Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика сурак ш.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
89.41 Кб
Скачать

1.Философия кәсіби этиканың әдістемелік негізі ретінде. Философия – адамзаттың дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол б.з.д. мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Содан бастап ол үнемі даму үстінде. Философия – бүкіл адамзаттың даналық ой-пікірі, толғамы, дүниетанымы, көзқарасы. Философия өз алдына ғылым. Ол ең алдымен дүниетанымдық, теориялық, методолгогиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындыұ жөніндегі белгілі қағыдалар қалыптастырады. Философия әр нәрсенәң түбіне үңіліп, сол туралы әрқилы пікір айтты. Философия тікелей айналысатын проблемаларына жататындар – логика, онтология, гносеология, аксиология еді. Кәсіби этика, өзге де ғылым салалары сияқты философиядан бастау алады. Философия кәсіби этиканың әдістемелік негізі б.т. жоғарыда айтып кеткендей, философия адам санасын, қоғамын, табиғатын жан-жақты зерттейді. Солардың белгілі бір қағидаларын белгілейді. Ал этика, оның ішінде кәсіби этика, адам санасының жетілген формасы. Яғни адам бұған сана арқылы ғана жете алады. Сана белгілі бір дәрежеге жеткен кезде ғана адам қоғаммен, табиғатпен дұрыс қатынаста бола алады, соған сәйкес қажетті қағидаларды ұстана алады.

2.Этика және мораль. “этика” және “мораль” сөздерінің бір бірін алмастырушы, бір бірін толықтырушы сөздер екендігі жақсы белгілі. Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дамуының белгілі бір кезеңінде, яғни, филогенезде және онтогенезде пайда болады. Мораль дегеніміз – адамның бір-біріне деген және қоғамға деген қатынасын, сондай-ақ таптық қоғамда өз тобымен партиясында және дұшпан топтар мен партияларға деген қатынастарын бейнелейтін қоғамдық сананың формасы. Басқаша айтқанда мораль дегеніміз – адамның қоғамдағы мінез-құлқына қойылатын талаптар мен ережелер, нормалардың жиынтығы. Мораль арқылы адамның қоғамға деген, адамның адамға деген қатынасы және қоғамның адамға қойған талаптары көрініс табады. Моральдық сана адам қызметінің барлық саласын қамтиды. Мысалы отбасылық моральды, кәсіби моральды, тұрмыстық моральды бөліп көрсетуге болады. Мораль – қоғамдық сананың ең көне түрі. Құқық мемлекет бекітетін жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы.Моральдық норманың құқықтық нормадан айырмашылығы олар құқықтық нормалар сияқты қағазға жазылмайды және мемлекет тарапынан күштеуге негізделген емес. Қоғамдық пікірге адамның ішкі сезіміне әдетке негізделген. Өмiрлiк тәжiрибеден қалыптасқан норманы моральдық норма дейдi. Бұл нормалар жалпы қоғам көлемiнде тексерiлiп, қабылданбайды. Мыс, не жақсы, не жаман, не дұрыс, не бұрыс деген ұғымды қоғам бередi; өмiр, тәжiрибе қалыптастырады. Этика (грек сөзінен алынған – дәстүр, әдет дегенді білдіреді) – бұл моральдың теориясы, мораль туралы ғылым. Онда адамдардың қарым-қатынсы, өмірдің мәні, бақыттың, қайырымдылық пен зұлымдықтың түсінігі, дәстүрлі құндылықтар, моральдың пайда болу себебі зерттеледі. Этика адамның нақыты бір жағдайда не істеу керектігіне жауап табуға тырысатын прктикалық философия. “Этика” термині Аристотельмен енгізілген.

3.Моральдың мәні мен құрылысы. Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дамуының белгілі бір кезеңінде, яғни, филогенезде және онтогенезде пайда болады. Мораль дегеніміз – адамның бір-біріне деген және қоғамға деген қатынасын, сондай-ақ таптық қоғамда өз тобымен партиясында және дұшпан топтар мен партияларға деген қатынастарын бейнелейтін қоғамдық сананың формасы. Басқаша айтқанда мораль дегеніміз – адамның қоғамдағы мінез-құлқына қойылатын талаптар мен ережелер, нормалардың жиынтығы. Мораль арқылы адамның қоғамға деген, адамның адамға деген қатынасы және қоғамның адамға қойған талаптары көрініс табады. Моральдық сана адам қызметінің барлық саласын қамтиды. Мысалы отбасылық моральды, кәсіби моральды, тұрмыстық моральды бөліп көрсетуге болады. Дегенімен олар өзара адамның өзінің міндеттерін түсінуімен байлансыады. Моральдың нормалары мен принциптері өзгермейтін мәңгі емес. Керісінше әрбір

4.Моральдың негізгі қызметі, құндылығы, қағидалары және нормалары. Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дамуының белгілі бір кезеңінде, яғни, филогенезде және онтогенезде пайда болады. Мораль дегеніміз – адамның бір-біріне деген және қоғамға деген қатынасын, сондай-ақ таптық қоғамда өз тобымен партиясында және дұшпан топтар мен партияларға деген қатынастарын бейнелейтін қоғамдық сананың формасы. Моральдық сана адам қызметінің барлық саласын қамтиды. Мысалы отбасылық моральды, кәсіби моральды, тұрмыстық моральды бөліп көрсетуге болады. Дегенімен олар өзара адамның өзінің міндеттерін түсінуімен байлансыады. Моральдың нормалары мен принциптері өзгермейтін мәңгі емес. Керісінше әрбір қоғамдық формацияның экономикалық негізіне сәйкес пайда болған моральдық нормалар пен принциптер қоғамдағы экономикалық және саяси өзгерістерге байланысты өзгеріп отырады, бір қоғамда әділетсіз болып саналуы мүмкін Мораль – қоғамдық сананың ең көне түрі. Құқық мемлекет бекітетін жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы. Моральдық норманың құқықтық нормадан айырмашылығы олар құқықтық нормалар сияқты қағазға жазылмайды және мемлекет тарапынан күштеуге негізделген емес. Қоғамдық пікірге адамның ішкі сезіміне әдетке негізделген. Өмiрлiк тәжiрибеден қалыптасқан норманы моральдық норма дейдi. Бұл нормалар жалпы қоғам көлемiнде тексерiлiп, қабылданбайды.

5.Қазақстан Республикасы қоғамының құқықтық және демократиялық қалыптасуы мен дамуындағы моральдың алатын орны мен маңызы.

6.Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби этикасындағы ерекшеліктері. Кәсіби этика деп белгілі бір кәсіби қауымдастықтың арасында қалыптасқан қызмет функцияларын жүзеге асыру барысында моральдық ізгілік талаптарынан туындайтын ұстануға міндетті мінез құлық үлгілерін айтуға болады. оның маңызы мен қажеттілігі мына мәселелермен түсіндіріледі:белгілі бір кәсіби функциялармен жүтелген міндеттерді іске асыру барысында қызметшілер нақты қоғамдық,сондай-ақ қызметтік қатынастармен байланысты болады; осы қоғамдық қатынастарға әдетте белсенді қатысу арқылы олар жариялы жамағатты тұлғаға айналады;осындай қатынастарға түсуші ретінде өзінің ерекше қызметтік функцияларына лайық, әсіресе билікті иеленуші , оны іске асырушы ретінде өзінің мінез құлқын өнегелік тұрғыдан моральдық этикалық нормаларға негіздеуі тиіс.осы талаптардың орындалуының мынадай пайдалы әсерлері бар: қоғамның құқықтық санасын көтеруге,оны жақсартуға ықпал етеді;билікке, әсіресе оның абыр-ой беделіне деген оң көзқарасты қалыптастырады; жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге оңтайлы жағдайлар жаратады.

7.Этикалық дәреженің әлеуметтік функциялары, түсінігі және ерекшеліктері. Барлық ғылым түрлеріндегі сияқты этикада да бірқатар категориялар бар. Категориялар заңдармен, қағидалармен, әдістермен біріге отырып, кез-келген ғылымның мазмұнының негізін құрайды. «Категория» сөзінің өзі грек тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды жақтарын көрсететін мейлінше жалпы түсініктер сипатталады. Ол – адам танымының өзекті пунктері. Этика категориялары – моральдың ең мәнді жақтары мен тұстарын көрсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер. Этика категориялары адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өмір сүреді. Олар – рухани, идеалды тәртіптің құрылымдары, болмастың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген, теориялық білімдер жиынтығы. Этикалық категориялар туралы сөз қозғай отырып, олардың ғылымның кейбір «қызметтік» функцияларын атқаратынын да атап өткен жөн. Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың саласы ретіндегі моральды танудың таусылмас баспалдақтары. Екіншіден, олар танымның дербес құралы болып табылады. Үшіншіден, этика категориялары – моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәннен екінші тәртіптегі мәнге және т.б. дамуының, қозғаласының нысаны. Басқа ғылымдардың категорияларына тән белгілерді, қасиеттерді иеленгенімен, этикалық категориялардың өзіне ғана тән бірқатар ерекшеліктері де бар. Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс-тұрысымен, олардың жақсылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді. Алайда, мұндай жағдайларда олар әрқашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, себебі, кейбір кездерде олар басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып көрсетеді.      Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін: адал, тәртіпті, әділ, жауапкершілі мол адам және т.б.

8.Кәсіби міндет, намыс және ұят құқық қорғау қызметінде ізгілік қатынастың негізі ретінде. Борыш - әрдайым міндет, міндеттілік, жауапкершілік негіздерімен ұштасады.Құқық қорғау органдары қызметкерінің борышы-тұлғаны, қоғамды және мемлекетті қорғаудың объективтік қажеттіктерінен туындайтын, мемлекеттік-құқықтық талаптармен және адамгершілік ішкі сезімдермен толықтылыратын ерекше міндет.ҚҚО қызметкерлерінің адамгершілік қатынасының мәні үш маңызды факторға негізделеді: қызметкердің ұжымнан, мемлекеттен және қоғамнан тәуелсіздігі, абырой сезімінен көрініс табатын оның қоғамдық қолдау/ға мүдделілігі; объективтік анықталған мүмкіндіктер шегінде қызметкердің белгілі бір жүріс-тұрыс түрін таңдау мүмкіндігінен көрініс табатын тәуелсіздігі мен бостандығы; өз әрекеттерінің еркіндігінің нәтижелерімен салдары үшін қызметкерлердің жауапкершілігі, яғни ұжым мен қоғам қалыптастырған адамгершілік нормалар негізінде өзінің моральдық таңдауына жауап беру міндеті.

Өз этикалық қасиеттерімізге орай біздің қылықтарымызды сынайтын немесе қорғайтын ішкі дауыс ұятты білдіреді. Ұят адамның ішк дауысы, қайырымдылықты іштей анықтау үрдісі. Сонымен, ұят — бұл біздің өзімізге өзіміз беретін жауабымыз. Бұл бізден жемісті өмір сүруді, толық және үйлесімді дамуды талап ететін біздің нағыз « Меніміздің » дауысы.Бұл біздің адалдығымыздың қорғаны, өзімізге тұра алу қабілеті.

9.Мораль және құқық. Мораль- қоғамдық сананың ең көне түрі, адамның қоғамдағы мінез-құлқына қойылатын талаптар мен ережелер, нормалардың жиынтығы. Қ ұқық-жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма ережелердің жиынтығы. Құқық пен моральдың ара қатынасы өте күрделі процесс, ол 4 компоненттен тұрады:

1) Олардың бірлігі:

- Екеуіде әлеуметтік нормаларға жатады.

- Екеуіде бір саясатқа бағынады және оны орындауға үлес қосады.

- Екеуіде мүдде мақсатты орындауға қатысады.

- Екеуі де адамгершілікті, әділеттілікті, теңдікті, бостандықты жақтайды.

2) Айырмашылықтары:

- Құқықтық нормаларды мемлекеттік орг-р қабылдайды, ал мораль қоғамның құндылығы.

- Құқықтық норма еріксіз түрде де орындатылады, ал моральдық нормалардың атқарылуы

тек ерік-ықтиарға байланысты.

- Құқықтық нормалар заңда немесе заңға тәуелді нормативтік актілерде көрініс табады, ал

моральдық нормалар жазылмаған.

- Құқықта заңды жауапкершілік болады, ал моральда жоқ.

3) Өзара бірлестігі:

- Олар бірлесіп заңдылықты, тәртіпті қорғайды.

- Бірлесіп тәрбие жұмысын жүргізеді.

- Бірлесіп инабаттылықты, парасаттылықты дамытады.

4) Олардың дербестігі:

- Құқықтық заңдылықты жақтаса, мораль этиканы, эстетиканы қорғайды.

- Құқықта тыйым салу болса, моральда болмауы мүмкін (моральда сынға алу, сынау көп орын алады)

- Құқық құпия жұмыс жүргізсе, яғни осындай іс-әрекет жасауға рұқсат берсе, мораль бұны

жағымсыз көреді, яғни қарсы.

Мораль- адамдар арасындағы қарым-қатынастардың, ізгілік жолындағы ізденістері мен оны мүлтіксіз орындайтын ережелер жиынтығы десек аса қателеспейміз. Құқық пен мораль көпшілік жағдайда ерікті түрде жүзеге асырылады, оның жүзеге асырылуының ішкі кепілі- адамның ар-ұяты мен намысы, адал пиғылы.

10.Мораль және саясат. Мораль дегеніміз- адамның бір-біріне және қоғамға деген қатынасын, сондай-ақ топтық қоғамдарда өз тобымен партиясында және дұшпан топтармен партияларға деген қатынастарын бейнелейтін қоғамдық сананың формасы. Саясат дегеніміз- қазіргі адамның қажеттілігі және сонымен бірге талап-тілегі, өйткені саясат қоғам өмірінің барлық салаларындағы оның алуан түрлі іс-қимылдарының көрсеткіші және сонымен бірге шектеушісі болып табылады. Саясат әлеуметтік құбылыс. Мораль және саясат-бұл тұлғалардың өмір сүруіндегі нормативтік реттеушілік. Мораль және саясат ежелгі әлеуметтік қоғамды реттеуге бағытталған, екеуін біріктіретін әлеуметтік таңдау. Адамдардың жалпы ортақ жүріс-тұрыс ережелері саяси құқықтық нормалар негізінде жүзеге асырылады. Саясат әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын емес, нақты топтың қызығушылығында көрініс табады. Ал мораль, қоғамның рухани және жеке қажеттілігінде көрініс табады. Моральдық нормалар өзіне адамның жақсылығы мен жамандығын, ар-ұятын, әділдігін біріктіреді. Ең алдымен саяси және құқықтық нормаларды мемлекет қабылдайды және заңмен бекітіледі, сосын ол жарияланып шықаннан кейін оған бәрі бағынуы тиіс.

11.Мораль және өнер. Мораль дегеніміз- бұл адамдар іс-қимылымен, амалдарымен байланысқа түсетін моральдық немесе моральдық емес қатынастар. Басқаша айтсақ, мораль дегеніміз- адамның қоғамдағы мінез құлқына қойылатын талаптар мен ережелер, нормалар жиынтығы. Ал өнер, адамның бойында ой-өрісін дамытатын, білімін нығайтатын, қоғамды алға тартатын құрал болып табылады. Жалпы өнер туралы қазақтың біраз ғұламалары көптеген пікірлер, нұсқаулар айтқан. Олар сол кездегі қазақ халқының өнерін, білімін басты назарға ұстаған. «Қазақтың» басты бағыты ағартушылық мәселесін қамтыды. Өнер, білім жағынан қалың қазаққа бас көз болды. Мысалы: «оқу жайы», «Қазақша оқу жайы» атты мақалалар оқудың мән жайын, маңызын, әсіресе, «Қазақтың шаруасына, бір жақтан надандықтан кемшілік келген де, екінші жақтан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдігнен , теңдігіне қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат істеп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Бұл заманда қол жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер –білімге мезгіл өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында шаншылмас едік.

12.Құқық қорғау қызметінің ізгілік құрамы. Құқық қорғау органдарының қызметі туралы нақты білмейтін тұлғалар бұл жұмыстың адамгершілік мазмұны туралы ойланбайды да. Қарапайым, бұл қызметке қатысы жоқ адамның көзқарасы бойынша бұл құрылымдар тек қорқыту және зорлау құралдарын ғана қолданады деп ойлайды. Олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысында төмендегідей адамгершілік қасиеттердің ерекше роль атқаратынын білмейді де: адалдық, адамдарға деген махаббат, әділеттілік, батылдық, қоғам алдындағы өз әрекеттері үшін жоғары жауаптылықжәне т.б. Қызметкерде аталған қасиеттердің болуы оның кәсібилігінің міндетті өлшемі болып табылады. Сол себепті де, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өз әрекеттерінің қаншалықты әділ екендігі жөнінде тұрақты түрде ойлануы заңды да. Мұндай жағдайда өз әрекеттеріне заң тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, адамгершілік, ар-ұят тұрғысынан да баға бере алған қызметкерді ғана жоғары кәсібилік ерекшелендіреді

13.Мемлекет пен қоғамға қызмет етудің ізгілік мазмұны. Мемлекет-белгілі бір анықталған территорияда,қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті нормаларды шығаратын саяси биліктің ұйымы. Қоғам-(кең мағынада)- тари тұрғыда қалыптасқан адмдардың қызметі барысында біріккен ұйымы. Қоғам(тар мағынада)-белгілі бір қоғамдық қатынастар нысанына негізделген тарихи анықталған әлеуметтік жүйе. Ізгілік-қоғамда адамдардың бір-біріне деген ізгілік ,адамгершілік сый-құрметі. Мемлекет пен қоғамға қызмет етудің ізгілік мазмұнында, қызметкерлердің,әсіресе заң саласындағы қызметкерлердің бір-біріне және қоғамның өзге де мүшелеріне деген адамгершілік,ізгілік қатынастары болып табылады. Бұған мысал,судья лауазымына үміткер азамат судья болуының бір шарты оның адамгершілік қасиеттерінің болуы.Процеске қатысушылар мен өзге де адамдарға қатыгездік көрсету судья бола алмайды.Заң саласындағы қызметерлер(судья, прокурор,адвокат,тергеуші т.б) өзінің алдына келген кез келген азаматтқа жынысына, ұлтына,дініне, тіліне,жасына,көзқарасына байланысты бөліп жармай , теңдей қарауы тиіс. Сондай-ақ заңгер этикасы қызметінің басты қағидаттарының бірі бұл-адамгершілік болып табылады.

14.Заңды құрметтеу құқық қорғау органы қызметінің ізгілік қағидасы ретінде. Құқық қорғау органдары-негізгі міндеттері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ,заңдылық пен құқық тәртібін қорғау және қылмыстылықпен күресу болып табылатын мемлекетттік органдар.Құқық қорғау органдарына: соттар прокуратура ,ішкі істер органдары,қаржы полициясы, кеден органдары, ұлттық қауіпсіздік комитеті және т.б. жатады.Бұған орай, жоғарыда аталып өткен адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстылықпен күресу және қоғамда тәртіптікті қамтамасыз ету құқық қорғау органдары заңды құрметтеп және заңдылықты сақтай отырып бұлжытпай орындағанда ғана қамтамасыз ету.Заңды құрметтеу бұл ҚР Конституциясын,Президент жарлықтарын,мемлекеттегі өзге де нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген нормаларды дәл әрі бұлжытпай орындауы болып табылады.

15.Құқық қорғау қызметінде этиканың пайда болу тарихы. Құқық қоғау органдарының қызметі әр кезде қоғамның ерекше назарында болады, ол қандай жағдайда болса да бәрінің қызуғышылығын тудырады, себебі оның нәтижесі азаматтар, қоғам мен мемлекеттің өауіпсізідігін қамтамасыз етуіне әсерін тигізеді. Құқық қорғау органдарының қызметі ерекше мақсаттармен туындаған көптеген ізгілік мәселелерімен қатар журеді осында құқық қорғау органдарының алдына қойған мақсаты құқықбұзушылықпен күрес жүргізу амалдары ерекше орын алады. Бір жағынан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілген құзырет азаматтардың құқықтарын құқықтық қорғаумен қатар, адамгершілік тұрғысынан қарауды міндеттесе, екінші жағынан қызметтік міндетті жүзеге асыруды негіздейді. Қай тұрғыдан қарасақ та, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен ізгілікті, яғни кәсіби этиканы талап етеді.

Құқық қорғау органдарында этиканың пайда болуы адамзат тарихымен тікелей байланысты. Құқық қорғау органдары мемлекетте әлеуметтің нормалардың орындалуының бір кепілі болып табылады Этиканың негізін қалаушы ежелгі грецияның ұлы философы Сократ болып табылады. Құқық қорғау органдарының міндеттеу қызметінде заңдылықты анықтау мақсатында 20 ғасырда Макс Вебер былай деген:моралдық тұрғыда міндеттеу теріс бағаланады,саясаттың жалғыз құралы болса да.