Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makro_ostalnoe.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

12. Қай кезде жиынтық сұраныстың артуында өндірістің тепе-теңдік көлемінің өсуі орындалады?

а) AS қисығының кейнсиандық кесіндісінде; ә) AS қисығының аралық кесіндісінде;

б) AS қисығының классикалық кесіндісінде; в) AS қисығының аралық және классикалық кесінділерінде.

13. As қисығының аралық кесіндісіне сәйкес ad-ң өсуі кезінде бағалар мен жіө көлемі қалай өзгереді?

а) бағалар тұрақты, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; ә) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады; б) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; в) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі төмендейді.

14. Жиынтық ұсыныс қисығының кейнсиандық кесіндісіне сәйкес жиынтық сұраныстың өсуі: а) бағаның өсуіне алып келеді, бірақ нақты көріністегі ЖҰӨ динамикасына әсер етпейді; ә) бағаның төмендеуі мен нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің өсуіне алып келеді; б) нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің ұлғаюына алып келеді, бірақ баға деңгейіне әсер етпейді; в) баға деңгейі мен нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің ұлғаюына алып келеді.

15. Қандай фактор AS қисығын солға қарай жылжытады?

а) еңбек өнімділігінің өсуі; ә) ресурстарға деген бағаның өсуі; б) ресурстарға деген бағаның төмендеуі; в) фирма пайдасына салынатын салық мөлшерлемелерінің төмендеуі.

16. Жиынтық сұраныс – бұл:

а) барлық үй шаруашылықтарының сұраныстары; ә) жоспарланған шығындар сомасы;

б) үй шаруашылықтарының және мемлекеттің жалпы сұраныстары; в) мемлекеттің жалпы сұраныстары.

17. Қысқа мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы:

а) оң көлбеулі сызық; ә) көлденең сызық; б) теріс көлбеулі сызық; в) тік сызық.

18. Салықтар өскен кезде:

а) жиынтық сұраныс қысқарады; ә) жиынтық ұсыныс төмендейді; б) жиынтық сұраныс та, жиынтық ұсыныс та төмендейді; в) жиынтық сұраныс та, жиынтық ұсыныс та артады.

19. Жиынтық ұсыныс – бұл:

а) сатуға арналған барлық соңғы тауарлар мен қызметтердің құны; ә) жиынтық қоғамдық өнімнің құны; б) жиынтық ішкі өнімнің құны; в) таза ұлттық ұлттық өнімнің құны.

20. Бағаның жалпы деңгейі мен жиынтық ұсыныстың көлемі арасында:

а) тікелей байланыс бар; ә) кері байланыс бар; б) ешқандай байланыс жоқ; в) «а» және «ә» жауаптары дұрыс.

21. «Храповик» әсері нені көрсетеді?

а) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің артуын; ә) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің тұрақтылығын; б) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің төмендеуін; в) жиынтық сұраныс артқан жағдайдағы бағалар деңгейінің төмендеуін.

22. Жиынтық ұсыныс қисығының аралық кесіндісінде:

а) баға өзгереді; ә) өндіріс көлемі өзгереді; б) баға мен өндіріс көлемі өзгереді; в) баға да, өндіріс көлемі де өзгермейді.

23. Жиынтық сұраныс қисығы қай уақытта оңға жылжиды:

а) инфляция деңгейі өскен кезде; ә) ақша ұсынысы артқанда; б) табыс салығы мөлшерлемесінің өсуі кезінде; в) ағымдағы инфляцияның өсуі кезінде.

24. Баға деңгейі мен табысқа қатаң бақылау жасау – бұл:

а) сұраныс инфляциясы; ә) ашық инфляция; б) жабық инфляция; в) шығындар инфляциясы.

25. Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық үлгісін құрудың алғышарттары:

а) өндіріс факторларының жетілген бәсекелі нарығы; ә) бағалардың икемділігі;

б) субъектілердің ұтымды тәртіптері; в) аталғандардың барлығы дұрыс.

26. Жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі, ал барлық тең жағдайларда ақша ұсынысының өсуі: а) баға деңгейінің сақталуына және нақты өндіріс көлемінің өсуіне алып келеді; ә) нақты өндіріс көлемін сақтауға және бағалардың өсуіне алып келеді; б) баға деңгейінің өсуіне және нақты өндіріс көлемінің өсуіне алып келеді; в) баға деңгейінің өсуіне және өндіріс көлемінің қысқаруына алып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]