Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilet_kaz_202_2008-2009_a_n_a_-1_Semestr_2.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Факультет Қаржы-экономика

Кафедра Қазақ және орыс тілдері

Пән KAZ 202. Пән: “Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

1 емтихан билеті

1. Тест.

2. Жазба жұмыс. Жағдаят бойынша тиісті құжат үлгісін жазыңыз.

3. Айтылым. Құжаттардың қызметін, түрлерін, ерекшеліктерін айтыңыз.

Іс қағаздарының түрлері

1.Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары

Өмірбаян,түйіндеме,жеке іс парағы,визит карточкасы өтініш

2.Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін іс-қағаздары

Қолхат, сенімхат,кепілхат,өтінім,тапсырыс,келісімшарт,еңбек шарты шарт,еңбек келісімі

3.Басқару, өкім шығаруға қатысты іс-қағаздары

Заң, үкім,өкім, Жарғы, жарлық Ереже, хабарлама

Іс-қағаздарының қызметтері:

- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;

- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;

- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;

- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;

- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Оқытушы Н.Ә. Әміреев

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі к.С. Құрманбай

Кафедра мәжілісінің №4 хаттамасы

«04» қараша 2008 ж.

______________________________________________________________

Факультет Қаржы-экономика

Кафедра Қазақ және орыс тілдері

Пән KAZ 202. Пән: “Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

2 емтихан билеті

1. Тест.

2. Жазба жұмыс. Жағдаят бойынша тиісті құжат үлгісін жазыңыз.

3. Айтылым. Іс қағаздарына тән стильдік ерекшелікті дәйектеп айтыңыз.

Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады.

Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.

Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:

  • мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;

  • тұжырымдардың дәл, нақты болуы;

  • сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;

  • терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;

  • терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;

  • қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

Оқытушы Н.Ә. Әміреев

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]