Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bestsennyy_trud.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
111.56 Кб
Скачать

21 Билет

1. Экология

«Табиғаттағының бәрі таза» деп, жаңбырдың суына бас жуатын жалаң аяқ, жалаң бас жүгіретін балалық дәурен секілді, енді оралмайтын заман болды. Сондықтан да жаңбыр суына бас жууға бола ма? – деп жауап беруге тура келеді.

Өйткені жаңбырдың суы дегеніміз - өзен-көлдердің бетінен ылғал топырақтан көтерілген бу ғой. Ал осы будан түзілген бұлтта тонналаған сумен бірге алуан-түрлі химиялық элементтер, олардың тұздары, шаң болады. Жаңбыр суының құрамы бұлттың қай жерде түзілгеніне, жауған жеріндегі ауаның қалай ластанғанына байланысты. Ауа мен жаңбыр суын ең алдымен сапырылысқан көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, аммиак, күкіртті көміртегі тарайды. Күкірт пен азоттың қосындылары сумен қосылғанда қышқыл түзіп, жерге «қышқыл аралас жаңбыр» болып жауады.

2. Арал теңізінің мәселесі

Арал теңізінің мәселесімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары Кеңесінің атқарушы ұйымы 1993 жылы 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Алғашқы кезек Өзбекстанға берілді. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арал қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.

3. Жай сөйлемнің түрлері

Жақты сөйлем – бастауышы бар сөйлем. (Мен ауылға бардым)

Жақсыз сөйлем – бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.

Жалаң сөйлем – тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.

Жайылма сөйлем – тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.

Атаулы сөйлем – іс–оқиғаның, құбылыстың атауын ғана корсететін сөйлем.

Толымды сөйлем – ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.

Толымсыз сөйлем – айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.

22 Билет

1.Театр өнері

Театр - өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің алдында актерлер күшімен бейнелейтін көркем өнердің бір түрі. Театрдың тарихи жағынан қалыптасу, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір, тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және орнықты мәдениетімен тығыз байланысты.

Театр – халықты саяси және эстетикалық жағынан тәрбие берудің, адамгершілік пен ізгілікке баулудың аса маңызды құралы.

1926 жылы Қазақ драма театрының ұйымдасып, ашылуы елдің мәдени өмірінде аса зор оқиға болды. Қазақ театр өнерінің алғашқы қалыптасып, даму кезеңінде қойылған М. Әуезовтің «Еңлік - Кебек», «Қаракөз», Б. Майлиннің «Неке қияр», спектакльдері ерекше орын алды.

2. Әуезов үйі

«Әуезов үйі» - ғылыми-мәдени орталық, яғни ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми-мәдени мекеме.

Орталық негізінен үш бағытта жұмыс жүргізеді.

Бірінші бағыт – жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасын жинақтау.

Екінші бағыт – мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды, кино, фотоларды ғылыми жүйеге түсіру, көрме ұйымдастыру.

Үшінші бағыты – М. Әуезавтің азаматтық, шығармашылық құқығын қорғау.

Орталықта орналасқан мұражай үйі екі қабаттан, сугіз бөлмеден тұрады.

Бұл мұражай үйінде жазушының өзінің даусы жазылған таспалар мен күйтабақтар бар.

Ғылыми жұмыспен айналысушыларға қызымет көрсететін компьютерлік бөлім жұмыс істейді.

3. Себеп, мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Себеп бағыныңқы бағыныңқысы басынқы сөйлемнің себебін білдіреді. Сұрағы: неліктен? не үшін? не себепті? не деп?

Мақсат бағыныңқы бағыныңқысы басынқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді. Сұрағы: не мақсатпен? не үшін? не етпек болып?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]