Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткий конспект лекции.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
118.27 Кб
Скачать

15 Дәріс XX ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті

Қаралатын мәселе Жаңа заманғы үнді, түрік, араб, корей, қытай, жапон әдебиеттері

Қысқаша мазмұны

Қытайдың Батыс еңбектерімен таныс болуы XX ғасырда жүйесіздігімен ерекшеленді. Жалпы Қытайдағы постмодернизмнің алғаш көрініс беруі 1980 жылдан басталады. Дәл осы жылы Шанхайда «Вайго сяньдайпай цзопинь сюань» («Шетелдік модернизм туындыларының жинағы») атты аудармалар жинағы жарық көрді. Бұл жинақта постмодернизм үлгісімен жазылған еңбектерді кездестіруге болатын. Бұл құбылыс қытай тілінде «хоуци сяньдай чжуи» (кейінгі постмодернизм) деп аталды. Ал «постмодернизм» терминінің қытай тіліндегі баламасы «хоусян дай чжуи» алғаш рет 1980 жылы «Ду шу» жорналында Дун Диньшаньнның мақаласында қолданылды.

Модернизм - Батыста пайда болып, күйзеліс күйін суреттейтін XX ғасырдағы әдебиет пен өнерде дамыған философиялық-эстетикалық қозғалыс. Модернизмнің ықпалымен XX ғасырдың соңында араб әдебиетінде қиял-ғажайып пен шынайылық сияқты тұстары пайда болады. Мұнда субъективті және объективті рацоналдылықтың ара шегі ажыратылмаған. Сонымен қатар адамға билік жүргізетін трансценденттік күш ретінде табиғат емес, адамның өзі жасаған өркениеті көрсетілген, ал, құпияға толы ғұмыр әлеуметтік және тұрмыстық тәжірибесі мол күнделікті өмірмен алмасады. Жаңа миф кейіпкердің дараланып, барша жұрттан оқшауланып, өзінің жан дүниесімен жеке қалу жағдайында пайда болады, осыдан мифологизмнің психологизммен, ішкі монологпен, «ой-сана ағысы» әдебиетімен үйлесуі шығады. Қазіргі араб әдебиетінде көркем модернизмнің келесі түрлерін атап өтуге болады:

60-шы жылдары бұл әдеби қоғам ыдырап, ақындар жеке үйлерде кездесулер өткізе бастайды. Махмуд Фаррохтың ойынша, ХХ ғасырға дейін Мешхедте әдеби қоғам деген түсінік бомаған, дегенмен тарихи айғақтар мұны жоққа шығарады.

ХХ ғасырға дейін Ирандағы барлық әдеби кездесулерде тек поэзияға қатысты мәселелер талқыланып, өлеңдер оқылатын. Ол кездері поэзия маңыздылыққа ие болып, көркем проза назардан тыс қалған болатын. Әдеби үйірмелерді ғалымдар да ұйымдастырып, Саид Нафис пен Пуре Дауд сынды профессорлардың пәтерінде жас ақындар, әдеби сыншылар мен көркем өнер жанашырлары жиналып тұратын. Бірақ осы кезде құрылған «Раб'ә» атты Тегеран әдеби үйірмесінің мүшелері поэзияға емес, прозаға аса мән береді. Иранда проза жанрының түрлі формалары дами түсіп, оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болады. Осы кезде пайда болған әдеби қоғамдар туралы Ирадж Афшар былай дейді: 1907 жылы Иранның астанасында «Маджмаә әдбийате шарқийе» ( Шығыс әдебиетінің ассоциациясы) атты қоғам құрылады. Оның негізін атақты әдебиетші, ғалым Шейх әл-Мольк Кермани мен Адиб әл-Мольк қалаған болатын.

1990 жылдары Түркияда алғаш рет түрік постмодернизмі кәсіби тұрғыда қарала бастады. Түрік әдебиеттанушыларының құрметті майталмандарының бірі Мехмет Х. Доган өзінің «Варлык» атты журналына берген сұхбатында дәл осы уақытты атап өткен. Осыған қарамастан, 1980 жылдары кейіннен әдеби сында постмодернисттік атағын алған жаңа әдеби құбылыстар пайда бола бастайды. «Постмодернизм» терминінің өзі түрік өнері мен әдебиетінде 1992 жылдардан өзектілікке ие болады. Дәл осы кезеңде Батыс постмодернизм теоретиктерінің негізгі еңбектері түрік тіліне аударылып, басылымдарға шығып жатты. Түркияда постмодернизмді қабылдау қиын болғаны және әлі күнге дейін қиындық тудыратыны құпия емес. Себебі алғашқы жылдары Түркияда «постмодернизм – Батысқа ғана тән, әлемнің басқа аймақтарында таралмаған құбылыс» деген көзқарас пайда болады.