім мазмұны деп- жеке адамның ой- өрісін, дене тәрбиесін, адамгершілік - имандылық қаситтерін, эстетикалық қабілеттерін, талғамын, мінез- құлқын дамытуды, жалпы азаматтық мәдени дәстүрлер рухында тәрбиелеуді қамтамасыз етіп, дербес өмір сүруге дайындайтын ғылыми- білім, тәжірибелік, іскерлік және дағды жүйесін қалыптастыратын жадығаттарды айтамыз.

Тәрбие жұмысы мақсатында педагогикалық үйірмелер, олимпиадалар, дөңгелек үстел басындағы сұхбат, тақырыптық, кештер, кездесулер, айтыстар, пікірсайыстар, атамекен апталығы, сұлулар, сымбаттылар, білімділер, өнерлілер, іскерлер сайысы, ғылыми- шығармашылық қоғамдар, бірлестіктер достық- танымдық сапарлар, саяхаттар т.б. ұйымдастырылады. Сонымен, оқыту процесін жастардың белсенді ақыл- ой еңбегі, саналы іс -әрекеті негізінде ұйымдастырып, тәрбиелеу ісін қоғам талабына лайықты ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана- сезімі мен мінез- құлқын қалыптастыру негізінде ұйымдастырса, жұмыс нәтижелі болады.

Жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі ретінде ғана емес, өзіндік ақыл- ойы, талап- тілегі, қажеті бар субъекті ретінде қарап, бойындағы туа біткен, табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын қолданып, оқу- тәрбие жұмысын жүргізу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.

Педагогикалық қызмет еңбек объектісінің ерекшелігімен айрықшаланады. Өйткені, ол үнемі дамып, бір мезгілде тәрбиенің объектісі де, субъектісі де бола алатын жеке тұлғамен істес. Қоғамдағы жас ұрпақ тәрбиесі төрт түрлі әлеуметтік күштің бірлескен жұмысы арқылы жүзеге аспақ : отбасы, мектеп, әлеуметтік орта, жұртшылық.