Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП ПП ДЛЯ ЭКОНОМ 2011 кред 2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
181.76 Кб
Скачать

Сөж (соөж) бойынша әдістемелік нұсқамалар

СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің басты міндеті семинар және дәрістік сабақтарына дайындалу. Семинар сабағында негізігі тақырыптар қарастырылады. Семинар сабақтардың тақырыптары бойынша әдістемелік кеңестерді мұқият меңгеріп, семинар сабақ жоспарларындағы сұрақтарға өзіндік жауап дайындаңыз. Әр сұраққа жауап дайындарда сұрақтың тезисін жазыңыз, негізгі ережелеріне қысқа кесте құрып, СӨЖ дәптеріңізге формулалар мен белгілерді жазыңыз. Дайындықты аяқтатағаннан кейін біліміңізді тексеру үшін өзін-өзі тескру сұрақтарына жауап беріңіз. Өзіндік жұмыс барысында қиындық туғызған сұрастарды жазып алып оқытушымен талқылаңыз.

СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалуы керек. Өз бетімен алынған білім дәрісте тереңделіп кеңейтілуі керек. Бірақ, семинар сабағында қарастырылатын сұрақ көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан СОӨЖ-де студент тақырып бойынша әрі қарай білімін кеңейту және тереңдету керек. Сол себептен, тақырып мазмұны ашылу үшін СӨЖ-ге қосымша сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар және т.б. беріледі.

Сөж нысанын даярлау және оның мазмұны

«Кәсіпкерлік құқық» курсы СӨЖ нысанының кең жүйесін қамтиды. Ол мынандай нысандар:

  • Оқытушы ұсынған дәрістеді оқу;

  • Негізгі оқулық бойынша семинар сабаққа дайындалу;

  • Белгілі тақырып бойынша рефераттар даярлау;

  • Рефераттарға, эссеге, баяндамаларға өзара сын-пікір жазу;

  • Курс терминдері бойынша кроссвордтар мен глосарилар жазу;

  • Ситуациялық есептерді шешу;

  • Статистикалық анықтамаларға талдау;

  • Топтық жобаға қатысу;

  • Таңдаған тақырып бойынша презентация жасау;

  • Тақырыпты жалпылу және т.б.

Студентке сөж (соөж) тиімді ұйымдастыру үшін нұсқамалар

Өткен материалды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалдың толық және тереңірек пысықталуы, өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындаған кезде жеңілдік туғызады. Алғашқы сабақтан бастап, өткен дәріс материалдарымен жүйелі түрде жұмыс жасау, келесі дәрістердің материалдарын түсіну үшін және практикалық және лабораториялық сабақтардың материалдарын игеруге қажетті талаптар болып табылады.

Материалды пысықтауға кірісу кезінде қажет:

  • дәрістердің конспектісі болуы;

  • курс бағдарламасының болуы;

  • ұсынылған әдебиеттердің болуы (оқулық, оқу құралы, есептер жинағы), қажетті жағдайда керекті құралдардың, материалдардың және құрылғылардың болуы;

Жұмыс әдісі:

  • дәріс материалдарын мақсатты түрде пысықтау;

  • конспектпен жұмыс жасау барысында әдебиеттерге сілтеме жасау тиімді болады (бұл емтиханға дайындалған кезде қажет болады) және қеректі толықтырулар, ал қажет жағдайда өзгерістер енгізу тиімді болады;

  • тақырыппен жұмыс жасау, материалды толық түсінгенге және есте сақтағанға дейін жалғасуы тиіс;

  • тақырыппен жұмыс жасау, оқулықтарда және оқу құралдарында келтірілген мысалдар мен есептерді талықлаумен және оларды шешудің әдістерін толық игергеннен кейін аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар туындаса, оларды оқытушымен келесі дәрісте талқылау қажет.

Есептерді шешу. Тапсырмаларды орындау әдістемесі:

  • мұндай тапсырмаларды орындауды тек қана берілген тақырып бойынша материалды пысықтағаннан кейін бастауға болады;

  • есептерді шығаруға кіріскен кезде оның шарттарын мұқият оқып шығу қажет;

  • шығарудың жоспарын ойластыру;

  • есепті шығару кезінде пайдаланылуға тиісті нормативтік-құқықтық актілерді анықтау;

  • есептің мазмұнына кіретін жағдайдың (ситуация) мәнін қайталап мұқият қарау;

  • алғашқыда есепті шығаруды жалпы түрде жүзеге асыру, содан кейін заңның бабын анықтау;

  • тиісті құқық нормаларының мазмұнын жүзеге асыру;

  • шешімнің дұрыстығының анализін жасау.

Коллоквиумға дайындалу. Курстың теоретикалық бөлімін игеру дәрежесін бағалау үшін кейбір пәндер бойынша колоквиум (әңгімелесу) өткізіледі. Соған байланысты колоквиумға ұсынылатын сұрақтар бойынша теоретикалық материал тағы да қайталануы тиіс.

Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты болып:

  • студенттердің ағымдағы білімдерін тексеру;

  • студенттің дайындығын анықтау;

  • үлгермейтін студенттермен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру табылады.

Бақылау жұмысына дайындалу барысында студенттер мына жағдайларды білу керек:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білу;

  • жадыдағы теориялық материалды және берілген тақырып бойынша есептер шешімінің негізгі әдісін жаңарту;

  • таңдаулы оқулықтардағы және тәжірибелік сабақтарда қарастырылған мысалдар мен тапсырмаларды қайта қарау.

Егер студент бірінші дәрістен бастап өткен материалдар бойынша жүйелі түрде жұмыс істейтін болса, онда бақылауға дайындық көп уақыт және еш қиындық туғызбайды.

Жобаны орындау. Жоба мен жұмысты орындау кезінде кафедрада тапсырмамен берілген әдістемелік нұсқауларды басшылыққа алу керек. Тапсырманың орындалу реті:

  • тапсырманы өзіндік жұмысты орындау кестесінен кеш мерзімнен бастамау;

  • егер тапсырманы орындау кезінде қиындық туындайтын болса, онда курстың осы тақырыбына қайтып келіп оның жұмысын аяқтап сонан соң барып тапсырманы қайта орындауға кірісу керек;

  • егер бұдан кейін қиындық туындап жатса, онда оқытушыға консультацияға келу;

  • қабылданған шешімді талдау;

  • тапсырманы қорғау барысында теорияның жағдайына сәйкес тексеру және кейбір мәліметтердің өзгеруіне байланысты шешім ойластыру;

  • тапсырманы орындау барысында пайдаланған әдісті түсінгендігіне көз жеткізу;

  • тапсырма көрсетілген кестеден кеш қорғалмауы керек, басқа жағдайда ол академиялық қарыз болып есептеледі.

Өзіндік жұмыстың уақыты шектеулі, сондықтан өзіндік жұмысты дұрыс жоспарлай білуді үйрену, өзіндік жұмыс дағдыларын игеруге ұмтылу, оң тәжірибені қабылдау, жұмыс қабілеттігін сақтау үшін дұрыс демалу және өнімді жұмыс жасай білуді үйрену қажет.

Ескерту: Ұсынылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер тізімі әрекет етуші заңдар есебінде өзгеруі мүмкін (силлабусты қараңыз).

«Кәсіпкерлік құқық» пәні бойынша студенттердің СӨЖ және СОӨЖ түрлерінің тізімі және мазмұны

  1. Жылдам оқып шығу (Skit) – «Оқу бағдарламасы (Syllabus)» сәйкес берілген материалды оқып шығу.

  2. Тақырып бойынша көрініс дайындау (Review) – Интернеттің ақпараттық ресурстарынан және басылымдағы қосымша материалдарды пайдалану арқылы ұсынылған тақырып бойынша 1-2 бетке жазбаша түрде қысқаша шығармашылық көрініс дайындау.

  3. Глоссарий жазу – терминдердің қысқаша түсініктемесі.

  4. Нақты оқу жағдайлары (ситуации) – студенттерге бірнеше жеңіл және күрделі жағдайлар ұсынылады, солар бойынша сұрақтарға жауап беру керек немесе мәселеге өзінің көз-қарасын жазу керек; бірқатар дайындығы жоғары студенттер өзінің кейсін жазуы мүмкін.

  5. Топтық жоба – топта 4-5 тен көп емес адам болуы керек, әр топ өзінің жобасын дайындауы тиіс; мысалы студенттік конференцияға баяндама.

  6. Жеке жоба - еркі бойынша дайындығы жоғары студенттер орындайды; жұмыс тақырыптың маңыздылығымен және зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі тиіс; жобаның нәтижесі студенттік конференцияға ұсынылуы мүмкін.