Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткий конспект лекции.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
118.27 Кб
Скачать

9 Дәріс Неміс, голланд, француз әдебиеті

Қаралатын мәселе Неміс гуманизмі мен оның басты сипаттары.

ХV ғасыр мен ХVІ ғасырдың басындағы гуманистер. Нидерландық әдебиеттің қалыпта­суы. Франсуа Вийон шығармашылығының бас­ты сипаттары. ХV ғ. екінші жартысындағы француз прозасы мен драматургиясы.

Қысқаша мазмұны

Бүкіл әлемдік әдебиет тарихындағы келесі кезең ХІІІ ғ. аяғы мен ХVІ ғ. дейінгі аралықты қамтиды. Осы кезеңде Еуропаның бір қатар елдерінде феодалдық құрылыс ыдырап, капиталистік қоғам­ның алғашқы белгілері пайда бола бастайды. Феодалдық қоғамның ыдырауы мен шіркеудің рухани диктатурасының құлдырауына қарамастан, әлі де буржуазиялық идеология қалыптаса қоймаған еді. Осындай қоғамдық төңкерістер жүріп жатқан кезде мәдениет пен әдебиеттің дамуына қолайлы жағдайлар туады. Мәдениет тарихындағы ең жемісті кезең Қайта өрлеу дәуірі деп аталады. Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы ортағасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі болған. Адамзат мәдениетінің тарихында ерекше орын алған бұл дәуірдегі түрлі географиялық ашылулар мен экономикалық өзгерістер Жаңа әлемге қадам басудың алғы шарты еді. Қайта өрлеу дәуірінде «адам мен әлем» төңірегінде көптеген жаңалықтар болады. Рухтың дүмпуі, мәдениеттің адамдық сипаты осы дәуірде айрықша гүлденіп, адамзат пісіп-жетілген мәдениет жемістерін өз игілігі үшін толық қолдана бастайды. Гегель Ренессанс идеясын бүкіл адамзаттың «алтын таңы», жер бетіндегі мәдениетінің жаңа дәуірі деп атаған.

Осы дәуірде шіркеу диктатурасы мен түрлі феодалдық идеоло­гия­лық жүйелердің құлдырауы мәдениеттің жаңа сатыға көтері­луіне жол ашады. Осындай төңкерістер адамдардың феодалдық қоғам мен түрлі діни идеология­лардан бас тартып, адам дамуының үйлесімділігі мен оның интеллектуалдық, рухани және материал­дық сұраныстарының негізінде туындайды. Бұл дәуір әлем мәде­ние­тінде ортағасырлық дәуірден жаңа заманға көшу кезеңі болады.

Еуропадағы Қайта өрлеу дәуірі өндіріс күшінің бұрын-соңды болмаған жетістікке жетуіне байланысты жүрген. Ол өз кезегінде жаратылыстану мен нақты ғылымдардың дамуына айтарлықтай әсер етіп, Батыстың көптеген елдерінде өндірістік күштер, ғылым мен техниканың осы күнге дейін байқалмаған жетістікке қол жеткі­зуіне негіз болады. Шіркеудің жазба тілін тарату монополиясы қирайды. Ақсүйектердің және ғылыми-техникалық әде­биетті шыға­ру мүмкіндігі ашылады. Мысалы, 1500 ж. Германия, Голлан­дия және Швейцарияның 26 қаласында барлығы 1100 баспахана болып, олар көбінесе гуманистік әдебиеттердің 10-12 млн. данасын шығарған.

10 Дәріс хvіі ғасырдағы Еуропа әдебиеті

Қаралатын мәселе ХVІІ ғасырдағы Батыс Еуропа елдерінде орын алған тарихи және мәдени дамулардың біркелкі болмауының басты себептері. Адам өмірінде кезде­сетін әлеуметтік мәселелер. Классицизм принцип­тері. Барокко әдебиетінің ерекше сипаттары. Қысқаша мазмұны

ХVІІ ғ. батыс еуропалық әдебиеттің даму тарихында 1600 жылдан 1700 жылға дейінгі күнтізбелік аралық қана емес, өзіндік ерекшеліктерге толы дәуір болған. Ағылшындық Мильтон, Драй­ден, Бетлер, Беньян және Германиядағы Опиц, Мошерош, Грифиус пен Гриммельсгаузен, Испаниядағы Гонгора, Кеведо, Гевара, Каль­де­рон мен Грасиан және Корнель мен Расин, Мольер мен Лафон­тен, Ларошфуко мен Лабюйер атты француз классиктері, Италия­дағы Марино, Кьябреро немесе Базиля, Голландиядағы Бредеро мен Вондел сияқты жазушылардың шығармашылықтары Қайта өрлеу әдебиетіне де, ағартушылық әдебиетке де жатпайды. Олар­дың шығармашылықтары батыс еуропалық әде­биет­тің дамуында ішкі қайшылықтардан тұратын өзіндік драмаға толы дәуірді бастан кешіреді.

ХVІІ ғ. Батыс Еуропада Ренессанс дәуіріндегі қоғамда пайда болған мәде­ниетті жаңа әрі күрделі әлеуметтік қатынастар негізін­де жандандыра түседі. Бұл ғасырда феодалдық қоғамның ыдырауы мен капиталистік қоғамның жаңа формалары пайда бола бастайды.

ХVІІ ғ. капиталистік қатынастың дамуы мен буржуазияның фео­далдық тап­тан жаңа тапқа ауысуы байқалады. Мануфактуралық өндіріс тәсілдерінің дамуына байланысты батыс еуропалық феодал­дық қоғамда капиталистік құры­лыс­тың белгілері айқын көріне бас­тайды. ХVІІ ғ. түрлі бағытта таралған отар­лау саясатының күшеюі мен үлкен капиталдың қалыптасуы қоғамда цехтік жүйенің ыды­рап, жалдамалы жұмысшылар санының өсуі және шаруалардың өз жерлерінен айырылуымен қатар жүреді.

ХVII ғ. капиталистік қатнастардың дамуы мен отарлау саяса­ты­ның күшеюі Батыстың қоғамдық құрылымына үлкен өзгерістер әкеледі. Отар елдерге қол жеткізген Батыстағы мемлекеттер ара­сын­да күш теңсіздігі пайда болады. Сонымен қоса, ХVII ғ. буржуа­зиялық қатынастарды қолдайтын Батыс Еуропа елдері (Англия, Голландия, Франция) мен феодалдық қатынастар сақталып қана қоймай, керісінше дами түскен Орталық Еуропадағы елдердің (неміс) арасын­дағы айырмашылықтар да айқындала түседі. Осыдан ХVII ғ. Еуропа елдерінің даму тарихы түрліше болғанын көре аламыз. Отаршыл елдер­дің арасында күштердің қайта топтастыры­луы жүріп жатады. Испания мен Португалияның күші әлсіреп, капиталистік қатынас жетістікке жеткен Англия мен Голландия сияқты елдердің арасында бақталастыққа шыдай алмайды. Порту­галия­ның Испаниядан бөлінуі және 1640 ж. Каталондық көтеріліс нәтиже­сінде «Испан­дық гегемония кезеңі» өз соңына жетеді. Швецияның Балтық теңізін қамтитын жаңа империя құруға талпы­ны­сы сәтсіз аяқталғанымен, ХVII ғ. өзінің халықа­ралық деңгейін көтеріп, ұлы державалар қатарына енеді.

Кейбір Батыс елдерінің ішкі құрлымындағы капиталисттік қатынастардың әрі қарай дамуына әсер еткен жағдайлардың да ма­ңыз­ды­лығы зор. Мысалы, Англияда 40 жылдардағы буржуазиялық төңкеріс сияқты жағдайлар жалпы ­еуропалық, тіпті бүкіл әлемдік тарихи көлемдегі катаклизмге әкеліп соқтырады. ХVI ғ. Франция­дағы діни соғыстардың аяқталуы да ХVII ғ. француз абсолю­тизмінің салтанат құруына әсер еткен қоғамдық күштердің қайта топтасты­ры­луына әкеледі. Бұл құбылыстың басты алғы шарттары­ның бірі буржуазия­ның көпшіліктен уақытша алыстауы­мен байла­нысты болған. Буржуазия патша билігінің қамқорлығына сүйене отырып, ХVII ғ. дворяндық ортамен бір келі­сімге келуге ұмтылады.