Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз умк 2011 радиотехника.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
676.35 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

А.М. Қажғалиева

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Энергетикалық факультетінің радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы студенттеріне арналған

Астана, 2012

Алғы сөз

Жоғары оқу орындарының типтік бағдарламасын негізге ала отырып жасалған бұл оқу-әдістемелік кешен энергетикалық факультетінің радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы мамандығы студенттеріне арналған. Біріншіден, студент болашақта өз кәсібіне лайық қазақ тілін үйренеді, екіншіден, мамандығына қатысты іс кағаздарын жүргізуді игереді, үшіншіден, жас маман ретінде кәсіби лексиканы өндірісте қажетіне қарай қолдана алады. Соның нәтижесінде оларда өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу шеберлігі қалыптасады.

Оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы бір-бірімен байланыста алынған 15 мәтіннен, мәтінді бекіту жаттығуларынан, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастырып, сөздік қорын молайтуға бағытталған сұхбаттан тұрады.

Оқу-әдістемелік кешенде мәтінмен жұмыс істеуге көп көңіл бөлінді. Берілген мәтіндер ғылыми-публицистикалық шығармалардан және мерзімді баспасөз материалдарынан іріктеп алынып құрастырылды.

Сондай-ақ, оқу-әдістемелік кешенде сабақтың ғылыми сипатымен бірге танымдық, тәрбиелік қырлары да ескерілді. Ауызша, жазбаша тіл дамытуға, тіл мәдениетін көтеруге арналған материалдар да ұсынылды. Бұл студенттердің арнайы пәндерден алатын жалпы теориялық білімдерін қазақ тілі пәнімен ұштастыра отырып игеруге көп септігін тигізеді және студенттің сөздік қорын толықтыруда бірден-бір көмек болып табылады, әрі сауатты жазуға дағдыландырады.

Сабақтың меңгерілу деңгейін анықтау бағытында лексика-грамматикалық тест сұрақтары қоса берілді.

UpRibbonSharp

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңы

2004 жылы 10 шілдеде ҚР Үкіметімен Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасының территориясында тұратын заңды және жеке тұлғаларға байланыс қызметін көрсететін мемлекеттік органдардың құзыреттілігін анықтауға бағытталған. Осы заңның І тарауында Жалпы ережелер берілген.

І бап Жүйе деп аталады. Жүйе - заңды және жеке тұлғалардың қауіпсіздігі мен сұраныстарын қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның бөлінбейтін бөлігі.

ІІ бап заңда қолданылатын Негізгі ұғымдар деп аталады. Аталмыш заңда келесідей негізгі ұғымдар қолданылады:

Абонент - ол заңды немесе жеке тұлға. Байланыс қызметін көрсетуге байланысты абонентпен келісімшарт жасалып, оған абоненттік желі, абоненттік нөмір, абоненттік код беріледі.

Абонентке ақпараттық қызмет көрсету қызметі деп телефон нөмірі, мекенжай, электрондық поштаны айтады.

ІІ тарауда байланыс саласының атқарушы және олардың іс-әрекеттерін реттейтін органдар туралы айтылады. ІҮ тарау байланыс ғимараттары мен байланыс құрылғыларын қорғау қажеттілігі туралы.ҮІ тарауда байланыс қызметін пайдаланатын абоненттердің құқықтары туралы айтылады.